Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Айша бибі кесенесі Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

беттерінде сүйірлеу аркалы қуыстары бар. Орта ғасырдың дамыған кезінде құрылыстық сәнділігі ерекше көзге түсетіні монша құрылысы болып табылады. Археологиялық қазба жұмыстары барысында көптеген қалалардан шығыс моншаларының орындары белгілі болды. Ғылыми пікірлерге қарағанда, кейбір үлкен қалаларда бірнеше монша салынған. Тараз қаласынан да екі монша

аршылған. Көлемі 13,4*12,4 м болатын бірнеше моншаның әр түрлі мақсаттарға пайдалануға арналған жеті бөлмесі болған. Табылған қалдықтар: сәкілер,су құятын астаулар, науалар, кертпелер, полихромдық әшекейлер Тараз моншасының іші бай безендірілгенін дәлелдейді.

Осы іспеттес шығыс моншасы қазіргі Түркістан қаласында ХХ ғасырдың 60- жылдарына дейін жұмыс істеген. Монша Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің жанында. Ол қазір мұражайға айналдырылды. Алматы қаласында шығыс моншасының жобасымен салынған «Арасан» моншасы қазіргі кезде қала тұрғындарының демалып- сауығатын орындарының біріне айналған.

Сөздік

өнерискусство бейне – образ

дамыған – развивающий мұнара – башня

жоба – проект жүйе – система

шебер – мастер тұсқағаз – обой

ою-өрнек – орнамент безендіру - оформление

қолданбалы өнер – прикладное искусство

құрылыс материалдары – строительные материалы

400-тапсырма. «Сәулеттік құрылыс жүйелері» мәтіні бойынша төмендегі берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Сәндік қолданбалы өнер деп нені айтамыз? 2. Қазақстанда іргелі

ғимараттық құрылыстар қай кезде бой көтере бастады? 3. Оған қандай жағдай ықпал етті? 4. Қандай қалаларда мешіт құрылыстарының орны ашылған? 5. Қандай кесенелерді білесіздер? 6. Қай қалалардан моншалардың орны аршылған? 7. Х-ХІІ ғасырларда қандай сәулеттік құрылыстар салу ісі ерекше дамыды? 8. Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады?

401-тапсырма. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыздар.

1. Тараз ........ да екі ........... аршылған. 2. Археологиялық қазба жұмыстарының ............... қалалардан ............ орындары белгілі болды. 3. Монша ......... кесенесінің жанынды. 4. Өзінің алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ............. кесенелері. 5. Төрт жағында ............ ішкі және ................. беттерінде сүйірлеу арқалы қуыстары бар. 6. Керамикаға ........... жануарлардың ............ . бейнелерін салу да орын ала бастаған. 7. Діни ............. салу ісі де ................ ерекше дамыды. 8. Бір кезде ............ мешіт болған............ мұнарасы осының айғағы. 9. Өзінің алғашқы құрылыс ............. сақтаған ..............- Бабаджа – қатын мен ............ кесенелері. 10. Сәндік қолданбалы ... кейінгі орта ... қазақ халқының құрылыс, сәулет............ айқын орын алған.

402-тапсырма. Берілген даналық сөздерді жаттап, мағынасын

түсіндіріңіздер.

1. Нағыз адамның белгісі – кісілік. 4. Ақыл, қайрат, білімді

Әділ сөз ащы болады. Тең ұстаған зор болар.

Көңіл аудар даналардың сөзіне, Ойсыз, жігерсіз, білімсіз

Адал жанды өнеге тұт өзіңе. Өмір кешкен қор болар.

2. Адамның сұлулығы – шыншылдығында.

3. Адал еңбектің абыройы жоғары.

4. Аталы сөз – ақылға көз.

403-тапсырма. Сұхбатта келтірілетін төмендегі тұжырымдарды

кеңейтіп айтыңыздар.

  1. Бүгінгі сәулеттік құрылыстың даму қарқыны.

  2. Менің өскен жерімдегі мұражай, кесене, мешіттер және қолданбалы өнер туындылары.

  3. Қазақстан мұражайлары.

  4. Мен және қазіргі заманғы Қазақстан.

  5. Менің арманымдағы Қазақстан.

404-тапсырма. Мәтінге тақырып қойып, орыс тіліне аударыңыздар.

1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді. Алматы – мәдениет пен өнер, білімнің орталығы. Қалада сәулет өнерінің тамаша ескеріткіштері болып саналатын опера және балет театрының үйі, Республика сарайы, Әуезов атындағы театр, Орталық мұражай, Ғылым академиясының бас ғимараты сияқты т.б. ғимараттар бар. Медеу спорт кешені- бүкіл республика мақтанышы. Қалада 100- ге жуық жоғары оқу орындары, ондаған театр, концерт, кинозалдар бар. Республика тәуелсіздігінің бесігі- алтын адамның мүсіні алыстан көз тартады.

12-апта. 34-тәжірибелік сабақ

405-тапсырма. Мәтінді екі мағыналық бөліктерге бөліп, олардың әрқайсысына тақырып қойыңыздар.

406-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігінен мамандыққа қатысты терминдерді теріп жазып, оларға түсіндірме сөздің негізінде түсініктеме беріңіздер.

407-тапсырма. Мәтіннің соңғы абзацын орыс тіліне аударыңыздар.

408-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.