Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

3 Апта. 9-тәжірибелік сабақ

134-тапсырма. Мәтінді екі мағыналық бөліктерге бөліп, олардың әрқайсысына тақырып қойыңыздар.

135-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

136-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен термин сөздерді теріп жазып, оларға түсініктеме беріңіздер.

137-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, түсініп, Қазақстандағы металлургияның даму тарихынан мәлімет алып, есте сақтаңыздар.

Қазақстандағы металлургияның дамуы

Орта Азия мен Қазақстан шекарасындағы сақ дәуірі (б.э.д. VIII-IV ғ.ғ.).

Қазақстан жерінде адамның миллиондаған жылдар бұрын пайда болғанына Қаратаудың Кіші және Үлкен жоталарының солтүстігі мен оңтүстігі баурайларында табылған көптеген палеолиттік құралдар дәлел бола алады. Мекендер, молалар, кен орындары, қола дәуірінің тасқа салынған суреттері Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі.

Семиречье (Жетісуда) 50-ге жуық сурет салынған құлпы тастардың ескерткіштері бар. 50-ші жылдардың аяғында Тамғалы жерінен (Аңырқай таулары, Алматының солтүстік батысынан 170 км жерде) қабырғаларында суреті бар керемет орда табылған.

Қабырғадағы суреттердің мұражайында бірнеше тарихи кезең - 20 ғасырдан асатын уақыт бейнеленген. Ертедегі номадтар (көшпенділер) мен түрік дәуіріне және қола ғасырға жататын 4000-ға жуық суреттер табылған, мысалы: күнбасты құдайлар бейнесі, аңшылықтың көріністері, діни құрбандыққа шалу көріністері, құс аңшылығы мен адам және жануарлар салынған композициялар. «Тамғалы ландшафындағы археологиялық петроглифтері» ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралары тізіміне кірген. Орталық Қазақстандағы Атасу мен Мыржық мекендері, Ақсу-Аюлы, Беғазы, Дандыбай молалары басқа ескерткіштерге қарағанда жақсы зерттелген. Семиречьедегі, Орталық және Шығыс Қазақстандағы тастағы суреттерге деген қызығушылық жоғары. Б.э.д. V ғасырға жататын Семиречьедегі Есік қорғаны мен бесшатыр молалары кеңінен танымал.

Мыс пен қоланың бай кен орындары бар жерлерде темірдің алғашқы кездерде жолы болмады. Мұндай аудандарға Қазақстан мен Оңтүстік Сібірді жатқызуға болады. Мұнда темірге дейін металлургия жоғары деңгейде дамып, одан темірге дейін бұйымдар жасаған.

Қазақстан жеріндегі тайпалар үшін б.э.д. VIII-VII ғ. темірдің ашылып, кеңінен пайдаланып жүрген кезеңі болған. Бұл дәуірде даму әртүрлі аймақта бірдей уақытта келген жоқ.

Сөздік:

қола – бронза, бронзовый

жоба – гребень; кряж; хребет

баурай – подножье (горы)

қола дәуірі – бронзовый век

құлпы тас – надгробный памятник

орда – ханская ставка; богатая юрта

құрбандыққ шалу – зарезать в качестве жертвы

аңшылық – занятие охотой; звероловство; охотничий промысел

қорған – курган; укрепление; опора; оплот

темір – железо; железный

138-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша құрастырылған сұхбатты рөлге бөліп оқып, мағынасын есте сақтаңыздар.

С ұ р а қ - ж а у а п

  • Қазақстанның жерінде адамның миллиондаған жылдар бұрын пайда болғанына қандай дәлелдер бар?

  • Қазақстанда адамның миллиондаған жылдар бұрын пайда болғанына Қаратаудың Кіші және Үлкен жоталарының солтүстігі мен оңтүстігі баурайларында табылған көптеген палеолиттік құралдар дәлел бола алады.

  • Оған дәлел ретінде Қазақстанның жерлерінде тағы да нелер кездеседі?

  • Қазақстанның барлық жерлерінде мекендер, молалар, кен орындары, қола дәуірінің тасқа салынған суреттері, т.б. кездеседі.

  • Тағы нелер табылған?

  • Семиречьеде (Жетісуда) 50-ге жуық сурет салынған құлпы тастардың ескерткіштері, 50-ші жылдардың аяғында Тамғалы жерінен (Аңырқай таулары, Алматының солтүстік батысынан 170 км жерде) қабырғаларында суреті бар керемет орда табылған.

  • Қабырғадағы суреттердің мұражайларында нелер бейнеленген?

  • Қабырғадағы суреттердің мұражайларында бірнеше тарихи кезең, яғни жиырма ғасырдан асатын уақыт бейнеленген.

  • Ертедегі көшпенділер және түрік дәуірі мен қола ғасырға жататын қанша суреттер табылған?

  • Ертедегі номадтар (көшпенділер) мен түрік дәуіріне және қола ғасырға жататын 4000-ға жуық суреттер табылған.

139-тапсырма. Мәтіннен бес хабарлы сөйлемдерден сұраулы

сөйлемдер (2 жасалу жолын пайдаланып) жасаңыздар.

140-тапсырма. Әдебиеттердің негізінде мәтіннің мазмұнын жалғастырып, сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

141-тапсырма. Берілген сұхбаттан сұрау есімдіктерін тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

142-тапсырма. Төмендегі хабарлы сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер (2 жасалу жолын пайдаланып) жасаңыздар.

Әйтеке би үш жүздің ішінде озық, алғыр және терең ақылымен, тапқыр шешендігімен, әділ билігімен белгілі болған қоғам қайраткері. Қазақ халқының қайғысына қайғырған, қуанышына қуанған, соғыста қолына қару алып, алғы шепте жүрген жауынгер ұйымдастырушы. Әйтеке Күлтөбедегі үш жүздің құрылтайына қатысқанда 25 жас шамасында екен дейді шежіреші қарттар. Шынында да үш бидің кішісі Әйтеке болған. Билер тарихында қазақтың Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би және Әйтеке билердің орны ерекше.

Сөздік:

озық – опережающий; передовой; прогрессивный; авангардный

алғыр – восприимчивый; предприимчивый; смелый; способный; хваткий

тапқыр – предприимчивый; догадливый

шежіреші – летописец шешен – красноречивый; оратор

143-тапсырма. Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Әйтекеге шешендік, тапқырлық өнер қашан дарыған? Төле би Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып қойған ба? Қай би бүкіл қазақ елінің саяси, мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген? Аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздерде Төле бидің бейнесі қалай суреттелген? Әйтеке би нешінші ғасырда өмір сүрген? Қозы бағып жүрген Әйтеке жас кезінде кімдерге жолығады? Жеті атасын жетелеп жүргенді кім көріпті?

144-тапсырма. Сөйлемдерді мұқият оқып, олардың түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты) ажыратыңыздар?

Қазақ халқының бұл үш биі ел басына күн туған қиыншылық кезде де, билер кеңесі кезінде де, ел жиналған айт, ас, той тұсында да, жер дауы, жесір дауы көтерілген жерде де бірге бас қосып ел тағдырын бірге шешіп келген.

Алға, достар! Еңбекте де, оқуда да табыс тілеймін! Оқуға түсуіңізбен! Ол қандай кемеңгер адам! Әр халықтың өз ана тілі болады. Алматыға келген қонақтар қайда орналасады? Не деген байлық! Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романын оқыдың ба? Қ. И. Сәтбаев – металлогенияның атасы.

145-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, қазақ тілінде сұраңыздар.

Что делается в ведущем техническом вузе страны в этом плане? Будущее нации связано с развитием университетского образования и науки? В каком году исполнился 70 лет Казахскому национально-техническому университету имени К. И. Сатпаева? Для качественной организации научно-образовательного процесса что необходимо? Как выпускники университета устраиваются на работу?

146-тапсырма. Мамандыққа қатысты берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.

Металлургия цветных металлов, металлургических процессов, полезных ископаемых, радиоактивные металлы, химический состав, железный сплав, благородных металлов, литейный сплав.

147-тапсырма. Сөйлемдерден кейін тиісті тыныс белгілерін қойып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Бұл үшеуі де елін, жерін шапқыншы жаудан қорғап қалуда елдің, халықтың бірлігін, ынтымағын сақтауда, адамгершілік, салт-дәстүрді сақтауда зор еңбек сіңірген билер.

Ойпырмай, мынау бір керемет қой Сен кеткелі жатырсың ба Сабаққа қашан барасың Бізді тәрбиелеп өсірген халқымызға көп алғыс айтамыз Бұлбұлсыз бау-бақша мен саяжайлардың сәні бола ма Қазақ тау-кен металлургия институтының тұңғыш директоры кім болды Жетеді, доғар Тезірек кет Халықтар достығы жасасын Мен өмірімде Д. Қонаевты екі рет көрдім Қап, кешігіп қалғаным-ай Тапсырманы міндетті түрде орында Бөлмені сыпыр Тез жинал Мерекеңмен ҚазҰТУ-дың кітапханасы 1990 жылы бірінші категориялы кітапхана қатарына қосылды Оқырмандар интернеттің әлемдік желісі қызметтерін пайдалансын

148-тапсырма. Төмендегі берілген сұрақтарға өз тараптарыңыздан дайындалып, мәтін құрастырыңыздар.

1.Металлургия немен шұғылданады? 2. Қазақстанда металлургия өнеркәсібі қай ғасырдан басталады? 3. Металлургия неше салаға бөлінеді? 4. Металлургия саласы адамзатқа қай уақыттан белгілі болған?

149-тапсырма. Бұйрықты сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Слушайте команду! Встаньте в строй! Не выходите из рядов! Равняйтесь налево! Спойте! Выполняйте приказ! Готовьтесь к экзаменам! Пишите! Выйдите из дома!

150-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, орыс тіліне аударыңыздар.

Көне дәуірде пайдаланылған металдар

Өте ерте кезде адамзатқа белгілі болған металдар: алтын, күміс,қалайы, қорғасын, темір және сынақ. Бұл металдарды тарихқа дейінгі деп айтуға болады. Өйткені жазуды ойлап тапқанға дейін ол металдарды пайдаланған болатын. Адам өміріне металл және оның құймалары кіргенде, олардың сағаты, уақыты тез есептей бастады.

Ең ежелгі темір заттардың 3,5 мыңжылдық жасы бар, бірақ адамзат металлургиялық пештерде темірдің балқуы 154 градусқа көтерілген кезден бастап, қола ғасыры темір ғасырына ауысты. Темірдің алғашқы бұйымдары төмен механикалық төзімділікте болды. Ежелгі металлургия темірге қарағанда мықтырақ – шойын мен болаттың құймасын ойлап тапқанда, бұл металл құймаларының кең таралуы басталды. Б.ғ.д.VII-XI ғасырларында темір ғасыры басталғанда, бұл металл алтыннан да қымбат бағаланды. Ежелде адамдар таза металға қарағанда, олардың құймаларының қасиеттерінің пайдалы екенін байқаған. Қоғам дамыған сайын адам құрам бөліктерін өзгерту арқылы әртүрлі құймалар алуға болатынын түсінген.

Сөздік:

ежелгі – давний; древний; исконный шойын – чугун

қола ғасыр – бронзовый век құйма – литье; сплав; отливка

балқу – расплавиться темір ғасыр – железный век

151-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Ежелгі заманда адамзатқа қандай металдар белгілі болған? 2. Қола ғасыры темір ғасырына неге байланысты ауысты? 3. Адам өмірінің өзгеруіне металдың ықпалы қандай болды? 4.Металл құймалары неге байланысты кең тарады? 5. VII-XI ғасырларда темір қалай бағаланды?

4-апта. 10-тәжірибелік сабақ

152-тапсырма. Геология ғылымы туралы берілген мәліметтермен мұқият танысып, мағынасын меңгеріңіздер.

153-тапсырма. Геохимия жердің қандай заңдылықтарын зерттейді? Сұраққа сұхбат ретінде жауап беріңіздер.

154-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттаңыздар.

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ-БАРЛАУ САЛАСЫ

* * * * *