Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Полиграфияның пайда болу тарихы мен дамуы

ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда қолөнері үлгісіндегі бірнеше баспа бөліктері пайда бола бастайды. Шағын баспаханалар Орал, Петропавл, Қызылорда, Орда, Семей қалаларында ұйымдастырылды. Бұларда қолмен жүргізілетін «Американка», «Аугс-бург» сияқты ескі машиналар пайдаланылды.

Мәскеу полиграфистері Қазақстанға көмек ретінде полиграфиялық жабдықтар жібере бастады. Бұлар Қазақ АССР-ның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласының баспаханаларына орналастырылды. Оларың қуаты 6 млн. басылым беттен аспады.

1924-1932 жылдар аралығында республиканың полиграфиялық базасы едәуір ұлғайды. Оның қуаты жылына 8 млн. басылым бет болса, 1940 жылы бұл көрсеткіш 10-12 млн-ға жетті.

Республика полиграфиясының техникалық базасы соғыстан кейінгі кезеңде одан әрі нығайтылды. Бұрын жұмыс істеген баспаханалардан басқа сол жылдары Алматыда полиграфия комбинаты құрылды. Оның жалпы қуаты 160 млн. басылым бет еді.

1967 жылы ҚазССР Министрлер Советінің «Республикада полиграфия өнеркәсібі мен кітап басу ісінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту шаралары туралы» Қаулысының маңызы зор болды.

1973 жылдың аяғында Алматыда кітап фабрикасы пайдалануға берілді. Республи-калық полиграфия кәсіпорындары базасында Алматыда «Кітап» өндірістік бірлестігі құрылды. Оған кітап фабрикасы, Алматы полиграфиялық комбинаты, билет-бланк және оперативті баспахана, дәптер баспаханалары кірді.

1977 жылы арнайы мамандырылған Алматы полиграфиялық училищесі тұңғыш рет оқушылар қабылдады.

Бұл кәсіпорында полиграфист Социолистік Еңбек Ері С. Умиров, Ленин ордені әріп теру цехының аға шебері И.С. Молчанов, офистік цехтың фотографы г.г. Шемонаев, баспагер С.И. Губкин т.б. өндіріс жаңашылдарын атап айту керек.

Полиграфия кәсіпорындарында 70-жылдардың аяқ кезінде 7000-нан астам қызметкерлер мен қызметшілер еңбек етті.

200-тапсырма. Мамандыққа қатысты сөз тіркестерін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. ХХ ғасырдың бас кезінде қандай үлгідегі баспа бөліктері пайда бола бастады? 2. Қазақ еліндегі қай қалаларда шағын баспаханалар ұйымдастырылды ? 3. Ол баспаханаларда қандай машиналар пайдаланылды?

4. Мәскеу полиграфистері қандай көмек көрсетті? 5. Республиканың полиграфиялық базасының едәуір ұлғайуы деп қай жылдарды атауға болады?

6. Алматы полиграфия комбинаты қай жылдары құрылды? 7. 1967 жылы ҚазССР Министрлер Советі қандай қаулы шығарды.? 8. Алматыдағы кітап фабрикасы пайдалануға қай жылы берілді? 9. Алматыдағы Республикалық полиграфия кәсіпорындары базасында қандай бірлестік құрылды? Оған қандай фабрика, комбинат, баспаханалар, кірді? 10.Арнайы мамандырылған полиграфиялық училищесі қайда, қашан ашылды? 11.Ол кәсіпорында қандай адамдар еңбек етті?

201-тапсырма. Берілген сөздерді септеңіздер.

Полиграфия, баспа, жабдық, кәсіпорын, өндіріс, қызметкер.

202-тапсырма. Төмендегі сөздердің аудармасын есте сақтаңыздар.

1. Баспахана ісі – типографское дело 12. Заманында – во времена

2. Ойып салу – делать углубление 13. Сақтау үшін – для хранения

3. Тақтай – доска 14. Жәшіктер – ящики

4. Қағаз – бумага 15. Ағаш – дерево

5. басу – печатать 16. Қолданылды – применялись

6. Балшық – глина 17. Қарапайым – простой

7. Күйдіру – обжигать, (делать обжиг) 18. Баспа станоктары – печатные

8. Қола – бронза станки

9. Әр түрлі - из разных 19. Жуық – около

10. Қосындысынан – добавок 20. Бар болатын – было всего

11. Жасалған – сделано 21. Пайда болды – появились

203-тапсырма. Полиграфия туралы берілген қысқаша мәтіннің мағынасын меңгеріңіздер.

Полиграфия деген сөздің төркіні гректің poIygraphia (poIys – көп, grfpho) – жазамын) дегенде жатыр Бұл сөз орыс тіліне ХУШ ғасырда Франциядан келіп кірген.

Баспахана ісінің тарихы көптеген ғасырларға созылады. Алғашқы қолөнер полиграфия кәсіпорындары ІХ ғасырда пайда болды. Ол кезде алғаш тақтайға ойып салған формалардан қағазға басатын. Кейіннен балшықтан, көрікте күйдірілген қоладан, ең ақырында, әр түрлі металдардың қосындысынан жасалған литерлер пайда болды.

«Гутенбергтің заманында шрифтерді сақтау үшін жәшіктер және ағаштан жасалған қарапайым баспа станоктары қолданылды. Мұндай станоктардан сағатына 100 басылым көшірме алуға болатын еді.

Ресейде «Печатный двор» деп аталатын алғашқы баспахана Москвада 1563 жылы ашылды. Оны орыстың алғашқы баспагері Иван Федоров басқарды.

Кеңес Одағында Ұлы Отан соғысының басталар алдында 5000-ға жуық әр түрлі полиграфия кәсіпорындары бар болатын.

204-тапсырма. Мәтіндегі тәуелдік жалғауында тұрған сөздердің астын сызыңыздар.

205-тапсырма. Аудармасымен берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Ғасыр – век 11. Орналастырылды –

2. Өлеңдер жинақтары – сборники песен установлены

3. Кітап басу ісі – печатное дело

4. Басылып шықты – отпечатано, выпущено 12. Қуат – сила, мощь

5. Үйрету – учить 13. Құрылды – организован

6. Зертеулер – исследования 14. Мамандырылған –

7. Баспагер – издатель специализирован

8. Қолөнері –прикладное исскуство 15. Тұңғыш рет – впервые

9. Баспа – издательство 16. Қабылдады – приняли

10. Баспахана – типография

206-тапсырма. Мамандыққа байланысты берілген сөз тіркестері мен олардың аудармасын жаттап алыңыздар.

  1. Басылым бет – печатный лист, печатная страница

  2. Полиграфиялық өнеркәсіп – полиграфические предприятия

  3. Полиграфиялық комбинат – полиграфический комбинат

  4. Полиграфиялық кәсіпорындары – полиграфические производства

  5. Полиграфиялық жабдықтар – полиграфические оборудования

  6. Нығайту шаралары – мероприятия по укреплению

  7. Қаулысының маңызы – значение постановления

  8. Пайдалануға берілді – сдан для использования (для эксплуатации)

  9. Өндірістік бірлестік – производственное объединение

  10. Полиграфиялық училише – полиграфическое училище

5-апта. 14-тәжірибелік сабақ

207-тапсырма. Мәтіннен түсініксіз сөздерді теріп жазып, олардың сөздігін жасаңыздар.

208-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, ондағы қазақ тіліне тән дыбыстардың сауатты оқылуына назар аударыңыздар.

209-тапсырма. Қазақстандағы баспалар жайлы не білесіздер? Сабақ барысында талқылаңыздар