Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Геологиялық зерттеу әдістері (жалғасы)

Аэрофотогеологиялық және космогеологиялық зерттеу әдістері - самолетпен немесе ғарыштық аппараттар арқылы түсірілген фотосуреттерді қолданып жер құрылысын зерттеуге негізделген.

Геофизикалық зерттеу әдістері - жердің, әсіресе оның терең қабаттарын зерттеуде кеңінен қолданылады. Оларға сейсмикалық грекше «сейсмос» - сілкіну), гравиметриялық, магнитометриялық, электрометриялық және т.б. әдістер жатады. Бұл әдістерді пайдалана отырып, жер қыртысын құрайтын заттардың физикалық қасиеттерін анықтауға болады.

Сейсмикалық әдіс - жер сілкіну кезінде немесе жасанды қопарылыс (жарылыс) кезінде туатын тербеліс толқындарының жер қабатында жан-жаққа таралу жылдамдығын зерттеуге негізделген.

Гравиметриялық әдіс - дененің жерге тартылу шамасының жер бетінде әр түрлі болатындығына негізделген. Жерге тартылу шамасының мөлшері теориялық мөлшерден ауытқып, көп болған жағдайда, ол ауытқу гравитациялық аномалия деп аталады. Бұл қасиет кен орындарын іздеуде кеңінен пайдаланылады.

Магнитометриялық әдіс - жер қыртысының жекелеген аудандарында Жердің магнит өрісінің өзгертуін зерттеуге негізделген. Магниттік аномалияның ерекшеліктерін зерттеу жердің ішкі терең қабатында кездесетін тау жыныстарының құрамы мен құрылыс ерекшеліктерін болжауға мүмкіндік береді.

188-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Жасанды қопарылыс, жерге тартылу, бұрғылау скважиналары, геологиялық даму, шөгінді тау жыныстары, жердің ішкі құрылысы, жердің даму тарихы, жер қыртысы, геологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары, минералдар, кристалдар.

189-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Бұл қасиет .... іздеуде кеңінен қолданылады. Тау жыныстарының құрамы мен құрылыс ... болжауға мүмкіндік береді. Жердің магнит ... өзгеруін зерттеуге негізделген. Ол ауытқу .... аномалия деп аталады. Бұл әдістерді пайдалана отырып, ... құрайтын заттардың физикалық қасиеттерін анықтауға болады.

190-тапсырма. Мәтінмен танысып, айтылған мәліметтерді түсініп, мазмұндаңыздар. Мәтіндегі үстеулердің астын сызыңыздар.

Геологияның халық шаруашылығындағы маңызы

Геологияның адам өмірінде қолданылатын практикалық маңызы орасан зор, әрі жан-жақты. Қазіргі кездегі халық шаруашылығының барлық саласы, оның қуатты техникасы мен өнеркәсібі жер байлығын (мұнай, газ, көмір, металл, әр түрлі құрылыс материалдары, жер асты сулары және т.б.) пайдалануға негізделген. Жаңа кен орындарын іздеп-табу қажеттілігі геологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына әсер етеді. Өмір талабы геология ғылымдарының алдына теориялық және практикалық жаңа міндеттер қойып, ол міндеттерді тез арада шешуді талап етеді.

Геологияның жалпы табиғаттану мақсатында да маңызы өте зор. Ол жер туралы ғылым ретінде, жердің жаратылысын және оның даму кезеңдерін зерттеумен қатар, жер бетінде алғашқы тіршіліктің пайда болып, одан кейінгі даму проблемаларын да қозғайды.

Геологияның халық шаруашылығында атқаратын қызметі туралы айтатын болсақ: 1. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларын шикізат қорымен қамтамасыз ету; 2. Әр түрлі құрылыс объектілерін салу мүмкіндігін дәлелдейтін инженерлік-геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу; 3. Ас суы және техникалық су қорымен қамтамасыз ету мәселесін шешу болып табылады.

Қазіргі кезде еліміздің минералдық шикізат қорын ұлғайту мақсатында геологиялық барлау-іздеу жұмыстарының сапасын жақсартуға, барланған кен орындарын игеру мақсатымен жүргізілетін дайындық жұмыстарының тиімділігін арттыруға көп көңіл аударылады.

Геологияның барлық салаларын жоспарлы түрде жаңа техникамен қайта жабдықтау, геологиялық барлау-іздеу жұмыстарын автоматтандыру, механикаландыру және техникалық арнаулы құрал-жабдықтармен, әсіресе, арнайы транспортпен қамтамасыз ету негізгі нысана болып отыр. Құрлықты зерттеумен бірге, континентальдық шельф және мұхит түбінде кездесетін минералдық байлықтарды игеру мақсатында да барлау-іздеу жұмыстарын ұлғайту іске асырылуда.

Сөздік:

қуатты – могучий; мощный; сильный

жаратылыс – натура; природа; создание

тіршілік – жизнь; сущесвование

ұлғайту – преувеличить; расширить; увеличить

жабдықтау – оборудовать; оснащать; снабдить; снабжать

қамтамасыз ету шаралары – меры обеспечения

191-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Адам өмірінде геологияның маңызы қандай? 2. Геологияны қай салаларда пайдаланады? 3. Жаңа кен орындарының зерттеу жұмыстарына әсері бар ма? 4. Геологияның табиғатты танудағы маңызын түсіндіріп беріңіздер. 5. Геология қандай мәселелермен айналысады? 6. Геология ғылымының халық шаруашылығындағы атқаратын қызметі жайлы не білесіз? 7. Қазіргі кезде елімізде геологиялық жұмыстарды атқаруда не мәселелерге көңіл бөлінуде? 8. Геологияның барлық салаларын немен қамтамасыз ету қарастырылуда? 9. Құрлықты зерттеумен бірге қандай жұмыстар іске асырылуда?

192-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Геологияның жалпы табиғаттану ...........................................

2. Өмір талабы ..............................................................................

3. Жаңа кен орындарын ..............................................................

4. Ол жер туралы ғылым .............................................................

5. Халық шаруашылығының .......................................................

6. Әр түрлі құрылыс объектілерін ..............................................

7. Ас суы және техникалық .........................................................

8. Қазіргі кезде еліміздің ..............................................................

9. Геологияның барлық салаларын .............................................

10. Құрлықты зерттеумен бірге ..................................................

193-тапсырма. Сөйлемдерден мөлшер үстеулерін тауып, олардың қандай сұрақтарға жауап беретінін айтыңыздар.

Кен орындарын іздеп-табу жұмыстарының қарқынын сондайлықты жеделдету шаралары іске асырылуда.

Кен түсімі неғұрлым жоғарылаған сайын, жоғалым коэффициенті кемиді. Минералдық тыңайтқыштар мен құрылыс материалдарын және жер асты суларын іздеп-табу мақсатында барлау-іздеу жұмыстарын анағұрлым күшейту көзделіп отыр. Ол үшін прогрессивтік әдістерді (геофизикалық, геохимиялық және т.б.) кеңінен қолданып, бұл жұмыстардың геологиялық-экономикалық тиімділігін азды-көпті арттыру шаралары іске асырылуда.

194-тапсырма. Геологиялық зерттеу әдістерін меңгеріп, мазмұндаңыздар. Мәтіндегі жай шырайлардың астын сызып, сын есімнің шырай категориясының жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.