Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Компьютерлік вирус

Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол өз кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

«Зақымданған» программа жұмысын бастағанда, алдымен басқаруға вирус алады. Вирус басқа программаларды тауып, оларды зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды әрекет жасайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлды бұзады, компьютерде сақталған ақпаратты бүлдіреді, жедел жадты «ластайды» және т.с.с. Вирустың бір компьютерден басқа компьютерге тарайтын қабілеті бар.

Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д. Лозинский, Д. Мостовой, И.А. Данилов, Н. Безруков және т.б.

Жаңа вирустық программалардың саны үнемі көбейіп және түрлері өзгеріп отырады, сондықтан компьютер пайдаланушы вирустар табиғатын, вирустардың жұғу әдісін және олардан қорғануды білуі керек.

292-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Компьютерлік вирус деген не? 2. Ішінде вирусы бар программа қалай аталады? 3. Вирустың бір компьютерден басқа компьютерге тарайтын қабілеті бар ма? 4. Вирус компьютерді қалай зақымдайды? 5. Қазір қанша вирус белгілі? 6. Вирустар мекендеу ортасы бойынша қалай бөлінеді? 7. Вирустар зақымдау әдісі бойынша қалай бөлінеді? 8. Вирустар мүмкіндіктері бойынша қалай бөлінеді? 9.Вирустар қайдан пайда болады? 10.Оларды кім жазады? 11. Вирустарды не үшін жазады?

293-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін жазып алып, оларды орыс тіліне аударыңыздар.

1. Көбейтілу 2. Көшіру 3. Пайдаланушы 4. Жұғу 5. Зақымдау 6. Білдіру 7. Бәсекеле 8. Қорғану 9. Жоғалу 10. Деректер 11. Дискжетек 12 Жад 13. Құрылғы.

294-тапсырма. Суретке тақырып қойып, шағын әңгіме жазыңыздар.

295-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Вирус ... пайдаланушының рұқсатынсыз зақымдалған файлмен түседі.

2. Вирус басқа ... тауып, оларды зақымдайды. 3. ... дискідегі файлды бұзады.

4. Компьютерде сақталған ... бүлдіреді. 5. Вирус... жадты ластайды. 6. ...программаларды ақша табу үшін жазады. 7. Қазіргі кезде 50 ... астам вирус белгілі. 8. Компьютер ... вирустар табиғатын және олардан қорғануды білуі керек. 9. Компьютерлік вирустарды зерттейтін және антивирустық программалар жазатын ... бар. 10. Вирус компьютерлік ... арқылы кіріп, қатқыл дискіні зақымдайды.

296-тапсырма Берілген сөз тіркестерімен жай сөйлемдер құрастырыңыздар.

Компьютерлік вирус, зақымдалған дискета, ақпаратты бүлдіру, бәсекелес фирмалар, вирустар табиғаты, ДК жадын зақымдау, жадты кішірейту, қауіпті программа.

297-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қолданып, шағын мәтін құрастырыңыздар.

Жұғу, қаскөй мамандар, антивирустық программалар, күресу үшін, қорғану, диск, тарайтын қабілеті,компьютерлік вирус, зақымдалған дискета, ақпаратты бүлдіру, бәсекелес фирмалар, вирустар табиғаты, ДК жадын зақымдау, жадты кішірейту, қауіпті программа.

298-тапсырма. “Компьютерлік вирустардан қалай қорғануға болады” деген тақырыпта шағын әңгіме дайыңдаңыздар.

8-апта. 22-тәжірибелік сабақ

299-тапсырма. Мәтіннің алғашқы екі абзацын орыс тіліне аударыңыздар.

300-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын меңгеріп, оның екінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

301-тапсырма. Мәтіннен мамандыққа байланысты терминдерді теріп жазып, оларға түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.