Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Меншік – экономикалық категория

441-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, меншік туралы берілген мәліметтермен танысып, мағынасын меңгеріңіздер.

Меншік туралы алғашқы түсінік затты, игіліктерді елестетеді. Бірақ меншікті затпен шатастырған дұрыс түсінік бермейді. Егер затты жеке пайдаланбаса , меншік туралы сұрақ та тумайды. Меншік субъектінің осы затты пайдалануға ерекше құқы барын сипаттайды. Меншіктің субъектін жеке адамдар, олардың топтары, адамдардың бірлестіктерінің әр түрлі дәрежесі, мемлекет, халық құрайды.

Сонымен, меншік туралы алғашқы тұжырым: меншік – материалдық және рухани игіліктерді және осыларды өндіру шарттарын пайдалану туралы адамдар арасындағы қатынастар немесе игіліктерді иеленудің белгілі тарихи қоғамдық әдісі болып табылады. Меншік дегеніміз адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді және оларды өндірудің шарттарын пайдалану туралы қатынастар.

Меншік экономикалық қатынас болып адамзат қоғамының жаратыла бастаған заманында қалыптаса бастаған.

Экономикалық қатынастардың кемелденген жүйесінде, меншік ең өзекті өзара байланыстарды, олардың бір-бірінен тәуелділігін және экономикалық болмыстың мәнін көрсетеді. Меншік өте күрделі және көп жақты құрылым, «сегіз қырлы, бір сырлы» құбылыс. Бұл типтес құбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихта меншіктің екі формасы мәлім: жалпы және жеке меншік.

442-тапсырма. Сөздерді пайдаланып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

меншік – игіліктер меншік – құқық

меншік – зат меншік – субъект

443-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Меншік сөзін қалай түсінесіздер? 2. Меншік пен зат түсініктері туралы айтып беріңіз. 3. Затты жеке пайдаланасыз, меншік туралы сұрақ туындайды ма? 4. Меншік нені сипаттайды? 5. Меншіктің субъектін кімдер немесе нелер құрайды?

444-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.

1. Меншік экономикалық (отношение). 2. Меншік - өте күрделі және (многосторонний) қүрылым, «сегіз кырлы, бір сырлы» (явление). 3. Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім: (общее) және жеке меншік. 4. Жекешелендіру дегеніміз меншіктің алмасуы, ауысуы, (оборот) емес, ол (народное владение) жеке меншік етіп қайта құру болады. 5. Национализациялау – керісінше процесс, яғни, жеке меншіктің қоғамға (превращение) айналуы, форманың ауысуы болып табылады.

445-тапсырма. Төмендегі бақылау сұрақтарымен өздік жұмыстарын дайындаңыздар.

Бақылау сұрақтары:

1. Меншік дегеніміз қандай қатынастар?

2. Меншік қай заманда қалыптаса бастаған?

3. Меншік қандай құбылыс?

4. Меншіктің қанша және қандай формасы мәлім?

5. Жекешелендіру дегеніміз не?

446-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мазмұндаңыздар.

447-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын өздеріңіз білетін мәліметтермен толықтырыңыздар.

Меншік және иемдену заңдары

Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Меншік пен иемдену жеке ұғымдар және олардың экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады. Иемдену – көпдәрежелі күрделі әлеуметтік-экономикалық процесс.

Иемденудің ең бастапқы кезеңін, қоғамның мақсаттарымен және оның ынталарымен байланыста болатын өндіріс құрайды. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін, еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы жүйенің жекеленген жүйелері арқылы, иемденудің нақты формалары арқылы орындалады: аңшылық, балық аулау, өңдіріс, айырбас және бөлу арқылы. Ал табыстың өзі өнім, жалақы, зейнетақы, пайда т.б. түрін алады.

448-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерінің балама мағынасын түсіндіріңіздер.

Меншік қатынастары, иемдену қатынастары, салыстыру, иемдену, зат, қоғамдық әдіс, көп дәрежелі, күрделі, әлеуметтік-экономикалық процесс кезеңі, қоғамның мақсаттары, ынта, байланыста болу, еңбек өнімдерін иемдену, табыс алу, жүйе.

449-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Меншік қатынастары мен иемдену қатынастарын не үшін салыстыру қажет? 2. Иемдену деген қандай әдіс? 3. Меншік пен иемдену бір ұғым ба? 4. Иемдену қандай процесс? 5. Иемденудің ең бастапқы кезеңін не құрайды? 6. Иемденудің әдісі және оның формаларын атаңыздар.

450-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.

Нарықтың субъектері тауарлардың (владелец, обладатель) болады. 2. Иемдену шарттары (меняются). 3. Иемденудің (способ) және оның формалары болады.

451-тапсырма. Берілген сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыздар.

1. Тауар айналымы иемденудің қай әдісі болып табылады?

2. Ірі қоғамдық өндірісте иемдену қалай жүреді? Олардың формасы

бірдей ме, әлде жоқ па?

3. Тауар айналымы заңдарында сәйкес өнімді жасаған жұмыскердің тауар

нарығында болуы міндетті ме?

4. Тауарлардың меншік иесі кімдер болады?

452-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, оған рөлге бөліп жауап беріңіздер.

453-тапсырма. Реформалауды қалай түсінесіздер? Бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.