Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Ғимараттар мен имараттардың түрлері

Сәулетшілер мен құрылысшылардың жасампаз жұмысының нәтижесі дайын ғимараттар мен имараттар болып табылады. Кең мағынада «имарат» деген ұғымға «ғимарат» ұғымы да енеді.

Бөлмелері бар және адамдар тұруға қандай тұрмыстық, мәдени-қоғамдық, өндірістік немесе шаруашылық қызметтерді орындауға арналған құрылыстар ғимараттарға жатады

Инженерлік имарат- әр түрлі өндірістік процестерді орындауға, материалды сақтауға арналған және өзге (суқабылдағыш имарат, сұйықты сақтауға арналған резервуар, құбыр, түтін мұржасы, газгольдер, канализациялық тазалағыш имарат жэне т.с.с.) арнайы қызметтік құрылыстар.

Ғимараттар мен имараттардың қызметтеріне байланысты құрылысты-өнеркәсіптік, азаматтық, (тұрғын, қоғамдық, және коммунальдық-шаруашылық ғимараттар мен имараттар), гидротехникалық (теңіз және өзен), темір жол, автомобиль жолы, көпірлер және тоннельдер, ауылшаруашылық, шахталық, құбырлардық сыртқы тораптары, энергетика және байланыс тораптары, қорғаныстық түрлері бойынша бөлінеді.

Ғимаратгар мен имараттардың жіктелуі оларды жобалау кезінде экономикалық орынды шешімдер қабылдауға мүмкіндік жасау мақсатын көздейді. Жіктеудің негізіне ғимараттар мен имараттарды олардың қызметі мен мәнділігіне байланысты кластарға бөлу алынған.

Ғимараттар өзінің қызметгеріне қарай - тұрғын, қоғамдық, өнеркәсіптік кәсіпорындар және ауыл шаруашылық ғимараттары болып бөлінеді.

Тұрғын ғимараттарға қарттарға және орындық-арбалар да жылжитын мүгедектері бар отбасыларыда арналған пәтерлік үйлер қоса кіретін пәтерлік үйлер, биіктігіне 25 қабат кіретін жатақханалар, шаруашылық -тұрмыстық және шағын кәсіпкерліктің өзге құрылыстары қоса кіретін жеке тұрғын үйлер, қонақ үйлер, мүгедек және қарттарға арналған интернат үйлер жатады.

Қоғамдық ғимараттарға - ҚР ҚНжЕ /15/ бойынша алынған қоғамдык ғимараттар, кешендер және имараттар топтары тізіміне сәйкес жеке тұрған ғимараттар мен имараттар, ғимараттар кұрамдарына енгізілген қоғамдық қызметтік бөлмелер кіреді.

395 -тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Құрылысшылардың жұмысының нәтижесі не болып табылады?

2. Қандай құрылыстар ғимараттарға жатады? 3.Инженерлік ғимарат дегеніміз не?

396-тапсырма. Сөздердің аудармасын жаттап алыңыздар.

ғимарат – здание

имарат – сооружение

тұрғын ғимарат – жильездание

тұрғын кешені – жилой комплекс

имаратты пайдалану – эксплуатация сооружения

суқабылдағыш – водоприемник

суықтай созылған құбыр – холоднотянутая труба

түтін құбыры – дымовая труба

қорғаныс аймағы – защитная зона

жобалау – проектирование

11-апта. 33-тәжірибелік сабақ

397-тапсырма. Мәтіндегі Айша-бибі кесенесі туралы

берілген деректер туралы өзара ой бөлісіңіздер.

398-тапсырма. «Мешіт – қасиетті ғимарат» тақырыбымен

байланыстырып пікірталас ұйымдастырыңыздар.

399-тапсырма. Ерте ғасырлардағы сәулетті ірі құрылыстардың

салынуына ислам дінінің әсері. Сабақ барысында талқылаңыздар.

Сәулеттік құрылыс жүйелері

Мұндай өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастады. Ол көбінесе металдан жасалған ыдысты өрнектеу ісінде және ғимараттарды сәндеп жасаудан көрінеді. Үйлерді безендіру құрылыс материалдары мен оның сәулеттік жүйесіне тікелей байланысты. Сәндік қолданбалы өнер туындылары жасалып жатқан құрылыстың өз материалдарымен де орындалады. Сары топырақты балшық пен ғаныш қолданбалы өнердің құрылыс материалдары болған. Ғимарат қабырғаларының қалай қалануы оның жобасын жасайтын шеберге тікелей байланысты болған. Құрылысты жасаушылар сол көрсетілген жоба бойынша қалап шығады. Мәселен, шеберлер кірпішті қырынан немесе көлденеңінен, тігінен қалау арқылы белгілі бір суреттер жасап, безендіріп отырған. Қабырғаны осылай сәндеу қолданбалы өнердің бір тәсіліне жатады. XI ғасырдан бастап cәндік қолданбалы өнерде оюлы және жылтырлаған кірпіштер кеңінен пайдаланылған.

Керамикаға оюлап жануарлардың бейнелерін салу да орын ала бастаған. Қызылөзен қаласының орнын қазғанда арыстан бейнесі бедерленген терракоталық тақталар табылған.

Сәндік қолданбалы өнер кейінгі орта ғасырдағы қазақ халқының құрылыс, сәулет өнерінде айқын орын алғандығын байқауға болады. Мәселен, кейбір күмбездердің әшекейленіп жасалуы немесе түскиіздер мен текеметтегі оюлар қолданбалы өнердің дамығандығын көрсетеді.

X-XII ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған.

Мұндай құрылыс жүйелерінің салынуына Қазақстандағы ислам дінінің нығая бастауы себеп болды. Сәулетті құрылыстық құрылыс жүйелерінің сыртқы көрініс стилі Орта Азия мен Қазақстанда бірдей болды. Әсіресе діни кешендер салу ісі ерекше дамыды. Діни кешендер орталық алаңдарға салынып, басқа ғимараттардан ерекше оқшауланып тұрған. Бұл кездегі ғимараттарға мешіттерді, кесенелерді, мазарларды, моншаларды жатқызуға болады.

Мешіт – мұсылман дінінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат. Мешіт, мұнара салдыру билік басындағылардың ислам дініне адалдығының нышанын білдірген. X ғасырдың араб-парсы жазба деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы қалаларда мешіттердің болғандығы айтылған. Олардың кейбіреулері осы күнге дейін сақталған. Мысалы, бір кезде ірі мешіт болған Боран мұнарасы – осының айғағы. Мұнараның жанында төбесі күмбезделіп жасалған кесенелер болған. Олардың ішкі жағы қызғылт-күрең түске боялған оюлы ғаныш сылақпен безендірілген.

Өзінің алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескеріткіштер – Бабаджа қатын мен Айша-бибі кесенелері. Бұл кесенелер күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар, әсем күмбезді ғимарат. Төрт жағында- қабырғалардың ішкі және сыртқы