Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Құрылыс машиналары

Құрылыс машиналары – әр түрлі құрылыс жұмыстарына арналған машиналар мен механикаландырылған құрал-жабдықтар. Бұлар құрылыс жұмыстарын кешенді түрде механикаландырып,индустриялы әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың қатарына мұнаралы, өздәігінен жүретін шынжыр табанды не доңғалақты корандар, бір шөмішті экскаваторлар мен көп шөмішті роторлы экскаватор, бульдозерлер, скреперлер, т.б. жатады. Атқаратын жұмыс түріне қарай құрылыс машиналары қазғыш, топырақ таптауыш, бұрғылау, қада қағу, тиеу-түсіру әрі тасымалдау, ұсақтау-сорттау, араластырғыш, бетон төсегіг, өңдеуіш, жол құрылыс машиналары, т.б. механикаландырылған құралдарға топталады. Жер қазғыш машиналар топырақ қазу, каврьерлерден құрылыс материалдарын алу жұмыстарына арналған. Бұларға экскаваторлар, топырақ қазып тастағыш, гидромеханикалық машиналар жатады. Таптауыш машиналар топырақ, т.б. жер қыртыстарынан нығыздау жұмыстарын атқарады.салмағы 100 тонналық қарапайым таптапуыш машина қалыңдығы 40-50см, ал салмағы 12 т дірілдемелі тааптауыш машина қалыңдығы 80-120см жер қыртысын нығыздай алады. Тастақ қабаттарды бұзу және құрылыстық тастар алу, қопарылыс жұмыстарындағы ұңғыма бұрғылау үшін бұрғылау машиналары пайдаланылады. Қада қағу жұмыстарында арнайы жабдықтар қолданылады. Құрылыстардағы монтаждау, көтеру-тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары көтергіш кран, шығыр, домкрат, т.б. қондырғылар арқылы іске асырылады. Асфальт, бетон төсемді долдар салу үшін асфальт не бетон төсегіш шынжыр табанды машиналарқолданылады. Темір жол салу және жөндеу жұмыстарында балластер, жол төсгіш т.б,. машиналар пайдаланылады. Өңдеуіш машиналар сылақ және сырлау, бояу жұмыстарына арналған машиналарға ажыратылады.

424-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Құрылыс машиналары не үшін қажет? 2. Құрылыс машиналарының түрлерін атаңыздар? 3. Құрылыс машиналары қандай қызмет атқарады?

425-тапсырма. Машиналардың атқаратын қызметін кестеге толтырыңыздар.

Машина атауы

Атқаратын қызметі

Жүк көтергіш кран

Бетон араластырғыш

Шынжыр табанды экскаватор

Жол құрылыс машинасы

Жүк тиегіш

426-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, олардың қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.

427-тапсырма. Сөз тіркестерінің екінші сыңарларын табыңыздар.

1. құрылыс

2. индустриялы

3. доңғалақтау

4. топырақ

5. бетон

6. қада

7. көтергіш

8. ұңғыма

9. төсемді

10. өңдеуіш

1. кран

2. бұрғылау

3. таптауыш

4. қағу

5. жолдар

6. әдіс

7. машиналар

8. машиналары

9. кран

10. төсегіш

428-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, олардың қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.

429-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағынасы мен аудармасын берілген кестеге жазыңыздар.

Мағынасы

Аудармасы

мұнаралы

шынжыр табанды қазғыш

топырақ таптауыш

тиеу-түсіру

ұңғыма бұрғылау

қада қағу

430-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сөз және сөз тіркестеріне мағынасы жақын сөздерді тауып жазыңыздар.

Мүмкіндік беру__________________________________________________

Тасымалдау_____________________________________________________

Ұсақтау_________________________________________________________

Араластырғыш___________________________________________________

Өңдеуіш________________________________________________________

Тиеу____________________________________________________________

Көтеру__________________________________________________________

431-тапсырма. Әр халықтың ақын-жазушыларының пікіріндегі ортақ әңгіме не туралы екенін түсіндіріңіздер. Айтылған пікірлердегі негізгі ойды анықтаңыздар.

Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі – жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп,сақтап отыратын қазына.

(Ж.Аймауытов)

Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім сенсің. Сені мен мақтан етемін.

(Р.Ғамзатов)

Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.

(Г.Гегель)

Туған тіл – ақыл –ой дамуының негізі және барлық білімдердің қазынасы

(К.Д.Ушинский)

432-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен шағын мәтін құрастырыңыздар.

Құрылыс жұмыстары, құрал-жабдық, құрылыс машиналары, доңғалақты кран, топырақ таптауыш, жер қазғыш машиналар, тастақ қабаттарды бұзу, көтергіш кран, жолдар салу, жөндеу жұмыстары, өңдеуіш машиналар.

433-тапсырма. Термин сөздердің мағынасын меңгеріп, аудармасын жаттап алыңыздар.

құрылыс құрылымдары – конструкций строительные

қопарғыш – корчеватель

бұта кескіш – кусторез

бояу жұмыстары – малярные работы

құрылыстың механикалық құралдануы – механовооруженность

жинақтау – монтаж

аспалы қабырғалар – навесные стены

тозаңдату – напыление

қаптау – обделка

жиек – обрез

13-апта. 37-тәжірибелік сабақ

434-тапсырма. «Өндіріс» қандай процесс? Өзара ой бөлісіңіздер.

435-тапсырма. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазып, оларға түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.

436-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.