Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

XVIII ғасырға дейінгі Ресейдегі металлургияның дамуы

Ресей жерінде едәуір көлемде металл өңдеу б.ғ.VI-VIII ғ. осы жерге ежелгі славяндықтарды таратып жібергенге дейін жүрді. Бұған алтай елінің оңтүстік және солтүстігінен табылған олжалар дәлел бола алады. Әсіресе «чудь» деген атау алған халық ерекшеленеді. Олар металл өңдеу кәсібін өте мықты меңгерген. Чудьтардың жасаған бұйымдары тек Ресей жерінде ғана емес, басқа елдерде де табылған. Металл өңдеумен (чудьтардан басқа) басқа да халықтар айналысқан. Воронеж аймағының оңтүстік аудандарында қожалық еткен скивтер де болған. Қаражердің оңтүстігінде қолөнер металлургиясын дамыту үшін барлық жағдай болды. Мысалы: табиғи бай темір кені; олардың ең ірісі – Липец-Студенец кен орны. Қаражердің оңтүстігі басқа елдердің аудандарымен ыңғайлы өзен жолдарымен байланысты. Олар өнімдерін жеткізе алды.

Б.э.д. 2000 жылдың ортасында-ақ Воронеж облысы жеріндегі Мосолов қалашығы деген атпен белгілі болған ежелгі қолөнер металлургтарының елді жерлері (поселение) қоныстанғанына археологиялық дәлел болады.

Сөздік:

олжа – добыча; находка; трофей; прибыль

ежелгі – древний; давний; исконный

қожалық ету – владеть; хозяйничать; пользоваться властью;

господствовать

127-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктерді қалау райға айналдырыңыздар.

Ү л г і : Қазыбек би бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан (орында+ғы+сы келді). Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарын одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты (жаса+ғы+сы келді).

Әз Тәукенің бір орталықтан жүргізіп отырған басшылығына іріткі түсірді. Қазыбек – мемлекет істерімен қатар ру аралық сұлтандар арасындағы тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. 1743 жылы Абылай тұтқыннан босап, қазақтың 33 қаласы Әбілмәмбет ханға қайтарылып берілген. Қазыбек өз елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрген жоқ. «Жеті жарғыға» сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіре бастаған.

128-тапсырма. Сөздердің үш жақтағы жіктелуіне назар аударыңыздар.

Менің жаз-ғы-м кел-іп тұр (осы шақ).

Менің жаз-ғы-м кел-ді (өткен шақ).

Менің жаз-ғы-м кел-еді (келер шақ).

Менің киноға бар-ғы-м кел-іп тұр. Мне хочется пойти в кино (осы шақ).

Менің киноға бар-ғы-м кел-ді. Мне хотелось пойти в кино (өткен шақ).

Менің киноға бар-ғы-м кел-еді. Мне захочется пойти в кино (келер шақ).

129-тапсырма. Сөз тіркестерінің қазақша аудармасын жазыңыздар.

Железный сплав, литейный сплав, выплавка чугуна, получение стали, обработка металлов, использовать.

130-тапсырма. Төмендегі сұрақтар бойынша өздік жұмыстарын дайындаңыздар.

1. Металлургия ғылымы нені зерттейді?

2. Металтану саласында қазақ ғалымдарынан кімдерді білесіздер?

3. Ертеде қазақ жерінде қолөнер металлургиясы болды ма?

4.Металлургия қанша салаға бөлінеді?

131-тапсырма. Төмендегі етістіктерге бұйрық райдың жұрнақтарын қосып жазыңыздар

Ү л г і : Сөйлеу – сөйле+йін; сөйле; сөйле+ңіз; сөйле+сін; сөйле+йік; сөйле+ңдер; сөйле+ңіздер; сөйле+сін.

Зерттеу, жүргізу, қолдану, есептеу, толықтыру, пайдалану, барлау, күресу, бақылау, қорыту, бағалау.

132-тапсырма. Бұйрық райдың жекеше және көпше түрде жіктелу формасын есте сақтаңыздар.

Ү л г і :

I Мен көмектес+ейін, арала+йын Біз көмектес+ейік, арала+йық

II Сен көмектес, арала Сендер көмектес+іңдер, арала+ңдар

Сіз көмектес+іңіз, арала+ңыз Сіздер көмектес+іңіздер, арала+ңыздар

III Ол көмектес+сін, арала+сын Олар көмектес+сін, арала+сын

133-тапсырма. Етістіктерден қалау рай жасап, оларды жіктеңіздер.

Келіп еді, жазып отыр, сөйлеп тұр.