Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Есептеуіш техниканың даму тарихы

Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады.Есепшот Ресейде ХVI-XVII ғасырларда пайда болған. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм

функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын Д. Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын.

1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он

тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелек-терден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц

Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л. Чебышев пен В.Т. Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазір әр адамның қолында жүретін калькулятордың негізін салды.

Есептеуіш техникаларының қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған бағдарлама бойынша адамның қатысуынсыз есептеулер орындайтын құрылғыларды жасау болды. Мұндай алғашқы есептеуіш автоматтың авторы ағылшын оқымыстысы Чарльз Бэббидж еді, сондықтан көптеген адамдар оны қазіргі компьютердің

атасы деп атайды.

Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп саналды.

ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфорациялық машина құрастырды. Перфокарталар бағдарламаны көрсету үшін емес, сандық ақпараттарды сақтау үшін қолданылды.

Есепші-перфорациялық машиналар перфорациялауды, сұрыптауды, қосуды және сандық кестелерді басылымға шығаруды орындады. Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын өңдеуге пайдаланылды. Өз машинасы-ның көмегімен Холлерит көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты.

Холлерит есепші-перфорациялық машиналарды жасап

шығаратын фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналды.

Біздің ғасырдың 30-жылдары релелік автоматика кеңінен дамыды. Электр

механикалық реле – екі қосылған және ажыратылған позициялары бар ауыстырып қосқыш.

1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарвард университетінде

бағдарламамен басқарылатытын, релелік және механикалық элементтерге негізделген Марк-1 автоматтық есептеуіш машинасын құрастырды.

255-тапсырма. Төмендегі сөздерді аударып, аудармасын есте

сақтаңыздар.

  • есептеу құралы дөңгелектер сұрыптау

  • есепшот сандарды бөлу халық санағы

  • Жетілдіру көбейту өңдеу

  • Жүгіртпе бағдарлама түбірін табу

  • Сызғыш ауыстырып қосқыш ажырату

  • қосу машинасы құрылғы релелік автоматика

  • Жетектер сандық ақпараттар

256-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер

құрастырыңыздар.

есептеу құралы

логарифм түсінігі

логарифм кестесі

жүгіртпесі бар сызғыш

навигациялық есеп

сандарды көбейту

квадрат түбірі

перфорациялық машина

логарифм сызғышы

қосу машинасы

арифмометр құрастыру

күрделі қосу есебі

сандарды бөлу

құрылғылар жасау

бірінші бағдарламалаушы


Тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.

А қ п а р а т т ү р л е р і

Ақпарат беру мен өңдеу ұрпақтан ұрпаққа генетикада жануарлар мен

өсімдіктердің қажетті қасиеттерін бекіту мен селекция сұрыптау үшін қолданылып келеді.

Ақпаратты өңдеу мен берудің көптеген тәсілдері бар. Адам сол немесе

басқа тілді ишарат, ым мен дыбысты қолдана отырып, ақпарат беріп, оны кез келген сезім мүшесі арқылы қабылдай алады.Басқа сөзбен айтқанда адам ақпаратты сигнал немесе таңба түрінде береді, өңдейді және қабылдайды.Сигнал жарық, дыбысты (радиотолқындар), электромагниттік, биохимиялық т.б. бола алады. Сигналды бірнеше типтерге бөлуге болады:

1.Физикалық табиғаты бойынша: электрмагниттік, механикалық,

биохимиялық; 2.Қабылдау тәсілі бойынша: көру, есту, дәмді сезу, физиологиялы.

Белгі деп кез келген тілдің алфавитін, тым- ишарат тілдерінің белгілерін,

кез келген кодтар немесе шифрларды, ноталық белгішелерін т.б. санауға болады. Ақпаратты өңдеу процесі ақпаратты тасушы мен ақпаратты беру және ақпаратты өңдеу құралдарының болуын ескереді.

Ақпаратты тасушы оны сақтайды, оған бұл ақпаратқа сәйкес таңбаны немесе сигналды жазуға болады. Ақпаратты беру құралы – бұл адам, тілдер, телекоммуникация құралдары, тірі табиғаттағы биохимиялық процестер т.б.

Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде өңдей алады, атап айтқанда

физиологиялық деңгейде (сезім мүшелері), ақылмен ойлау деңгейде, аңдаусыздық деңгейде. Бұдан басқа адам өз ұрпақтарына гендер арқылы тұқым қуалау ақпараттарын береді.

257-тапсырма. Мәтіннің мазмұнының негізінде сұрақтарды

рет-ретімен орналастырыңыздар.

  • Ақпаратты өңдеу мен берудің қандай тәсілдері бар?

  • Ақпарат беру мен өңдеу ұрпақтан ұрпаққа не үшін қолданылып келеді?

  • Адам ақпаратты қандай деңгейлер арқылы өңдей алады?

  • Басқа жануарлар бөтен жерге неге кетеді?

  • Ақпарат өзінің сипаты бойынша неше түрге бөлінуі мүмкін?

  • Ағаштар шабуылдан қорғану үшін не істейді?

  • Адам өз ұрпақтарына гендер арқылы қандай ақпараттарын береді?

258-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді

толықтырыңыздар.

1. Адам ... сигнал немесе таңба түрінде береді. 2. Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде ... алады. 3. Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, ... бегілер қалдырып кетеді. 4. Жарғанат қараңғыда ұшқанда ультрадыбысты ... жібереді. 5. Кейбір ағаштар бір-біріне құрттар шабуыл жасағаны туралы ... бере алады. 6. Ақпаратты ... мен ... көптеген тәсілдері бар.

259-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіздер.

3

 

 

 

2

 

6

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

8

 

 

 

 

 

 

9

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

 

Тігінен:

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.

2. Олармен тіл таңбалары көрсетілетін символдар жиыны.

3. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

4. Үздіксіз сигнал.

5. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

Көлденеңінен:

6. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

7. Айналадағы дүние туралы мәліметтер

(орыс тілінде)

8. Ол арқылы адам немесе құрылғы ақпарат алатын физикалық процесс.

9. Сегіз разрядты екілік сан.

10. Белгілі алфавиттің көмегімен ақпаратты көрсету.

260-тапсырма. Төмендегі тест тапсырмаларын орындау арқылы компьютер терминдерін меңгеріп, есте сақтаңыздар.

  1. Меңзер

а) дөрекі сөйлейтін адам, Ә) жыпылықтап тұратын перне, Б) пернетақта

  1. Информатика ғылымы

а) оқу процесінде компьютерді пайдалану Ә) ақпарат, оны сақтау және

мәліметтерді таңдау, Б) телекоммуникациялық технологиялар

  1. Монитор

а) ақпаратты сақтайтын құрылғы, Ә) компьютер жанындағы өсімдік

б) компьютерге енгізілген ақпаратты көретін құрылғы

  1. Компьютермен жұмыс жасау үшін қажетті құрылғылар

а) жүйелік блок, монитор, пернетақта, Ә) жүйелік блок, пернетақта, принтер, Б)

принтер, винчестер, монитор, тышқан

  1. Вирус

а) инфекция, Ә) енгізу құрылғысы, Б) операциялық жүйе

  1. Ақпарат

а) математикалық формулалар, Ә) қоршаған орта мен болып жатқан әр түрлі

құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығы, Б) кітаптар мен оқулықтар

  1. Сканер

а) компьютердің «миы», Ә) компьютерге енгізу, Б) құжат іздеу

  1. Модем

а) сандық қор, Ә) пернетақта, Б) қосу құрылғысы

  1. Принтер

а) ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы, Ә) ақпаратты енгізуге

арналған құрылғы, Б) компьютердің жеке құрылғыларын байланыстыратын

негізгі кең арна

  1. Браузер

а) бағдарламамен қамтамасыз ету, Ә) факс жіберу, Б) интернетті қолдану

261-тапсырма. Кестеге өзіздеріңіз алған ақпарат мысалдары

мен алынған ақпарат көздерін жазыңыздар.

АҚПАРАТ

АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ

1.Internet бүкіл әлеммен

байланысты.

Информатика сабағы

2.Қосылғыштардың

орнын ауыстыру

қосындыны өзгертпейді.

3.

Қазақ тілі оқулығы

4.Дербес компьютерде

суланған қолмен

жұмыс істеуге

болмайды.

5.

Қонырау сағат

6.

7.

8.


262-тапсырма. Берілген сөйлемдерге иә, жоқ деп жауап беріңіздер.

1. Адам ақпаратты сигнал немесе таңба түрінде береді.

2. Адам өз ұрпақтарына гендер арқылы тұқым қуалау ақпараттарын

бермейді.

3. Ақпарат қасиеттеріне бағалылық , қысқалық , сенімділікті жатқызуға

болады.

4. Адам басқа тілді сезім мүшесі арқылы қабылдай алмайды.

5. Адам ақпаратты кем дегенде екі деңгейде өңдей алады.

6. Жануарлар өздерінің жерлерін қорғамайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Компьютер дегеніміз не? Қазіргі таңда компьютерлер өте кең тараған, солай ма?

  2. Сен компьютер туралы ғылыми фантастикадан ба, әлде фильмдерден білдің бе?

  3. Сен компьютер туралы білгенде, жасың нешеде болды?

  4. Үйге компьютер сатып алудың себебі неде?

  5. Қалай жиі сен компьютерде жұмыс істейсің?

  6. Сен компьютер мамандығында өзінді жақсы көрсете аламын деп, неге ойлайсың?

  7. Компьютерді меңгеретін студент болу қандай сезім?

  8. Компьютер сіздің болашақ мансабыңызға қалай әсер етуі мүмкін?

  9. Компьютерде сауатты болу қаншалықты маңызды?

10. Сенің компьютерлік сарапшы болғың келеді ме?

263-тапсырма. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

Өздеріңіздің пікірлеріңізді жазыңыздар.

264-тапсырма. «Біз ақпаратты қайдан аламыз?» деген тақырыпқа

шағын әңгіме жазыңыздар.

7-апта. 19-тәжірибелік сабақ

265-тапсырма. Мини ЭЕМ-дар мен үлкен ЭЕМ-дардың айырмашылықтарын сабақ барысында талқылаңыздар.

266-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын бір-біріңізбен ой бөлісу арқылы толықтырыңыздар.

267-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Дербес компьютерлер

Есептеу машиналары өздерінің арналуы және

функционалдық ммкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дарға, мини ЭЕМ-дарға, микро ЭЕМ-дарға және дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді.

Үлкен ЭЕМ-дар – бұл өте қуатты компьютерлер, олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай салаларында жұмыс істеу үшін қолданылады. Үлкен ЭЕМ-дарды пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, бірнеше пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады.

Мини ЭЕМ-дардың үлкен ЭЕМ-дарға қарағанда, өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Мини ЭЕМ-дар өндірістік процесстерді басқаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғары оқу орындарында қолданылады.

Микро ЭЕМ-дардың тиімділігі үлкен ЭЕМ-дарға қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, программалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операцияларды орындайды.

Дербес компьютерлер бүгінгі күні көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі – ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған. Қазіргі ДК көлемі шағын, өнімділіктері жоғары. Дербес компьютерлер адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дербес компьютерде жұмыс істеу дегеніміз, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу. Операциялық жүйе – бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

268-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне

аударып, есте сақтаңыздар.

есептеу машинасы

функционалдық мүмкіндіктер

үлкен ЭЕМ

мини ЭЕМ

микро ЭЕМ

дербес компьютер

операциялық жүйе

қуатты компьютерлер

есептеу орталықтары

өлшемдері шағын

өнімділігі төмен

деректер дайындау

программамен қамтамасыз ету

арнайы программа

269-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырып, оларды

орыс тіліне аударыңыздар.

Мүмкіндігіне қарай, өте қуатты, орталық құрылды, өлшемдері шағын, деректер дайындау, көпшілік арасында, көлемі шағын, операциялық жүйе.

270-тапсырма. Мәтіннен тура және жанама толықтауыштарды теріп

жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і : Компьютерді (-ді – табыс септігінің жалғауы).

Оқытушының рұқсатынсыз компьютерді іске қосуға болмайды.

271-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдерін тауып жазыңыздар.

Үлкен ЭЕМ

Мини ЭЕМ

Микро ЭЕМ

Дербес компьютер

Көлемі

Өнімділігі

Қолдану саласы

272-тапсырма. Кестені толтырыңыздар.

273-тапсырма. Сөйлемдерден тұрлаусыз мүшелерді тауып, олардың

астын сызыңыздар.

1. Үлкен ЭЕМ-дар ірі мекемелерде, кәсіпорындарда қолданылады.

2. Дербес компьютермен жұмыс істеу өте қолайлы.

3. Мини ЭЕМ-дар үлкен ЭЕМ-дардан шағын және өнімділігі төмен.

4. Дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады.

5. Жедел жадты электрмен коректендіріп отыру керек.

6. Пернатақта - компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.

274-тапсырма. Анықтамаларды мағынасы бойынша орналастырыңыздар.

а) Бұл компьютер бір-ақ адам жұмыс істеу үшін арналған.

ә) Бұл компьютерлер кәсіпорындарда, халық шаруашылық салаларында

қолданылады.

б) Басқа ЭЕМ-ға қарағанда, құны мен өнімділігі төмен, өлшемі де шағын.

в) Келесі ЭЕМ-ның жұмысы көмекші операцияларды орындау.

а) ------------------------------------------- Дербес компьютерлер

ә) ------------------------------------------- Микро ЭЕМ

б) ------------------------------------------- Үлкен ЭЕМ

в) ------------------------------------------- Мини ЭЕМ

275-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті көптік жалғауларын қойып жазыңыздар.

Дербес компьютер..., барлық құрылғы...ының, есептеу машина...ы, қуатты компьютер..., ірі кәсіпорын...ға, барлық сала...ында, көптеген қызметкер...і, есептеу орталық...ы, бірнеше міндет...ді, өлшем...і шағын, ғылыми мекеме...де, дерек... дайындау, көмекші операция...ды, өнімділік...і жоғары, функционалдық мүмкіндік...

276-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

а) Ақпарат жинақтауыштар – кез келген ЭЕМ-нің ... бөлігі.

ә) Олар ... ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қажет.

б) Сыртқы ... кез келген программа, мәлімет сақтала береді.

в) ДЭЕМ-дерге ақпаратты жинақтауыш ролін магниттік дискілердегі ... атқарады.

г) Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар ақпаратты ... сақтауға арналған.

ғ) Дискетті алғаш рет пайдалану алдында, оны арнайы ... форматтайды.

Тиісті сөздер: Сақтауға, тәсілмен, жадта, көлемді, қажетті, жинақтауыштар.

277-тапсырма. ЭЕМ-ның тағы қандай түрлерін білесіздер? Сұхбат

құрастырыңыздар.

7-апта. 20-тәжірибелік сабақ

278-тапсырма. Мәтіннен түсініксіз сөздерді теріп жазып, олардың сөздігін жасаңыздар.

279-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шығып, мағынасын меңгеріңіздер.

280-тапсырма. Мәтіннің алғашқы үш абзацын орыс тіліне аударыңыздар.

281-тапсырма. Мәтіннің екінші жарты бөлігіне пікірталас ұйымдастырыңыздар.

Компьютер қаншалықты зиянды?

Компьютер арқылы көптеген мәселелеріміз шешіліп, біраз мүмкіндіктерге ие болдық десек те, оның адам денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретінінен көпшілігіміз хабарсызбыз.

Бұл қауіпті «ғасыр ойыншығы» тұрмыста көп қолданылады. Енді зияны жөнінде.

Компьютерден шығатын электромагниттік сәуле адам азғасына зиян. Бірақ барлық компьютерлер бірдей деуге болмайды. Соңғы кездегі компьютерлерге қарағанда ерте кезде шыққандары қауіптірек. Екеуінің арасында айырмашылықтар бар. Ал, соңғы маркідегі компьютерлердің өзі құрылысына қарай үш түрге бөлінеді: «ақ», «сары» және «қызыл». «Ақ» құрылысты компьютерлер АҚШ-та, Жапонияда және Батыс Еуропа елдерінде шығарылады. Олар өте сапалы және қауіпсіз. «Сары» құрылысты компьютерлер Гонконг, Тайвань сияқты Азия елдерінде жасалынады. Бұлардың сапасы соншалықты жоғары болмайды. Ал «қызыл» құрылысты компьютерлерді өзіміздің шеберлер құрастырады. Олар зиянды сәулені көбірек бөледі.

Біз әдетте, мониторды зиянды деп ойлаймыз. Ал пернетақта одан да қауіптірек көрінеді. Одан тараған электромагниттік сәулелер саусақ арқылы организмге әсер етеді. Нәтижесінде жүйке ауруы пайда болады. Компьютер алдында көп отырғандардың қол, саусақ ауруларына ұшырайтындары да көп көрінеді.

Компьютердің зиянын барынша азайту үшін мына қеңестерге құлақ түргеніңіз жөн:

1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 см қашықтықта тұрғаны дұрыс.

2. Сіз жұмыс жасайтын жерде бір емес, бірнеше компьютер тұрса, бір-бірінен ара қашықтығы 1 м болуы тиіс.

3. Компьютердің арты мүмкіндігінше қабырғаға қарап тұрғаны жөн.

4. Компьютер тұрған бөлме шаң болмауы қажет.

Ауаны тазалап тұрыңыз. Мүмкін болса, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қойып қою керек.

Жас балалар компьютер алдында тапжылмай отыра бермей, әр 20 минут сайын 15 минут демалуы тиіс. Ал ересек адамдар 2 сағатта бір 10-15 минутқа тынығуы қажет. Компьютермен жұмыс жасап болғаннан кейін міндетті түрде салқын сумен жуыну қажет.

282-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Компьютер арқылы, қауіп төндіру, соңғы маркідегі, құрылысына қарай, өте сапалы, шеберлер құрастырды, пернетақта, саусақ арқылы, жүйке ауруы, компьютер алдында, кеңес.

283-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.

  1. Компьютерден шығатын ... сәуле адам ағзасына зиян.

Қауіп

  1. ... одан да қауіптірек көрінеді.

Жүйке

  1. Компьютердің адам денсаулығына қаншалықты ... төндіретінінен көпшілігіміз хабарсызбыз.

шыққандары

  1. Соңғы кездегі компьютерлерге қарағанда ерте кездегі ... қауіптірек.

Құрылысына

  1. Соңғы маркідегі компьютерлердің өзі ... қарай үш түрге бөлінеді.

өзіміздің

  1. «Қызыл» құрылысты компьютерлерді ... шеберлер құрастырады.

Пернетақта

  1. Компьютер алдында көп отырғандықтан, ... ауруы пайда болады.

Электромагниттік

284-тапсырма. Кестені толықтырыңыздар.

Зияны

Ауру түрлері

Қалай сақтану керек?

Кеңес.

Электромагниттік сәуле

Жүйке ауруы


285-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

мәселе

мүмкіндік

зиян

қауіп

сапалы

шебер

электромагнитік

кеңес

ауру

монитор

сәуле

құрылысына қарай

қауіпсіз

286-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Неліктен дербес компьютер деп аталады? 2. Бұқаралық дербес компьютер

қайда қолданылады? 3. Компьютерлер қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді? 4. Үйде компьютердің қандай түрімен жұмыс істеген қолайлы? 5. Дербес компьютердің құрылысына не жатады?

287-тапсырма. “Компьютердің зияны қаншалықты?” деген тақырыпқа шағын әңгіме жазыңыздар.

288-тапсырма. «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбына пікірсайыс ұймдастырыңыздар.

7-апта. 21-тәжірибелік сабақ

289-тапсырма. Мәтіндегі терминдермен жұмыс жасаңыздар.

290-тапсырма. Мәтінге сөздік жасаңыздар.

291-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.