Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Экономиканы реформалау және ондағы меншіктің орны

Реформалау дегеніміз экономикалық жүйе үлгісінің бір түрінен басқасына өту болып табылады. Бұл процесс үстемдік ететін меншік формасының өзгеруі қалай да қажет деп тілемейді. XX ғ. басына қарай нарық механизмдеріне негізделетін және еркін нарықпен реттелетін экономикалық үлгі өзін өзі жоюға мәжбүр болды. Еркін нарық механизмінің орнына реттелген нарық механизмі келді. Экономиканы мемлекеттік реттеу бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Соғыс біткен соң одан бас тарту бұрын болмаған экономикалық дағдарысқа әкеліп соқты (1929-1933 жж). Кейнс және оның мектебі осы жағдайды дұрыс түсініп, экономиканы реформалау қажеттігін ұсынды. АҚШ-ғы Рузвельттің курсы практика жүзінде олардың қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеді.

454-тапсырма. Терминдермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Меншік, экономика, бағыт, өзгеру, жүргізілу, кедергі, ету, сипат, икемділік, әкімшілік, орнау, жеке, негіз, бұйрық, үлес қосу, мерзім, экономикалық, саяси, шешім, үстемдік.

455-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Реформалау дегеніміз не? 2. XX ғ. басына қарай еркін нарық механизмінің орнына қандай механизм келді? 3. Экономиканы мемлекеттік реттеу қашан пайда болды? Одан бас тарту неге әкеліп соқты? Ол қашан болды? 4. Кім экономиканы реформалау қажеттігін ұсынды? 5. КСРО-да қашан әкімшілік экономика орнады? 6. Қандай меншік жағдайында? 7. Бұйрық экономикасы осы жылдары қай елде орнады? Кейін осы жағдай қай елде қайталанды?

456-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.

1. Реформа жүргізу (со стороны) субъективтік акт болып көрінеді. 2. Оны жүргізудің (всемирный опыт) осы процестерді анықтайтын бірсыпыра кұбылыстарды ашты. 3. Алдымен көзге түсетін жағдай, ол реформа жүргізуде қолданылатын через выбор мероприятий) жүзеге асырылуы. 4. Табиғи ортада тұратын халықтар, тек өздерінің дәстүріне зиян келтірмейтін (изменения) қабылдайды. 5. Қазақстандағы реформаның сәтсіздіктерінің көбі, оның (цивилизация) ерекшеліктерімен есептеспеуімен дәлелденеді. 6. Қазақстанда көп (проблема) (от традиционного общества) деуге болады.

Даналық сөздердің мағынасын меңгеріңіздер

«Егер әрбір адам экономиканы білсе, сол мемлекет күшті».

(Аристотель)

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінездеген нәрселермен озады, одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақшылық».

(Абай)

13-апта. 38-тәжірибелік сабақ

457-тапсырма. Ресурстар туралы не білесіздер? Тақырып төңірегінде пікірталас ұйымдастырыңыздар.

458-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттаңыздар.

459-тапсырма. Табиғи ресурстардың түрлеріне шағын мәтін құрастырыңыздар.

460-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.

Ресурстар

Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамның табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолданылуы мүмкін.

Табиғат ресурстары – бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.

Табиғи ресурстар сарқылмайтын және сарқылатын болып бөлінеді. Сарқылмайтындар өз кезегімен жаңғыртылмалы және жаңғыртылмалы емес деп бөлінеді. Адамдар өзінің іс-әрекеттері үшін табиғи ресурстарды көбейте қолданады. Нәтижесінде биосфера ресурстарының елеулі бөлшектерінің тепе-теңдігі жойылады, осылай көп алуан өмір формалары бұзылады және күнкөріс ортаның сапасы төмендейді.

Материалдық ресурстарға өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал-жабдықтардың барлығы жатады. Еңбек ресурстарына жұмысшы күші жатады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Еңбек ресурстарын сипаттауда адамдардың жастары, жынысы, квалификациясы, білім дәрежесі, еңбек мотивациясы өте маңызды рол атқарады.

Қаржы ресурстары өңдіріс процесі үшін қоғамның бөлген ақша құралдары болып табылады. Бұлардың көзіне инвестициялық құралдар, бағалы қағаздар, салықтар, ақша жинақтары, мемлекеттік қарыздар жатады.

Информациялық ресурстар – бұл автоматтанған өндірістің қызмет етуі үшін және компьютерлік техника арқылы оны басқаруға қажет жағдайлар.

Қоғамның қандайына болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осы замандағы иңдустриалдық нарықтық экономика информациялық ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарды.

Сөздік

жүйе – система жиынтық – совокупность

қатынас – отношение түсінік – понятие

байланыс – связь рухани игіліктер – духовные ценности

қызмет – служба, функция, должность

өндірістік ресурстар – производственные ресурсы

өндірістің элементтері – элементы производства

материалдық игіліктер – материальные ценности

461-тапсырма. Сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

1. Жүйе; өндіріс; қоғам; табиғат; қатынас; байланыс; экономика; материал; күн; су. 2. Рухани; маңызды; сарқылмайтын; нәтиже; күнкөріс; өндіріс. 3. Игіліктер; қызмет; шарт; орта; компоненттер; қуат; ресурс; қазбалар; ресурстар; нәтиже; бөлшек; бұзу; орта; сапа.

462-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Өндіріс қоғамның ... қатынасы болып табылады. 2. Осы қатынастар ... ресурстар арқылы білінеді. 3. Күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалары ... ресурстарына жатады. 4. Табиғи ресурстар сарқылмайтын және ... болып бөлінеді. 5. Адамдардың ... нәтижесінде биосфера ресурстарының елеулі бөлшектерінің тепе-теңдігі жойылады, осылай көп алуан өмір формалары бұзылады және күнкөріс ортаның сапасы төмендейді. 6. Материалдық ресурстарға өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын ... барлығы жатады. 7. Еңбек ресурстарына ... жатады. 8. Қаржы ресурстары өңдіріс процесі үшін қоғамның бөлген ... болып табылады.

Тірек сөздер: 1. сарқылатын; 2. табиғатпен; 3. жұмысшы күші; 4. өндірістік; 5. табиғат; 6. ақша құралдары; 7. іс-әрекеттері; 8. құрал-жабдықтардың.

463-тапсырма. Бақылау жұмысына берілген сұрақтарға жауап әзірлеңіздер.

1.Өндіріс деген не? 2. Өндірістік және табиғат ресурстары деген не? 3.

Табиғи ресурстар қалай бөлінеді? 4. Сарқылмайтын ресурстар дегеніміз не? 5. Материалдық ресурстарға нелер жатады? 6. Еңбек және қаржы ресурстарының көзіне не жатады? 7. Информациялық ресурстар және қаржы ресурстары деген не?

464-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінің қазақша нұсқасын мәтіннен табыңыздар.

Потребительский процесс, природные ресурсы, производственные остатки, производственные средства, рабочяя сила, степень развития.

465-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Тұтыну процесі деген не? 2. Өндіріс пен тұтыну байланыста бола ма, әлде жоқ па? 3. Өнім ненің нәтижесі деуге болады? 4. Тұйық жабық экологиялық-экономикалық цикл қай уақытта туындайды? 5. Тұтыну сферасына жетуден бұрын заттар қайдан өңдеуден өтуге тиісті?

466-тапсырма. Сұрақтарға бір-біріңізбен ой бөлісу арқылы жауап беріңіздер.

1. Егер табиғат заты өңдеуден өтпей тұтынуға жарамды болса, онда ол қандай категорияға жатады? 2. Өндіргіш күштер деген не? Оның ішкі құрылымы дегеніміз не? 3. Адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады ма, әлде жоқ па? 4. Қоғамның және экономиканың даму дәрежесінің индикаторына не жатады?

13-апта. 39-тәжірибелік сабақ

467-тапсырма. Өндіргіш күштерді қалай түсіндіресіздер? Өзара пікір алмасыңыздар.

468-тапсырма. Өндіріс процесінде қандай қатынастар қалыптасады? Шағын мәтін құрастырыңыздар.

469-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.