Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Кәсіпкерлік және кәсіпорын

Кәсіпкерлік кең тарағанда қоғамның өмірі нарық экономикасына сәйкес формаларда жүріп отырады. Кәсіпкерлік - бұл коммерциялық табысқа жетуді көздейтін іс-әрекет, ал кәсіпкер - кәсіпорнын иемденетін адам немесе иемденушінің атынан кәсіпорынның жұмыстарын басқаратын өкілетті менеджер.

Ірі өндірісте меншікті иемденуші мен кәсіпкер бір-бірінен ажыратылады. Олардың қызметтерінің бөлінуінің негізіңде капитал функциядан капитал меншіктің бөлініп шығуы туады.

Кәсіпкерлік шаруашылық іс-әрекеттің белгілі түрінен тұрады. Жаңашылдық, ресурстарды тиімді пайдалану, тәуелділікке бел байлаушылық, технологиялық процестерді қолдап пайдаланудағы икемділік пен тапқырлық- осы және т.б. кәсіпкерлікті сипаттайды. Кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, инновациялык, консультативтік іс-әрекеттерді және құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларды қамтиды.

Нарық экономикасында шаруашылық жүргізудің кәсіпкерлік іс-әрекеті тиімді және белсенді жүріп отыруы үшін белгілі шарттар қажет:

  • еркін тауар өндірушілердің шаруашылық әрекеттерінің толық еркіндігінің болуы;

  • меншіктің барлық түрлерінің тең қүқықтығы жағдайында, экономикалық әрекеттің нәтижесіне толық жауапкершіліктің болуы;

  • игіліктер мен қызметтер өндірісін ынталандыратын фактор ретінде өндірушілердің бәсекелестігінің болуы;

  • нарықта бағаның еркін белгіленуі;

  • экономиканың ашықтығы, оның бүкіләлемдік шаруашылық жүйесімен интеграцияда болуы, сыртқы экономикалық операциялар жүргізуге кәсіпкердің құқы болуы.

477-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Нарық, табыс, іс-әрекет, кәсіпкер, кәсіпорын, өндіріс, шаруашылық, жаңашылдық, ресурстар, тиімді пайдалану, тәуелділік, икемділік, тапқырлық, өндірістік, коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, инновациялык, консультативтік іс-әрекеттер, құнды қағаздар.

478-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін

құрастырыңыздар.

1. Кәсіпкерлік деген не? Ал кәсіпкер деген кім? 2. Ірі өндірісте меншікті иемденуші мен кәсіпкер бір-бірінен қалай ажыратылады? 3. Кәсіпкерлік шаруашылық неден тұрады? Кәсіпкерлікті сипаттап беріңіздер. 4.Кәсіпкерлік қандай іс-әрекеттерді және қандай операцияларды қамтиды?

479-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Бұл кәсіпорын меншіктің ........ формасы негізінде құрылған. 2. Кәсіпорын өндірістің көлеміне қарай ........ болып табылады. 3. Кәсірорнынның көлемі шығарылатын ........ шамасымен ғана байланысты емес. 4. Кәсіпорнының нарықтағы үлес салмағы ........ ортаға бейімделуімен байланысты болып отыр. 5. Кәсіпорынның ........ барлық өндіріс факторларын пайдаланудың нәтижесінде құралады.

Тірек сөздер: бәсекелестік; орта кәсіпорын; өнімінің; табысы; акционерлік компания.

480-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.

Қоғамдық (производство) күрделі интеграцияланған жүйе. Меншіктің (разные) формалары бар: жеке, (государсвенный), арендалық, (коллективный) және (в реальной жизни) фирма, концерн, шаруашылық ассоциациясы, акционерлік компания, фермерлік отбасылық шаруашылық, т.б. Микродәрежеде шаруашылықты ұйымдастыру әрекетінің көп тараған (единица) - кәсіпорын. (по объему прозводства) кәсіпорындар кіші (шағын), орта, аса ірі кәсіпорын болып бөлінеді.

14-апта. 40-тәжірибелік сабақ

481-тапсырма. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдерін өздеріңіз білетін мәліметтеремен толықтырыңыздар.

482-тапсырма. Мәтіннің бірінші абзацын орыс тіліне аударыңыздар.

483-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жаап құрастырыңыздар.

484-тапсырма. Мәтіннен мамандыққа қатысты термин сөздерді теріп жазып, оларға түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.

485-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен мұқият танысып, мағынасын меңгеріңіздер.

Э К О Л О Г И Я С А Л А С Ы

* * * * *