Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Табиғаттағы зат айналымдары

Табиғаттағы зат айналымдарының негізгі қозғаушы күші – Күн энергиясы. Күн энергиясы болмаса, биосфера тіршілігі бірден тоқтайды. Күн энергиясын ең алдымен өсімдіктер әлемі қабылдайды. Өсімдіктер Күн энергиясын сіңіріп, оны тірі организмдерге берілетіндей қоректік энергияға айналдырады. Энергия одан әрі тірі организмдер арқылы тасымалданып, әр түрлі қызмет атқарады. Сондықтан табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, тек бір күйден екінші күйге ауысады.

Табиғатта барлық заттар үнемі қозғалыста болады. Биосфера шегінде оның үлкен және кіші айналымын бөліп көрсетеді. Заттардың үлкен айналымы биосфера шегінде жүзеге асады. Үлкен айналым жер шары пайда болғаннан бастап ұзақ геологиялық жылдарды қамтиды. Соның нәтижесінде құрлықтағы заттар мұхиттарға жетіп, одан жер астына қарай жылжып, қайтадан жер бетіне көтеріліп отырады. Заттар газ, сұйық зат, шөгінді жыныстар, түрі өзгерген массаларға айналып жатады.

Заттардың кіші айналымы үлкен геологиялық айналым құрамына ене отырып, бүкіл биосфера шегінде әрекет етеді. Бұл процесс экожүйе және организм шегінде зат және энергия айналымы түрінде жүзеге асады. Яғни биологиялық айналым бір-біріне қарама-қарсы екі процестен-органикалық заттың түзілуінен және оның ыдырауынан тұрады. Органикалық заттардың алғашқы қоры жасыл өсімдіктерден пайда болады. Олардың көзі – көмірқышқыл газы, су және минералды заттар мен Күн энергиясы. Сол сияқты өсімдік топырақтан еріген күйдегі күкірт, фосфор, кальций, магний, т.б. элементтерді жинақтап, органикалық заттар түрінде өсімдік қоректілерге қажетті нәруыз, май, аминоқышқылдар, т.б. заттар түзеді. Одан әрі микроорганизмдер өсімдіктер мен тірі организмдердің қалдықтарын ыдыратып, қайтадан топырақ пен су құрамына береді. Осылайша табиғатта биологиялық айналым үздіксіз қайталанып отырады.

Бүкіл жер шарындағы су Күн энергиясының әсерінен кіші және үлкен айналымға түседі. Судың булануы су бетінен топырақ және өсімдіктер арқылы жүреді. Одан соң су булары атмосфераға көтеріліп, салқындап, қайтадан жауын, қар, бұршақ түрінде жерге түседі.

Судың кіші айналымы кезінде мұхиттар, теңіздер, көлдер бетінен көтерілген су булары қайтадан сол жерге, ал судың үлкен айналымы кезінде буланған судың біразы алыстағы құрлыққа түседі.

Құрлықтағы су айналымының тұрақты болуы көбінесе өсімдіктерге және адамның суды тиімді пайдалануына байланысты. Мәселен, Арал теңізі түбінен мыңдаған тонна тұзды шаң-тозаң ұшып, табиғи қоршаған ортаға зиян тигізуде.

Қазіргі кезде аса қауіп төндіретін мәселелердің бірі – теңіздер мен мұхиттардың мұнаймен ластануы. Біздің республикамызда Каспий теңізінің көтерілуінен мұнай қоймалары мен мұнай ұңғымалары су астында қалып, теңіз жануарлары мен құстарын көп шығынға ұшыратуда.

521-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап дайындаңыздар.

1. Табиғаттағы зат және энергия айналымдарының ролі неде? 2. Судың үлкен және кіші айналымы қалай жүреді? 3. Табиғаттағы үлкен және кіші биологиялық айналымдар қалай жүреді? 4. Биосферадағы зат және энергия айналымдары қалай жүзеге асырылады? 5. Экологиялық апат аймақтарын қалай құтқаруға болады?

522-тапсырма. Тұратын жерлеріңіздегі үлкен және кіші өзендер мен көлдердің қалай ағатыны, суының тазалығы мен сапасы туралы ой бөлісіңіздер.

523-тапсырма. «Экологияның адам өмірінде алатын орны» деген тақырыпқа мәтін құрастырыңыздар.

524-тапсырма. Берілген етістіктермен нақ осы шақ формасында сөйлемдер құрастырыңыздар.

Бастау, шаршау, анықтау, лақтыру, жүгір, жақындау, әзірлеу, көңілдену, бейімделу.

525-тапсырма. Шешендік сөздер бойынша төмендегі кестені толтырыңыздар.

Жақсы адамның сипаты Жаман адамның сипаты

--------------------------------- ---------------------------------

-------------------------------- ----------------------------------

-------------------------------- ----------------------------------

-------------------------------- ----------------------------------

526-тапсырма. Көп нүктенің орнына қатыстық сын есімнің жұрнақтарын қосып жазыңыздар.

Баға... заттардың қандай минералдар түрінде кездесуіне байланысты кендер күкірт..., тотық... және аралас кендер деп аталады. Олардың кейбірінің құрамында баға... элементтер болса, көпшілігі тау жынысына жатады. Табиғи минералдарды заттардан техниканың қазіргі даму сатысында баға... заттарды бөліп, халық шаруашылығында өнімді пайдалануға болса, онда оларда пайда... қазбалар деп атайды. Олардың құрамына бір немесе бірнеше баға... минералдар мен көптеген тау жыныс минералдары кіреді.

15-апта. 43-тәжірибелік сабақ

527-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, қазақ тіліне тән дыбыстардың сауатты оқылуына назар аударыңыздар.

528-тапсырма. Мәтіннен мамандыққа қатысты терминдерді теріп жазып, оларға түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.

529-тапсырма. Мәтіннің алғашқы үш абзацын орыс тіліне аударыңыздар.

530-тапсырма. Мәтінмен танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Машина жасау саласы

Бүгінгі заман талабы ғылыми-техникалық прогресті және әлеуметтік міндеттердің ойдағыдай шешілуін қамтамасыз ететін салаларды неғұрлым жоғары қарқынмен дамыту, тұтыну мен қор жинаудың оңтайлы арақатынасына, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын өндіруге аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің салалары арасындағы пропорцияларды жақсартуға күш салуды қажет етеді.

Еліміздің экономикасы дүние жүзіндегі ең жетілдірілген және қуатты экономикаға айналдыру экономикалық күш-қуаттың негізі – ауыр индустрияны одан әрі дамытуды қажет етеді.

Ғылым мен техниканың ең жаңа жетiстiктерiн iске қосуда машина жасау саласына басты орын берген жөн. Оның өсу қарқынын жеделдету — халық шаруашылығының барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогрестiң және елдiң қорғаныс қабiлетiн тиiстi дәрежеде ұстаудың негiзi, болашақта экономиканы дамытудың сара бағыты. Машина жасау өндiрiсiнiң технологиясы мен ұйымдастырылуында революциялық өзгерiстер жасауды, еңбек өнiмдiлiгiн еселеп арттыруды, материал мен энергияның жұмсалуын кемiтудi, өнiмнiң сапасын жақсартуды, қор қайтарымын өсiрудi қамтамасыз ететiн техникалық-экономикалық жағынан ең жоғары дәрежедегі машиналар, жабдықтар мен аспаптар жүйелерi мен комплектiлерiн шығаруға тиiс. Ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетудiң шын мәнiндегi тездеткiштерi — станок жасау, электротехника өнеркәсiбi, микроэлектроника, есептеу техникасы мен прибор жасау, бүкiл информатика индустриясы басым дамытылатын болады.

Жоғары техникалық және технологиялық оқу орындарындағы машина жасау технологиясы немесе соған жақын мамандықтар бойынша бiтiретiн инженерлер: а) машинажасау саласындағы көптеген құбылыстарды, заңдылықтарды жетік игеру керек; ә) олар тиiмдi кұрал-жабдықтар шығаруға арналған технологиялық процестердiң жобасын өте сауатты, өскелең заманымыздың талабына сай етiп құра бiлулерi керек.

531-тапсырма. Төмендегі берілген сөздердің аудармаларын мағынасына қарай сәйкестендіріңіздер.

1. машина жасау а) научно-технический прогресс

2. ғылыми техникалық прогресс ә) социальные объязанности

3. әлеуметтік міндеттер б) машиностроение

4. құбылыстар в) законность

5. заңдылықтар г) обеспечить

6. қамтамасыз ету ғ) явление

7. өнеркәсіптік кешен д) производственные аппаратуры

8. өндіріс құрал-жабдықтары е) промышленный комплекс

532-тапсырма. -лық/лік, -дық/дік, -тық/тік жұрнақтары арқылы жаңа сөздер жасаңыздар. Ү л г і : Оқу: оқу + лық

жазу экономика заңды

техника өнеркәсіп маман

сала тұтынушы кешен

еңбек технология анықтама

533-тапсырма. Мәтіннен тұйық етістік пен есімшенің жұрнақтары арқылы жасалған сөздерді тауып, дәптерлеріңізге жазыңыздар.

534-тапсырма. Мәтіндегі тұйық етістікті сөздерді тәуелдік формаға қойып, сөйлем құрастырыңыздар.

Ү л г і: Біздің өнімнің сапасын жақсарт+у+ымыз керек.

535-тапсырма. Кестені толтырыңыздар.

реті

тұйық етістік

іс-әрекет мақсаты

нені айтты?

-атын, -етін

іс-әрекеттің басталуы

1.

қуатты экономикаға айналдыру

қуатты экономикаға айналдыруды мақсат ету

қуатты экономикаға айналдыратынын айтты

қуатты экономикаға айналдыра бастады

2.

тұтыну заттарын өндіруді мақсат етеді

3.

ауыр индустрияны дамыту

4.

энергияның жұмсалуын кемітетінін айтты

5.

өнімнің сапасы жақсара бастады

536-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін бір-бірімен мағынасына қарай орналастырыңыздар.

  1. бүгінгі

  2. күш салуды

  3. қуатты экономикаға

  4. ауыр индустрияны

  5. машина жасау

  6. тұтыну заттарын

  7. есептеу

  8. заңдылықтарды

  9. өнімнің сапасын

  10. энергияның жұмсалуын

а) қажет етеді

ә) заман талабы

б) саласы

в) дамыту

г) айналдыру

ғ) техникасы

д) игеру

е) өндіру

ж) кеміту

з) арттыру

537-тапсырма. Сөйлемдердегі жақшаға алынған сөздердің синонимдерін табыңыздар.

Машина жасау саласының (1. өсу) қарқынын (2. жеделдету) – халық шаруашылығының барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогрестің және елдің қорғаныс қабілетін тиісті (3. дәрежеде) ұстаудың негізі, (4. болашақта) экономиканы дамытудың (5. сара бағыты).

1. ..... 3. ...... 5. ......

2. ...... 4. ......

538-тапсырма. Берілген сөзжұмбақты шешіңіздер. Шешімінде техникалық институттың аты шығады.

1. «Специалист» сөзінің аудармасы.

2. Таудың аты

3. Сан есімнің сұрағы

4. «Тұтынушы» сөзінің

аудармасы

5.«Промышленность»

сөзінің аудармасы

6. Етістіктің райлары

7. Мамандық аты

8. «Қ» дыбысы қандай дыбыс?

9. Тілсіз жау

10. Есімшенің жұрнағы.

11. Тұйық етістіктің жұрнағы

539-тапсырма. «Ғылыми-техникалық прогресс» деген ұғым қай сөзбен етістікті тіркес жасай алады?

Ғылыми-техникалық прогресті

  1. дамыту

  2. зерттеу

  3. сынау

  4. жазу

  5. талдау

  6. жақсарту

  7. іздеу

  8. қарау

  9. арттыру

  10. өндіру

  11. салу

  12. көру

540-тапсырма. Бақылау сұрақтарымен өздік жұмысын дайындаңыздар.

1. Ғылыми – технологиялық процесстер қандай мәселелерді қарастырады?

2. Өндірістік бұйымдардың сапалы шығарылуы неге байланысты?

3. Есімшенің жасалу жолын айтыңыз.

4. Инженерлер қандай болу керек.

15-апта. 44-тәжірибелік сабақ

541-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

542-тапсырма. Мәтіннен мамандыққа қатысты бес термин сөзді теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

543-тапсырма. Мәтіндегі көсемше тұлғасында тұрған сөздердің астын сызыңыздар.

544-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын өздеріңіз білетін мәліметтермен толықтырыңыздар.