Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Сәулеттік құрылыс саласы

* * * * *

Сәулет өнері және оның зерттелуі

Сәулет өнері ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Архитектор гректің «архитектон» деген сөзінен алынған. Алғашқы мағынасы құрылыс өнерінің бас шебері деген ұғымды білдірген.

Ал, Даль – архитектор деген терминге «ғалым-құрылысшы», «суретші-құрылысшы» деген анықтама береді. Сәулет өнерінің мақсаты – адам өмірі мен қызметін материалдық құрылым құрылыс конструкцияларды арқылы ұыймдастырып іске асыру.

Өзінің атқаратын қызметіне қарай архитектура негізі үш түрге бөлінеді; көлемдік ғимараттар құрылысының архитектурасы (тұрғын үй, театр, мектеп, дүкен); қаланы көріктендіру немесе жасыл-желек архитектурасы (бақ-парк, фонтандар); қала құрылысының архитектурасы, яғни қала салу өнері (жаңа қалалар салу, ескі аудандарын жаңарту).

Ғасырдан ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары сәулеттік ескерткіштер қатарына жатады. Ондай ескерткіштер өз дәуірінің құрылыс салу тәсіліне сай бітім-пішіні бар белгілі үлгімен салынады. Дүние жүзі халықтарының архитектурасындағы мұндай ерекшілік оның ең бірінші қоғамдық даму сатысына, тұрмыс салты мен мәдени өркендеуіне, ұлттық дәстүріне, табиғаты мен ауа райына, сондай-ақ жергілікті құрылыс материалына байланысты болады.

Құрылыс – жер шарындағы ең ежелгі өнердің бірі. Адам өзінің бірінші үйін ежелгі тас дәуірінің палеолит кезеңінің басында тұрғызған. Түнемелікке жатар жерді қалың шөптесінді немесе қалқалау жерді таңдаған, содан кейін күрке, лашық сала бастады. Қазірдің өзінде өте ежелгі күрылымдар, көне жұрт, баспана-жайлар кейбір жерлерде сақталған.

Алғашқы өркениет пайда болғанға кейін адамдар осындай құрылыстарда тұрып келген. Кейіннен қалалар салынып, әр түрлі құрылыстар жүргізілсе де, сол күркелер мен лашықтар әлі де өз қызметін жалғастырып келе жатыр.

Сөздік:

сәулет өнері – архитектура күрке, лашық – шалаш

адамзат – человечество түнемелі – ночлег

бас шебер – главный мастер ежелгі – древний

баспана – жилище, укрытие, убежище

386-тапсырма. Төмендегі термин сөздердің аудармасын меңгеріп алыңыздар.

ғимарат – здание ескерткіш – пандус

жобалау – проектирование үлгі, нұсқа – образец

көлемдегі ғимарат блогы – объемный блок здания

ескерткіш ғимараттар – мемориальные сооружения

ескерткіш саяжайлар – мемориальные парки

387-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. «Архитектор» сөзі қайдан шыққан? 2. Осы сөздің алғашқы мағынасы

қандай? 3. Даль архитектор деген сөзге қандай анықтама береді? 4. Сәулет өнерінің мақсаты не? 5. Сәулет өнері қай өнермен тығыз байланысты?

388-тапсырма. Берілген сөзге синонимдік қатар жасаңыздар. Олармен бірнеше сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Ежелгі...

389-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Архитектура – искусство строить здания и их комплексы, предназначенные для повседневных запросов частной и общественной жизни и деятельности людей. Любое здание включает в себя жизненно необходимое пространственное ядро-интерьер. Его характер, выраженный во внешней форме, предопределен назначением, условиям жизни, потребностью в удобстве и просторе. Связана в своем развитии с меняющимся материальными потребностями человека, с развитием науки и техники архитектура является одной из форм материальной культуры.

Вместе с тем архитектура – один из видов искусства.

В художественных образах архитектуры отражаются и строй общественной жизни, и духовного развития общества, и его общественной жизни, уровень духовного развития общества, и его эстетические идеалы. Архитектурный замысел, его целесообразность раскрываются в организации пространства интерьера и объема здании характеризуют своеобразие художественного языка архитектуры.

Сөздік:

интерьер – ішкі көрініс, ішкі бейне оформление – әшекейлеу

своеобразие өзгешілік, өзіндік воздействовать – әсер ету, ықпал ету

градостроительство – қала кұрылысы предопределить – алдын-ала аныктау

390-тапсырма. Ғибрат сөздерді жаттап алыңыздар.

Сәулет - үнсіз музыка Өнер сыры - өрнекте

(И.Гете) ( Ғ. Мүсірепов)

Архитектура әндер мен аңыздар үнсіз калып, жер бетінен жойылған халық туралы ештеңе де айтпайтын кездерде де тарих шежіресін жырлап тұрады.

( Н.В. Гоголь)

Ғимарат салғанда адамның тұруына ыңғайлығын әдемілікке ұштастыра білген суретші -мақтауға тұратын сәулетші

(Д. Бернини)

11-апта. 32-тәжірибелік сабақ

391-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

392-тапсырма. Мәтінді екі мағыналық бөліктерге бөліп, әр бөлігіне

тақырып қойыңыздар.

393-тапсырма. Мәтіннен бірнеше термин сөздерді теріп жазып, оларға түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.

394-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.