Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Кен байыту саласында қолданылатын терминдер

Бай кенметалл(дар) мөлшері қарастырылған уақытта, қазылып жатқан кендегі металл мөлшері ортадан жоғары болса, ондай кен бай кен деп аталады.

Реагенттердің минералдармен өзара әрекеттесуіфлотациялық байыту әдісінде минералдардың флотациялануы (ауа көпіршіктеріне жабысуы) олардың беттерінің сулануына немесе суланбауына байланысты. Осы қасиетті реттеу үшін түрлі химиялық қосылыстар – реагенттер қолданылады. Олар қасиеттеріне қалай минерал бетімен әрекеттесіп, адсорбцияланады.

Адсорбция – (лат. ad – барысында к+sorbere – сіңіруі) – ерітіндіден немесе газ қоспасынан бір затты, екінші бір қатты, не сұйық заттың өз бетіне сіңіруі. Бұл физика-химиялық құбылыс кенді флотациялау процесінде кеңінен қолданылады.

Пайдалы минералдардың кендегі сепкілдігіСепкілдік кендегі бағалы минералдар түйіршіктерінің диаметрін көрсететін қасиет. Байыту әдісін таңдауда бұл қасиет маңызды роль атқарады.

Төңкергіш, аударғышопробывание. Вагондағы затты төңкеріп түсіру үшін қолданылатын механизм.

Шөгуосаждение. Бұл процесс концентратты сусыздандыру үшін қоюландырғанда орын алады.

Шөгінді осадок. Пульпа не ерітінді ішіндегі қатты зат түйршіктерінің өз салмағымен шөгіп жиналуы.

Үйінді – отвал. Бос жыныстардан, пайдалы қазындылардың қалдықтарынан және шлактардан жиналған үйінді.

Көбік – пена. Бірінен бірі су қабатымен, не ұнтақ затпен бөлінген ауа көпіршіктерінің жиынтығы.

Көбікті флотация пенная флотация. Флотациялау процесінің ең көп тараған түрі.

85-тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқып, мағынасын меңгеріңіздер.

Тау-кен өнеркәсібінің мәні

Сұрақ-жауап

  • Бүгінгі таңда қоғамның минералдық шикізатқа деген мұқтаждығы қандай дәрежеде?

  • Бұрын ашылып, нағыз өндірістік қуатына енген кен кәсіпшіліктері жылма-жыл зерттеліп, өндіріске беріліп жатқан жаңа кен орындарының саны қаншама көп болғанымен, қоғамның минералдық шикізатқа деген мұқтаждығы өсе түсуде.

  • Ертедегі қауым химиялық элементтерді пайдаланған ба?

  • Ғалым В.И.Вернадскийдің зерттеуіне сүйенсек, ертедегі қауым химиялық элементтердің 19-ын ғана пайдаланыпты. Адамзат қажетіне жараған элементтердің саны ХҮШ ғасырда – 28, ХІХ – 50, ал ХХ ғасырдың басында оның саны 59-ға жетіпті.

  • Октябрь революциясына дейін Россияда химиялық элементтерді пайдаланған ба?

  • Октябрь революциясына дейін Россияда небәрі 15 химиялық элементті пайдаланған.

Сөздік:

кәсіпшілік – промысел; ремесленничество; хозяйство

қорғасын – свинец

мұқтаждық – нужда; потребность; лишения; нуждаемость

өндіріс – производство

сала – область; сфера; отрасль; раздел

мыс – медь

2-апта. 6-тәжірибелік сабақ

86-тапсырма. Мәтіннен магмалы жыныстарға берілген абзацты орыс тіліне аударыңыздар.

87-тапсырма. Шөгінді жыныстарды өздеріңіз білетін мәліметтермен толықтырыңыздар.

88-тапсырма. Метаморфиялы жыныстарға сұхбат құрастырыңыздар.

89-тапсырма. Мәтінмен танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Пайдалы қазынды кен орындарының кен- геологиялық сипаттамасы

Жердің қабығы литосфера деп аталады. Одан әрі мантия басталады және ол жердің ядросын орап жатыр. Литосфераның құрлықтағы қабығы орташа есеппен алғанда 30-40 шақырым. Оған мынандай элементтер кіреді: оттегі – 49%, кремний – 26%, мырыш – 7,45%, темір – 4,2%, кальций – 3,25% т.б.

Жер қабығы әртүрлі кезеңдерде өткен геологиялық процестердің нәтижесінде сан қилы минералдан және тау жыныстарынан құралған.

Минерал дегеніміз геологиялық процестің нәтижесінде пайда болған табиғи химиялық қосынды немесе химиялық құрамы және құрылысы біртектес элемент. Тау жынысы (горная порода) дегеніміз жер қабығында өзіндік аумағы бар, кейбір геологиялық процестер нәтижесінде пайда болған, шығуы ортақ тұрақты минералдардың бірлігі. Тау жыныстары созымды (саз балшық), сынған (көмір), сусымалы (құм), қатты (бозальт) және жұмсақ (шымтезек) болады.

Тау жыныстары байырғы (коренные) және тасынды (наносы) болып бөлінеді. Байырғы дегеніміз өзінің пайда болған орнында жатып бұзылысқа ұшырамаған, бірақ геологиялық өзгерістердің нәтижесінде кеңістіктегі бағыты өзгеруі мүмкін. Тасынды дегеніміз желдің, күннің, судың және қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне байланысты байырғы жыныстардың бұзылу нәтижесі. Олар – борпылдақ және қабаттарымен байырғы жыныстарды жабады және әдетте жердің бетінде жатады. Сондықтан тасынды нөлден бірнеше жүздеген метрге дейін болуы мүмкін.

Пайда болуына байланысты байырғы жыныстар үш топқа бөлінеді: магмалық, шөгінді (осадочные) және метаморфиялық.

Магмалы жыныстар деп сұйық балқыған магманың суығаннан соң пайда болған жыныстарын айтады. Оларға граниттер, базальттар, габбролар және басқалары жатады. Магмалы жыныстардың құрылысы кристалды болады және аумағының пішіні дұрыс емес болып келеді. Құрамында металдары бар магма жер қабығының жарықтарына толып руда желілерін (рудные жилы) құрайды.

Шөгінді жыныстар деп басқа жыныстардың бұзылу нәтижесінде пайда болған немесе қоймаларында еріп химиялық тұнба ретінде жиналған жыныстарды айтады. Көмір кен орындары негізінен құстастан (песчаник), әктастан, аргилиттен, алевролиттен, сазды және көмір тастардан (сланцы) тұрады. Шөгінді жыныстардың маңызды белгісі олардың қабаттылығы, яғни жыныс қабаттарының жиналуына байланысты алмасуы.

Метаморфиялы жыныстар дегеніміз жоғары қызудың және үлкен қысымның нәтижесінде өзінің алғашқы құрамын және құрылысын өзгерткен магмалы немесе шөгінді жыныстар. Оларға кварциттер, кристалды тақта тастар, мраморлар т.б. жатады. Метаморфиялы жыныстарда темір, вольфрам, сирек металдар және басқа да рудалар кездеседі.

Жер қыртысында кездесетін әрбір минералдық затты табиғи түрінде немесе өңдеуден кейін адамзат пайдаланатын болса, онда оны пайдалы қазынды (полезное ископаемое) деп атайды. Табиғатта пайдалы қазындылар қатты түрде (әртүрлі рудалар, құнды тастар, көмір, құрылыс материалдары, т.б.) және газ жағдайында (табиғи газдары) кездесуі мүмкін. Арасында пайдалы қазындылары бар, бірақ қалыңдығы жөнінде өндіруге келмейтін тау жыныстарын бос жыныстары (пустые породы) деп атайды.

90-тапсырма. 89-тапсырмадағы берілген мәтіннің жалғасымен мұқият танысып, мағынасын меңгеріңіздер.

91-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттаңыздар.

92-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыздар.

1. Жердің қабығын атаңыз. 2. Қабықтан кейінгі қабат қалай аталады? 3. Жердін ядросын орап тұратын қабат. 4. Литосфераға кіретін элементтерді атаңыз. 5. Минерал дегеніміз не? 6. Тау жынысын қалай түсінесіз? 7. Тау жынысы қандай болып бөлінеді? 8. Байырғы және тасынды жыныстар дегеніміз не? 9. Байырғы жыныстар неше топқа бөлінеді? 10. «Пайдалы қазынды» деп нені атайды?

93-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін аударып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Земная кора. Горные породы. Коренные. Химический состав. Осадочные породы. Угольное месторождение. Метаморфические породы. Обработка. Полезное ископаемое. Химическая смесь.

94-тапсырма. Төменде берілген ортақ және ырықсыз етістерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Жіберілді, жиналды, жеңілді, жазысты, әкелісті, жуысты, шақырылды, қаралды, әңгімелесті.

95-тапсырма. Маркшейдерлік істің даму тарихынан мәлімет алып, мазмұндаңыздар.