Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать
  1. Компьютердің құрылғылары

Компьютерлерді суперкомпьютерлер, үлкен компьютерлер, орташа ЭЕМ-лар, микро-компьютерлер, мини-компьютерлер, дербес компьютерлер, тасымалданатын компьютерлер және т.б. жіктеуге болады. Суперкомпьютер - өте қуатты, жұмыс істеу жылдамдығы мен өнімділігі жоғары есептеуіш машиналар. Оларға Cray және IBM SP2 машиналары жатады. Суперкомпьютерлар үлкен көлемді, күрделі есептеулер жүргізу үшін аэродинамикада, ауа райын анықтау мекемелерінде, физикада және қаржы саласында қолданылады.

Үлкен компьютерлер немесе мейнфреймдер бір уақытта бірнеше пайдаланушылар жұмыс жасап, көптеген операциялар орындауға мүмкіндік береді. Мұндай компьютерлер күрделі математикалық есептеулер жүргізуге арналған. Үлкен компьютерлер аймақтық есептеу орталықтарында, автоматтандырылған жобалау жүйелерінде және т.б. қолданылады. Орташа ЭЕМ-лар күрделі техникалық, өндірістік процесстерді басқаруға арналған.

Микро-компьютер дегеніміз орталық процессор ретінде микропроцессор қолданылатын компьютер. Мини-компьютер - орталық процессордың кейбір қызметтерін орындай алатын шағын компьютер. Оның бір мезгілде бірнеше терминалмен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Олар автомобильдерде, самолеттерде, станоктарды басқару үшін заводтарда және т.б. қолданылады.

Дербес компьютер - жеке пайдаланушыға арналған әмбебап компьютер. Тасымалданатын компьютерге өлшемдері ықшам, әрі тасымалдауға ыңғайлы ноутбук жатады.

    1. 4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары

Дербес компьютердің негізгі құрылғыларына жүйелік блок(жүйелік қорап), монитор, пернетақта, тышқан(тінтуір) жатады.

Жүйелік блок

Жүйелік блок- дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары мен қоректендіру блогы орналасқан блок.

4.1-Сурет. Жүйелік блок

Жүйелік блок қорабын кейс (ағылшынша case) деп атайды және оны металл немесе пластмассадан жасайды. Жүйелік блок қорабының екі түрі бар: tower(тік) және desktop(жатық). Жүйелік блокта қоректендіру блогы, аналық тақша, желілік тақша, дыбыстық тақша, жедел жады, CD-DVD дискжетектері, иілгіш дискке арналған дискжетек, порттар, индикаторлар, желдеткіш және т.б. құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктағы Power батырмасы компьютерді іске қосуға және өшіруге арналса, Reset батырмасы компьютерді қайтадан жүктеуге арналған.

Қоректендіру блогы– кернеуі, жиілігі, қуаты белгілі электр энергиясымен компьютерді жасақтайтын құрылғы. Әдетте, компьютерлер 5 немесе 12 вольттық төменгі кернеуді пайдаланады. Қоректендіру блогтарының айырмашылықтары олардың қуаттылығында және кернеуді тұрақтандыруында. Қуаттылығы 150 ваттан 320 ваттқа дейін.

Қоректендіру блогында желдеткіш орналасады. Ол қоректендіру блогын ғана емес, жүйелік блокта орналасқан барлық құрылғыларды салқындатады. Желдеткіштің екі түрі бар: айналу жылдамдығы тұрақты желдеткіштер және термореттеуші желдеткіштер.

Үзбей қоректендіру көзі(UPS) – компьютерге қосылған және қоректендіру кернеуі болмай қалған жағдайда қолданылатын қоректендіру көзі. Оның құрамында батареялар бар. Қоректендіру көзінің ақаулары кезінде аккумуляторлық батереялар энергиясы қолданылып, белгілі бір уақыт аралығында компьютердің жұмыс жасау қабілеті сақталады.

Аналық тақша- процессор, сопроцессор, жедел жады микросхемалары, шина және басқа да құрылғылар орналасқан дербес компьютердің негізгі тақшасы. Аналық тақша кез-келген компьютердің құрамдас бөлігі. Аналық тақшаны кейде бас немесе жүйелік тақша деп атайды.

Соседние файлы в папке 3.Информатика