Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

11.4-Сурет. Сілтеуіш программасы терезесі

Бума алдында тұрған «+» белгісі буманың экран бетінде көрсетілмеген ішкі бумалары бар екендігін, «-» белгісі ішкі бумалардың тізімі төменде көрсетілгендігін білдіреді. Сол жақ бөліктегі объект атаулары бойынша жылжи отырып, оң жақ бөлікте ондағы ішкі бумалар мен файлдарды көруге болады.

Сілтеуіш программасы терезесінің төменгі жағында орналасқан қалып-күй қатарында ерекшеленген объекті туралы мәліметтер (объектілер саны, мөлшері) беріледі. Терезенің жоғарғы жағында Файл, Түзету, Түр, Таңдаулы, Сервис, Анықтама мәзірлері орналасқан. Файл мәзірі арқылы жаңа объект құруға, өшіруге, атын өзгертуге, қасиеттерін көруге және терезені жабуға болады.

Жаңа бума құру үшін бума орналасатын объектіні таңдап, Файл – Құру – Бума командалар тізбегін орындайды. Нәтижесінде «Жаңа бума» деген атаумен пайда болған бумаға қалауымызша жаңа атау беруге болады. Көрсетілген объектіде жаңа бума құрудың екінші жолы: терезенің сол жақ бөлігіндегі бос жерде шақырылған (тышқанның оң жағын басу арқылы) жанама мәзірден Құру – Бума командаларын таңдау.

Бума немесе файлды жою үш түрлі жолмен жүзеге асады: жойылатын буманы немесе файлды таңдап,

  1. Файл Жою командасын таңдау;

  2. Жанама мәзірден Жою командасын таңдау;

  3. Delete батырмасын басу.

Бума немесе файлдың атын өзгерту Файл – Атын өзгерту немесе жанама мәзірдің Атын өзгерту командасы арқылы орындалады.

Файл мәзірінің Қасиеттері батырмасын таңдау арқылы көрсетілген объектінің типі, орналасу орны, өлшемі, құрамы, атрибуты және т.с.с мәліметтерді көруге болады.

Түзету мәзірінде Қиып алу, Көшірмесін алу, Кірістіру, Барлығын ерекшелеу сияқты командалар орналасқан.

Буманың немесе файлдың көшірмесін алу үшін қажетті буманы немесе файлды ерекшелеп, төмендегі командалардың кез-келгенін орындайды:

  1. Түзету Көшірмесін алу;

  2. Жанама мәзірден Көшірмесін алу командасын таңдау;

  3. Ctrl+C пернелер комбинациясын басу;

  4. Ctrl+Insert пернелер комбинациясын басу.

Көшірмесі алынған буманы немесе файлды көрсетілген жерге кірістіру жолдары:

  1. Түзету Кірістіру;

  2. Жанама мәзірден Кірістіру командасын таңдау;

  3. Ctrl+V пернелер комбинациясын басу;

  4. Shift+Insert пернелер комбинациясын басу.

Ерекшеленген буманы немесе файлды қиып алу тәсілдері:

  1. Түзету Қиып алу;

  2. Жанама мәзірден Қиып алу командасын таңдау;

  3. Ctrl+X пернелер комбинациясын басу.

Ағымдағы терезенің барлық объектілерін ерекшелеу Түзету – Барлығын ерекшелеу командасы немесе Ctrl+A пернелер комбинациясы арқылы орындалады.

Түзету –Болдырмау командасы немесе Ctrl+Z пернелер комбинациясы соңғы орындалған команданы болдырмай, қайтадан бастапқы түрге келтіреді.

Файлдар мен бумаларды ерекшелеу үшін, егер олар қатар орналасса Shift пернесі, әр жерде орналасса Ctrl пернесі қолданылады.

Файлдың (буманың) орнын ауыстыру үшін меңзерді қажетті файлға (бумаға) апарып, тышқан батырмасын басу керек. Сонда онымен әрекет жасалатынын көрсететін жылжымалы белгіше пайда болады. Тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып, жылжымалы белгіні файл (бума) көшірілуге тиіс бума белгісіне жеткіземіз де, батырманы қоя береміз. Нәтижесінде файл (бума) орнын ауыстырады. Егер файл (бума) көлемі үлкен болса, экранда 11.5-суреттегідей көрініс пайда болады.

Соседние файлы в папке 3.Информатика