Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

Монитор

Монитор - компьютердің жедел жадында өңделетін ақпаратты экранда көруге арналған құрылғы. Мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеуге арналған құрылғы дисплей деп аталады. Дисплей компьютердің жұмысын басқаратын болғандықтан, көбінесе оны монитор деп атайды.

Дисплейдің түрлері: сұйықкристалды(ЖК), плазмалық, электрондық-сәулелі түтікшелі (ЭЛТ), өздігінен сәуле шығарғыш, электро-люминесценттік. Экранда көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық бірлікпиксель деп аталады. Дисплей экранының мүмкіндігі тік және көлденең бағытта орналасқан пиксельдер санымен анықталады.

Монитор экранының өлшем бірлігі: дюйм(1дюйм=2,54см.). Дербес компьютерлердің мониторларының өлшемі 15 немесе 17 дюйм болады.

Мониторды процессормен байланыстыратын қосқышы бар арнайы тақша бейнекарта немесе графикалық адаптер деп аталады. Бейнекарта – әртүрлі бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс жасауға арналған құрылғы.

Экрандағы кескін көрінісінің сапасы бейнекартаға байланысты. Ол монитордың графикалық және түрлі-түстілік мүмкіндіктерін анықтайтын VGA немесе EGA бейнестандарттарының біріне жатады.

Дисплей контроллері мәліметтерді экранға шығаруды басқарады. Дисплей экранына шығарылатын ақпарат дисплей контроллерінің жадысы – бейнежадыда сақталады.

Пернетақта және тышқан

Пернетақта дегеніміз компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Стандартты пернетақтада 101 немесе 102 перне бар. Пернетақта пернелерін бірнеше топқа жіктеуге болады: әріптік-сандық, сандық, функционалдық(қызметтік), меңзермен басқару пернелері, қосымша пернелер.

4.5-Сурет. Пернетақта

Әріптік-сандық пернелер тобы мәліметтерді енгізуге арналған. Пернетақтаның жоғарғы жағында орналасқан F1-F12 пернелер тобы функционалдық пернелер деп аталады. Олар есептеу жүйесінің түрлі міндеттерін атқарады немесе жеке программаларды басқарады. Сандық пернелер тобы стандартты пернетақтаның оң жақ бөлігінде орналасқан және Num Lock пернесі арқылы қосылады. Меңзермен басқару пернелеріне Home, End, Page Up, Page Dn, ↑, ↓, ←, → пернелері жатады.

Жиі қолданылатын және атқаратын міндеті тұрақты пернелер:

  1. F1- көмекші немесе анықтаманы іске қосу;

  2. Esc – команданың орындалуын болдырмау;

  3. Caps Lock – бас әріпті тұрақты теру режимін іске қосу;

  4. Shift - әріппен қатар басылып, экранға үлкен әріпті шығарады;

  5. Ctrl – басқа пернелермен бірігіп, әртүрлі командалар орындайды;

  6. Page Up – меңзерді бір бет жоғары жылжыту;

  7. Page Dn – меңзерді бір бет төмен жылжыту;

  8. Backspace – меңзердің сол жағында тұрған символды өшіру;

  9. Del – меңзердің оң жағында тұрған символды өшіру;

  10. Insert – Del пернесіне кері команда, орналастыру және құру командасы;

  11. Home – меңзерді жолдың басына апару;

  12. End – меңзерді жолдың соңына апару;

  13. Tab – табуляция;

  14. Print Screen – алмастыру буферіне экран көшірмесін алу.

Мәтіндік редакторда Enter пернесін басқаннан кейін жаңа жол басталады, ал іздеу жүйесінде мәліметтерді іздеуді бастайды

Графикалық меңзермен басқарылатын енгізу құрылғысы тышқан деп аталады. Тышқанды үстел бетімен жылжытқанда экрандағы меңзер қолмен басқарылып, қозғалады.

Тышқан компьютерге қосылса және тышқан драйвері жүктелсе, онда тышқан нұсқағышы әрқашан экранда тұрады. Мәтіндік редакторда тышқан нұсқағышы тіктөртбұрыш пішінді, графикалық редакторда бағыттауыш пішінді болады. Уақыт көп жұмсалатын операцияларда тышқан нұсқағышы құмсағатқа айналады.

Тышқан екі немесе үш батырмалы болады. Тышқанның сол жақ батырмасын екі рет басқанда көрсетілген файл немесе бума ашылады. Тышқанның оң жақ батырмасы жанама мәзірді іске қосады. Кейінгі кездерде үш батырмалы тышқандар жиі қолданылады. Үшінші батырма мәтіндік редакторларда терезені жоғары немесе төмен жылжытуға арналған.

Тышқанның түрлері: оптикалық, оптико-механикалық, шарикті, сымсыз, инфрақызыл, glidepoint(байланыс тақтасы), трекбол, PS/2 және т.б.

Соседние файлы в папке 3.Информатика