Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

15.2. Өріс типтері және қасиеттері

Access мәліметтер қорын басқару жүйесінде төмендегідей өріс типтері қолданылады:

  1. Мәтіндік. Мәтіндік тип 255-ке дейінгі альфавитті-цифрлық мәліметтерді енгізу үшін қолданылады. Көбінесе қасиеті көрсетілмеген өрістерге көп қолданылатын қасиет ретінде беріледі. Мысалы: өріс аты «тегі және қызметі» болса;

  2. MEMO өрісі. Ол 65535 символға дейінгі үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған өріс. Ол ашық өріс, онда ескертулер, түсініктемелер жазылады;

  3. Сандық. Нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі. Мысалы: өріс аты «дәрі-дәрмектің саны» болса;

  4. Күні/уақыты. Күн және уақытты көрсетуге арналған. Мысалы: өріс аты «туылған күні» болса;

  5. Қаржылық. Қаржылық шаманы жазу үшін қолданылады. Мысалы: өріс аты «құны және бағасы» болса;

  6. Санауыш – жазбаларды ретпен нөмірлеуге арналған. Ол автоматты түрде толтырылып отырылатын, нақты мағына бермейтін, кесте бастамасы ретінде қолданылатын өріс;

  7. Логикалық. Логикалық мән (ақиқат немесе жалған) қабылдауға арналған тип.

  8. OLE объектісі - объектілер орналастыруға болатын өріс. OLE объектісіне файл қоюға болады.

  9. Гиперсілтеме. Гиперсілтеме өрісі интернеттің Web объектілерінің URL адрестерін сақтайтын арнайы өріс.

Енді өрістің қасиеттеріне тоқталайық. Кез-келген өрістің атауы болады. Ол әдетте кесте бағанының тақырыбы ретінде қолданылады. Өріс типі берілген өріске енгізілетін мәліметтердің типін анықтайды. Өріс өлшемі мәтіндік өрістің максимальды ұзындығын анықтайды. Мәліметтерді енгізу форматын өріс форматы анықтайды.

Енгізу маскасы мәліметтерді өріске енгізетін форманы анықтайды, мәліметтерді енгізуді автоматтандырады. Ол мәліметтерді енгізуді жеңілдету үшін пайдаланылады. Енгізу маскасындағы # символы бос орын міндетті емес екенін білдіреді. Формада немесе басылымда өрістің жанына жазу жазуға, яғни қолтаңба қалдыруға болады. Жаңа жазба құрғанда өріске автоматты түрде енгізілетін мәнді үнсіз қабылданатын мән деп атайды. Пайдаланушы әрекетін шектеу үшін мәнге шарт қою қажет. Өрістің типіне сәйкес емес мән бергенде экранға қате туралы мәлімет жазылады. Өрістің мәнін міндетті түрде енгізуді талап ету үшін оны міндетті өріс ретінде көрсету керек. Бос жолдар енгізуге рұқсат ету үшін бос жолдар қасиетін пайдаланамыз. Индексті өріс деректерді іздеу және сұрыптауды тездетеді.

15.3. Ms Access программасының негізгі объектілері

MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі объектілеріне кесте, сұраныс, есеп беру, қалып, макрос, модуль жатады.

Кесте объектісі мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Әр кестеде әртүрлі субъект жайлы ақпарат болады. Мәліметтер қорының кестесін бес түрлі режимде құруға болады:

  1. Кесте режимі өрістердің атауларын өзгерте отырып, оған мәліметтерді енгізуге мүмкіндік береді. Өрістің типі автоматты түрде анықталады. Символдық және сандық мәліметтерді енгізуге тиімді. Бірақ, уақыттық және логикалық мәліметтерді енгізуде қиындықтар туындауы мүмкін.

Соседние файлы в папке 3.Информатика