Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

13.11-Сурет. Сурет салу аспаптар тақтасы

Салынған объектілерді өңдеуге болады. Ол үшін объектіні ерекшелеп аламыз. Ол үшін қажетті объектіні тышқанмен шертеміз. Сонда объект айналасында оның өлшемдерін өзгертуге мүмкіндік беретін кішкене сегіз тіктөртбұрышпен қоршалған жақтау пайда болады.

Кез-келген сурет бір немесе бірнеше элементтерден тұрады. Бірнеше элементтен құрылған суретті бір бүтін ретінде топтастыруға болады. Ол үшін элементтерді ерекшелеп алып, сурет салу аспаптар тақтасындағы немесе жанама мәзірдегі Топтастыру (Группировать) командасын басу керек. Геометриялық элементтер тобын қайтадан жеке элементтерге жіктеу үшін Топты жіктеу (Разгруппировать) командасы қолданылады.

Суретті салып, оны қажетті жерге орналастырған соң сурет айналасына жақтау (рамка) тұрғызуға, суреттің масштабын өзгертуге болады. Мәтінге сыртқы ортадан енгізілген объект оны өңдеуге арналған барлық қажетті мәліметті сақтайды. Мұндай объектінің айрықша бір файлмен байланыста болуы қажет емес, ол сыртқы ортадан тәуелсіз. Оны өңдеу үшін сурет салынған негізгі программа автоматты түрде іске қосылады. Алайда, графикалық элементтің тек сурет болуы міндетті емес. Мысалы, мәтінге MS Excel немесе PowerPoint программасында дайындалған объектіні де кірістіруге болады.

14. Microsoft Excel электрондық кестесі

14.1. Ехсеl программасы туралы жалпы мағлұматтар

Электрондық кесте дегеніміз жолдар мен бағаналардан тұратын кесте түрінде реттелген ақпаратты өңдеу программалары. Электрондық кесте функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізеді, түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттейді, тиімділеу мәселелерін шешеді, белгілі бір шартты қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алады, графиктер мен диаграммаларды тұрғызады, мәліметтерді статистикалық талдайды.

Місrosoft фирмасының Ехсеl программасы — кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Ехсеl жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Олкез-келген ақпараттың құрылымын реттеудің, сипаттаудың және өңдеудің арнайы моделі.Ехсеl программасы кестелік есептеулерді орындауға, кестеде берілген ақпараттар негізінде әртүрлі диаграммалар құруға, мәліметтер базаларын құрып, олармен жұмыс істеуге және т.б. мүмкіндіктер береді.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Ехсеl программасында 65536 жол және 256 бағана бар. Электрондық кестенің негізгі элементі – ұяшық. Ұяшық дегеніміз жол мен бағананың қиылысында тұрған торкөз. Оған мәтін, сан немесе формула енгізуге болады.

Ехсеl программасы енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ әріп немесе " " (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Теңдік "=" белгісінен басталса, онда ол ұяшыққа формула енгізілетінін білдіреді.

Мәтін - кез-келген символдар жиынтығы. Егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді " символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа орналасады. Егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады (бірақ ЭЕМ жадында толық сақталады).

Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен бірге енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Ехсеl санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына #### символдарын қояды (бірақ ЭЕМ жадында ол саннын барлық разрядтары толық сақталады).

Ехсеl-де кез-келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ол бос орынсыз жазылады және 240 символға дейін енгізе алады. ¥яшыққа С1+Ғ5 формуласы =С1+Ғ5 түрінде жазылады. Бұл С1 ұяшығындағы мәліметке Ғ5 ұяшығындағы мәліметтің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.

Ехсеl программасын іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар – Microsoft Office – Microsoft Ехсеl командалар тізбегі орындалады.

Ехсеl программасын іске қосқаннан кейін экранға 13.1-суретте көрсетілген терезе шығады.

Соседние файлы в папке 3.Информатика