Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

12.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот

Мәтіндік редактор – мәтіндік файлдарды редакциялауды жасақтайтын редактор. Оның мәтіндік процессорларға қарағанда мүмкіндіктері төмен. WordPad мәтіндік редакторы көлемі шағын мәтіндер мен құжаттарды ашу, өңдеу, түзету және қағазға басып шығару жұмыстарын атқарады. Бірақ, мұндағы қаріп түрлері және оларды пішімдеу мүмкіндіктері шектеулі. «Word» ағылшынша «сөз», ал «Pad» - блокнот деген мағынаны береді, яғни жазуға арналған блокнот.

WordPad мәтіндік редакторы Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар – WordPad командалар тізбегін орындау нәтижесінде жүктеледі.

12.3-Сурет. WordPad программасының терезесі

WordPad мәтіндік редакторында мәтінді туралаудың үш түрі бар: оң жағынан, сол жағынан және ортасынан.

Терілген мәтінді сақтау үшін Файл – Сақтау командасын орындап, ашылған сұқбаттасу терезесінде құжаттың орналасатын жерін көрсетіп, атауын енгіземіз. Мұны Ctrl+S пернелер комбинациясы немесе пернесі көмегімен орындауға да болады.

Құжатты баспаға шығару үшін Файл – Баспаға шығару командасын таңдаймыз. Ашылған сұқбаттасу терезесінде құжатты басып шығаратын принтерді таңдап, баспаға шығатын парақтардың снаы мен көшірменің санын анықтаймыз. Бұдан соң «ОК» батырмасын басамыз. Осы команданы Ctrl+P пернелер комбинациясы немесе пернесі көмегімен орындауға болады.

Баспаға шығатын құжатты алдын-ала көру үшін Файл – Алдын-ала көру немесе пернесі қолданылады.

WordPad мәтіндік редакторында құжатқа ағымдағы уақытты қоюға арналған арнайы батырма бар. Ал,батырмасы қаріптің түсін өзгертеді.

Блокнот – кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторларға қарағанда төмен. Оның басты ерекшелігі – қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадыда аз орын алады. Ол командалық файлдарды дайындау, түзету және модем арқылы жіберетін хатты дайындау кезінде қолданылады. Блокнот тек бір ғана қаріп түрін пайдаланады.

Біз WordPad мәтіндік редакторы және блокнот туралы мәліметтермен қысқаша таныстық. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын, қуатты және мүмкіншілігі зор Microsoft Word мәтіндік процессорына келесі тарауда кеңінен тоқталамыз.

12.3. Калькулятор

Калькулятор – арифметикалық амалдарды орындауға арналған, қарапайым есептеулер жүргізетін Windows операциялық жүйесінің сервистік программасы. Калькуляторды жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар – Калькулятор командалар тізбегі орындалады. Калькулятордың жұмыс істеу режимдері: стандартты және ғылыми.

12.4-Сурет. Стандартты және ғылыми калькулятор

Стандартты калькуляторда жадымен жұмыс жасауға арналған төрт перне бар. Олар: MC – жадыны тазалау, MR – жадыда сақталған санды индикаторға шығару, M+ – жадыдағы санға индикатордағы санды қосу, MS – индикатордағы санды жадыға жазу.

Ғылыми калькулятор логарифмдер мен факториалдарды есептейді, статистикалық және тригонометриялық функциялармен жұмыс жасайды. Онда берілген санды бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне ауыстыруға болады.

Соседние файлы в папке 3.Информатика