Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

16.4. Желілік программалық кұралдар

Жергілікті және аймақтық желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар желілік операциялық жүйеден және желіні басқарудың программалық құралдарынан тұрады.

Желілік операциялық жүйе (NIC, Network Ореratіng System) - желіге қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауды (маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows 95, Windows, NT, UNIX, Масіntosh немесе 0S/2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.

Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс бекетінде орналасқан ресурстар ортақ пайдаланыла отырып, керекті мәліметтер алушыларға жөнелтіледі және олар басқа компьютерлерде өзгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орналасады да, қалған бөліктері барлық жұмыс бекеттерінде қызмет етеді.

Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс бекеттерінің қатынасу ықпалын (егер бірнеше бекет қатар сұраныс берсе) айқындап отырады. Бұған қоса операциялық жүйе каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows NT Server, Novell Netwаrе, Ваnуаn VINES және т.б. жатады.

Желіні басқарудың программалық құралдары желіні қадағалау, басқару және ондағы мәліметтерді сақтауда маңызды роль атқарады. Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң кездерді болдырмайтын, желіні жеке иеленудін (ТСО, Тоtal Сost оg Оwenrship) жалпы құнын төмендететін басқару істерін алдын-ала жүргізеді.

Желі администраторлары басқару жұмыс бекеті немесе Word Wide Web қызметі арқылы трафиктегі заңдылықтарды қадағалай алады, осы сегментті шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді. Бұған қоса кенеттен туындаған қиғаш мәселелерді тауып, олардың әсерлерін азайтады жөне жұмыс өнімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін желі құрылымын таңдай алады. Желіні толықтыру және күрделендіру барысында RMON және RMON2 сияқты қадағалау (мониторинг) жабдықтары администраторларға желі ортасын бақылап отыруға көмектеседі.

Осындай қадағалау жабдықтары желі шекараларынан тиянақты мәліметтерді дер кезінде алып отыруды қамтамасыз етеді және сол арқылы желі администраторы туындайтын қиындықтардың алдын алып отырады.

Программалық құралдар тасымалданатын мәліметтерді кездейсоқ өзгерулерден сақтайды. Желі адмнистраторлары басқаруға арналған жұмыс бекеті арқылы пароль орната алады, тұтынушылардың қандай құрылғыларды пайдалана алатынын анықтайды және заңсыз мәлімет алмақшы болғандарды тауып, тіркеп отырады.

Тұтынушаларды желіге қосатын Сервердің ұсынатын қызметі: провайдер. Қазіргі кезде Интернетке қосылу үшін парольді (Password), желілік арнайы аты – жөніңізді (Login), телефон нөмірін және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдерін айқындап алуыңыз керек. Провайдер дегеніміз интернетке тікелей қосуды, олардың серверлермен қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға. Интернеттің Online режимінде тікелей сұқбаттасу формасы чат деп аталады.

Соседние файлы в папке 3.Информатика