Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

11.2. Іске қосу (Пуск) мәзірі

Іске қосу (Пуск) батырмасын басқанда пайда болатын мәзірді бас мәзір(меню) деп атайды. Іске қосу (Пуск) мәзіріне кеңінен тоқталайық. Іске қосу (Пуск) батырмасын басқанда 10.2-суретте көрсетілген мәзір іске қосылады.

Терезенің жоғарғы жағындағы жазу (Admin) операциялық жүйеде жұмыс жасап отырған пайдаланушының атын көрсетеді. Пайдаланушының атынан кейін Интернетпен жұмыс жасауға арналған программалар мен пайдаланушының жиі қолданатын программаларының тізімі көрсетіледі. Арнайы нұсқағышы бар «Барлық программалар» пернесі компьютерге орнатылған барлық программалардың тізімін экранға шығарады.

11.2-Сурет. Іске қосу мәзірі

Іске қосу мәзірінің оң жағында орналасқан пернелерге тоқталайық:

  1. Менің құжаттарым – пайдаланушының құжаттары сақталған «Менің құжаттарым» бумасын ашу;

  2. Менің суреттерім – пайдаланушының суреттері сақталған буманы ашу;

  3. Менің әуендерім - пайдаланушының музыкалық файлдары сақталған буманы ашу;

  4. Менің компьютерім - дискілердегі мәліметтермен жұмыс жасауды жүзеге асыру;

  5. Желілік орта – желі арқылы байланысқан басқа компьютерлердегі файлдар мен бумаларды көру;

  6. Басқару тақтасы – компьютердің түрін және функциональдық мүмкіндіктерін өзгерту, жаңадан программалар қосу немесе өшіру, Windows операциялық жүйесін баптау;

  7. Қосылу – желіге қосылуды қамтамасыз ету;

  8. Принтерлер мен факстар – компьютерге қосылған барлық принтерлер мен факстарды көрсету және жаңадан принтер мен факс қосу;

  9. Анықтама және сүйемелдеу – анықтаманы ашу, олқылықтарды анықтау және жою, техникалық сүйемелдеу;

  10. Іздеу – компьютерден қажетті мәліметтерді табу үшін іздеу терезесін ашу;

  11. Орындау – программаны, буманы немесе веб-парақты ашу, MS DOS командалық жолының аналогы. Нақты адресті жазып, қажетті программаны ашу.

Іске қосу мәзірінің төменгі жағында Жүйеден шығу және Жұмысты аяқтау пернелері орналасқан. Жүйеден шығу компьютерді қайтадан жүктемей-ақ, пайдаланушыны өзгертуге арналған және қажет кезде алғашқы пайдаланушыны таңдау арқылы программаны қайтадан ашуға мүмкіндік береді. Жұмысты аяқтау пернесі компьютерді өшіруге арналған.

11.3-Сурет. «Жұмысты аяқтау» терезесі

Компьютерді өшіру үшін мынадай әрекеттер тізбегін орындау қажет: Іске қосу(Пуск) – Жұмысты аяқтау(Завершение работы) – Компьютерді өшіру(Выключить компьютер) – OK.

Компьютерді өшіріп, қайта іске қосу үшін Іске қосу(Пуск) – Жұмысты аяқтау(Завершение работы) – Компьютерді қайта іске қосу (Перезегрузка) – OK әрекеттер тізбегін орындау қажет немесе Ctrl+Alt+Del пернелер комбинациясын қолданады.

11.3. Windows xp операциялық жүйесін баптау

Windows операциялық жүйесі интерфейсінің жетістіктерінің бірі - оны өзгерту мен баптау мүмкіндіктерінің мол болуы. Баптау - жұмыс уақытында операциялық жүйенің ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жүйе параметрлерін реттеу процесі.

Операциялық жүйені баптау арқылы тілдік параметрлерді, электрмен қоректенуін, экранды, қаріптерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығын, пайдаланушының тіркелу жазбаларын өзгертуге болады. Ол бағдарламалар қосуға және жоюға, құрылғылар жұмысын қадағалауға мүмкіндік береді. Операциялық жүйені басқару тақтасы арқылы баптауға болады. Басқару тақтасы дегеніміз жұмыс ортасын ыңғайластыратын арнайы терезе.

Экранды баптау терезесін екі түрлі жолмен шақыруға болады:

    1. Жұмыс үстелінің бос жерінде тышқанның оң жағын басып, жанама мәзірден «қасиеті» командасын таңдау;

    2. Іске қосу (Пуск) – Басқару тақтасы – Экран командалар тізбегін орындау.

Сұқбат терезесі тақырыптар, жұмыс үстелі, экранның тұрақты көрінісі (screensaver), безендіру және параметрлерді қамтиды. Тақырып дегеніміз Windows операциялық жүйесінің әртүрлі графикалық элементтерін баптауға арналған параметрлердің ортақ жиынтығы. Жұмыс үстелінің көрінісі, орналасуы, түсі «жұмыс үстелі» терезесі арқылы өзгертіледі. Жұмыс үстелінің көрінісі ретінде кез-келген суретті таңдауға болады. Экранның тұрақты көрінісі пайдаланушы белгілі уақыт аралығында (1-5 минут) жұмысын уақытша тоқтатқанда іске қосылады. Ол экрандағы мәліметтерді қалқалап, сырт көзден уақытша жасырып, қозғалысты кескіндерді экран бетіне шығаратын программа. Басқа пайдаланушының мәліметтерді рұқсатсыз қолдануынан қорғау үшін, экранның тұрақты көрінісін өзгерту кезінде, пароль қою қажет. Осы мәзір арқылы монитордың электр энергиясын үнемдеу параметрлерін өзгертуге болады. Безендіру терезесі жұмыс үстелінің терезелері мен батырмаларын, сызба түсі және қаріп мөлшерін өзгертуге арналған. Параметрлер терезесі экранда толығымен бейнелене алатын кескіннің ең көп шамасын, яғни экранның шешуін анықтайды. Экранның шешуі бейнеадаптердің картасына және мониторға байланысты.

Соседние файлы в папке 3.Информатика