Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

11.4. Windows операциялық жүйесін пернетақта көмегімен басқару

Windows операциялық жүйесін тышқан құрылғысының көмегімен басқарады. Бірақ, пернелер комбинациясымен басқару қайсыбір командалардың орындалуын тездетеді.

11.1-Кесте. Windows-ті басқаратын пернелер комбинациялары

Пернелер комбинациясы

Атқаратын қызметі

Іске қосу(Пуск)+D

Барлық ашық терезелерді бүктеу

Іске қосу(Пуск)+M

Сұқбат терезелерінен басқа, барлық ашық терезелерді бүктеу

Іске қосу(Пуск)+Shift+M

Бүктелген терезелерді қайтадан ашу

Іске қосу(Пуск)+Tab

Тапсырмалар тақтасындағы пернелерді өзара ауыстырып қосу

Іске қосу(Пуск)+Е

Сілтеуіш терезесін ашу

Іске қосу(Пуск)+F1

Windows анықтамалық жүйесін ашу

Іске қосу(Пуск)+Pause/Break

«Жүйе қасиеті» терезесін ашу

Іске қосу(Пуск)+R

«Программаны жүктеу» терезесін ашу

Іске қосу(Пуск)+F

Файлдарды іздеу терезесін ашу

Іске қосу(Пуск)+Ctrl+F

Желідегі компьютерді іздеуге арналған терезені ашу

Alt+ тышқанның оң жағын екі рет шерту

Объектінің қасиеті терезесін ашу

Alt+F4

Ағымдағы терезені жабу немесе «Жұмысты аяқтау» мәзірін ашу

Alt+F6

Келесі терезеге көшу

Backspace

Бастапқы бумаға өту

Ctrl+A

Ағымдағы терезенің барлық объектілерін ерекшелеу

11.1-кесте жалғасы

Ctrl+C (Ctrl+Insert)

Ерекшеленген объектінінің көшірмесін алу

Ctrl+Esc

«Іске қосу» мәзірін ашу

Ctrl+F4

Құжаттың ішкі терезесін жабу

Ctrl+Tab

Келесі құжаттың ішкі терезесіне өту

Ctrl+V (Shift+Insert)

Объектіні кірістіру

Ctrl+X (Shift+Del)

Ерекшеленген объектіні қиып алу

Ctrl+Y

Команданы қайталап орындау

Ctrl+Z

Соңғы команданы болдырмау

Delete

Объектіні жою

F1

Анықтаманы ашу

F2

Объектінің атын өзгерту

F3

«Іздеу» терезесін ашу

F5

Ағымдағы терезені жаңарту

F6

Сілтеуіштің келесі тақтасын белсенді ету

F10

Мәзір жолын белсенді ету

Shift+Delete

Объектіні қоржынға енгізбей, бірден жою

Shift+F10

Ерекшеленген объектінің жанама мәзірін ашу

11.5. Сілтеуіш программасы

Сілтеуіш программасы - Windows ортасының жүйеге қызмет ету программасы немесе жүйелік бумасы. Ол дискілердегі файл жүйесінің бұтақ тәріздес құрылымын көріп, ондағы мәліметтермен жұмыс істеуді және компьютер құрылғыларын тағайындау, орнатуды жүзеге асырады. Сілтеуіш программасының «Менің компьютерім» программасы тәріздес өз терезесі бар. Ол арқылы дискілер мазмұнын көруге, ішкі бумаларды ашуға, файлдар мен бумалардың көшірмесін алуға, жоюға, атын өзгертуге және т.с.с. әрекеттер орындауға болады. Сілтеуіш программасын жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар – Сілтеуіш командалар тізбегі орындалады немесе Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шыққан мәзірден Сілтеуіш таңдалады.

Сілтеуіш программасы терезесінің жұмыс аумағы екі бөлікке бөлінген. Сол жақ бөлікте дискілердегі файл жүйесінің бұтақ тәріздес құрылымы, оң жақ бөлікте таңдалған объектінің ішкі бумалары мен файлдары көрсетіледі. Мысалы, 11.4-суретке назар аударайық. Мұнда жұмыс үстелінде орналасқан «Айнұр» бумасындағы «Сабақ кестесі» ішкі бумасының құрамы оң жақ бөлікте көрсетілген.

Соседние файлы в папке 3.Информатика