Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

12. Стандартты программалар

Windows операциялық жүйесінің стандартты программаларына Paint графикалық редакторы, WordPad мәтіндік редакторы, блокнот, калькулятор және т.б. программалар жиыны кіреді. Стандартты программаларды жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар командалар тізбегі орындалады (12.1-сурет).

12.1-Сурет. Стандартты программаларды жүктеу

12.1. Paint графикалық редакторы

Paint графикалық редакторы – Windows жүйесінің стандартты программалар құрамына кіретін нүктелік (растрлық) графикалық редактор. Графикалық редактор – графикалық кескіндермен жұмыс істеуге, оларды түзетуге, толықтыруға мүмкіндік беретін және графикалық ақпаратты редакциялайтын программа. Графикалық редактор дисплей экранына әртүрлі түспен қалам мен тышқан көмегімен сурет салады. Графикалық редактордың екі түрі кеңінен қолданылады: нүктелік (растрлық) және векторлық.

Растр – қағазда, мониторда, теледидар экранында кескінді құрайтын нүктелердің екі өлшемді жиымы. Пиксель – дисплей бетінде көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық бірлік. Нүктелік (растрлық) графикалық редакторда кез-келген сурет пиксельдерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады. Ол нүктелердің әрқайсысын түрлі түске бояуға болады. Нүктелік (растрлық) графикалық редакторда әр нүктенің түсі басқалардан тәуелсіз жеке беріледі.

Векторлық графикада кескіндер түзу векторлар жиымы түрінде бейнеленеді.

«Paint» сөзі ағылшыннан аударғанда «сурет салу» деген мағынаны береді. Paint графикалық редакторын жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар – Paint командалар тізбегі орындалады.

12.2-Сурет. Paint редакторының экраны

Paint графикалық редакторында бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: негізгі және фондық. Негізгі түс деп қарындаш түсін, ал фондық түс деп фонның түсін айтады. Терезенің жоғары сол жағында сурет салу аспаптары орналасқан. Қажетті аспапты таңдау үшін аспаптың белгісіне тышқан меңзерін апарып, оны шерту қажет. Нәтижесінде қажетті аспаптың белгісі айқын түспен ерекшеленеді. Мысалы, 12.2-суретте қарындаш аспабы таңдалған. Қарындашпен қалыңдығы бір нүктеге тең кез-келген сызық сызуға болады, қарындаш қалыңдығы өзгермейді.

Paint графикалық редакторының интерфейсі өте қарапайым, мұндағы аспаптар тақтасы суретші аспаптарының жиынына ұқсас. Қылқалам (Кисть) аспабы әдеттегі қарындаш тәрізді қызмет атқарады, оның қалыңдығын өзгертуге және формасын таңдауға болады.- сызықтар қалыңдығын таңдауға, өшіргішаспабы қажетсіз сызбаларды өшіруге арналған.

Paint графикалық редакторында тіктөртбұрыш, эллипс, тұйық көпбұрыш сызатын арнайы аспаптар бар. Әдетте фигуралардың іші бос болады. Бірақ, оларды белгілі бір түспен бояуға болады. Тұйық аймақтың ішін бояу үшін қолданылады. Суретке мәлімет жазу үшінқұралы қолданылады.

Жұмыс жасау барысында Paint графикалық редакторын меңгеру жеңіл. Сондықтан, бұл программамен қазіргі уақытта төменгі сынып оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері жұмыс жасайды.

Соседние файлы в папке 3.Информатика