Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

16.7. Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері

Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTP атаулы қызметші хаттамасы пайдаланылады (file Transler Protocol – файлды тасымалдау хаттамасы).

Файлдар барлық компьютерлер серверлерінде сақтала берілмейді. Оларды сақтап, FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер (файлдарды сақтау қоймалары) бар. Олар FTP-серверлер. FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады.

FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Explorer терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін, мысалы ftp://ftp.Relcom.ru сияқты адресті енгізу керек. Экранға кәдімгі компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін сервер беті шығады. Каталогты шертіп, ішкі каталогқа өтуге және файлды шертіп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны пайдаланған дұрыс.

Желіге тек электрондық почта арқылы кіретін абоненттерге не істеу керек? Олар үшін FTP–архивтерімен байланыс жасау жүйесі FTP-mail серверлері деп аталатын, кейбір негізгі тораптағы компьютерлерде орналасқан арнайы программа қызмет атқарады.

FTP-mail сервері әр компьютерден электрондық почта арқылы тапсырма алады, FTP арқылы қажетті FTP–архивімен байланыс жасап, алынған тапсырманы орындайды да, жұмыс нәтижесін электрондық почта арқылы қайтадан тапсырма берген компьютерге жібереді.

Көбінесе FTP-mail серверлері жеке компьютерлердің (өздерінің арнайы почталық файл серверлері жоқ), жергілікті архивтеріндегі мәліметті алу үшін қолданылады. Кейбір почталық файл серверлері өз командалары жиыны ішінде FTP-mail серверіндегі сияқты командаларды пайдалана алады. Өз командалары ішінде FTP-архивімен байланысуды сұрайтын команда кездестірсе, ол бірден FTP-mail сервері режимінде жұмыс істей бастайды. Сервермен байланысқанда хат тақырыбын көрсету қажет емес, сервер Subject (обьект) өрісін қарастырмайды.

FTP-mail серверіне арналған команданы қатардағы бірінші позициядан бастап теру керек. FTP-архивімен бірден байланыса алмаған жағдайда сервер онымен қатынасуды бірнеше рет қайталап орындауға тырысады, олардың арасында 6 сағаттай уақыт өтуі керек. FTP-mail сервері көлемі 10 Мб–тан аспайтын файлдарды ғана жібере алады. 60 Мб–тан асатын файл бірнеше бөлікке бөлініп, әрқайсысы бір хат ретінде жіберіліп отырады.

17. Электрондық почта

Электрондық почта дегеніміз компьютер желісі бойынша хабарларды жөнелту, оқу мен сақтауға арналған қызметтік программалар жүйесі. Электрондық почта – компьютер арқылы қашықта орналасқан абоненттерге хат, түрлі басқа мәліметтер жіберу мен оларды қабылдау программасы. Мәліметті сервер арқылы тез таратып, қабылдауға болады. Осы себепті электрондық почтаның кәдімгі почтадан артықшылығы сөзсіз.

Электрондық почта – жер шарының кез–келген нүктесіне салынған хатты бірнеше минут ішінде жеткізетін өте қолайлы, әрі жедел байланыс құралы. Электрондық почта жұмысы кәдімгі тұрмыстағы почтаға ұқсас болғандықтан, оның жұмыс істеу принциптерін меңгеру тұтынушылар үшін аса көп қиындықтар туғыза қоймайды. Оның негізгі айырмашылығы – физикалық заттар (хат, бандероль, посылкалар) емес, ақпараттық мәліметтер, бейнелер жөнелтіледі. Электрондық почтаны планетаның бүкіл аймағында бар почталық қызметтің баламасы (альтернативті) деп қарастыруға болмайды. Ол хабарларды (файлдарды, ақпараттарды) кез–келген машинадан басқа бір машинаға жіберуге мүмкіндік береді.

Электрондық почта жүйесі үш бөліктен тұрады:

  1. Қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді. Тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жіберілетін почталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны қолданушы агенті деп аталады.

  2. Тасымалдау агенті мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді. Тасымалдау агенті – почтаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді ары қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны.

  3. Жеткізу агенті мәліметтерді оны алушының почта жәшігіне салып кетеді. Жеткізу агенті – почтаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларғы жеткізетін программалар тобы.

Электрондық почтаның қарапайым почта қызметінен айырмашылығы:

  1. Электрондық почта арқылы тасымалданатын мәліметтердің жылдамдығы минут пен сағат бойынша өлшенеді;

  2. Кез–келген құжаттың хабарын немесе мәтінін біруақытта бірнеше адресатқа жіберуге болады;

  3. Келген мәліметтерді қолданушы оқығанға дейін сақтауға болады;

  4. Мәліметтерді жөнелту тәулік бойы немесе алдын–ала белгіленген уақыт бойынша іске асады;

  5. Электрондық почта бойынша қабылданған мәліметтерді дискте сақтауға, оны өңдеуге және қажет мөлшерде принтерден басып шығаруға болады.

Электрондық почта өте қарапайым құрылған. Сіз тақырыпта алушының электрондық адресін көрсететін провайдеріңіздің почталық серверіне хатыңызды жібересіз. Бұл SMPT (хабарларды жіберудің қолайлы протоколы) протоколында жұмыс істейтін сервер. Ол тораптан сіздің адресатыңыздың жазылған доменін тауып, оған хат жібереді.

Сізге хат келген жағдайда провайдеріңіздің басқа сервері – POP (почталық протокол) протоколында жұмыс істейтін сервері хабарды қабылдап, оны өзінің қатты дискісінде сіз оқығанша сақтайды. Электрондық почта географиялық адрестеуді қолданбайды.

Электрондық почтаның адресі төмендегідей түрде болады:

Тұтынушы аты @ домен аты (мысалы: Ainur@mail.ru)

@ символы – тұтынушы аты мен домен атын айырып тұратын белгі. Орыс тілінде мұны көбінесе күшік (собачка) деп атайды. Домен дегеніміз @ таңбасының оң жағында орналасқан және абоненттің орналасқан тұрағын анықтайтын сөз.

Электрондық почтамен жұмыс істеуге арналған танымал программалар: Eudora, Internet Mail немесе Outlook Express.

Дайджест - бірнеше хабарламаларды біріктіріп тұратын почта тізімі хабарламасы. Электрондық почтаның абоненттік станциясы хост-машинадан тұрады.

Хатпен бірге файлдарды тіркеп жіберу қажеттілігі жиі туады. Ол үшін хатты жазып болған соң, скрепка-кнопканы (вставить файл) басып, дисктен қажетті суретті, программаны немесе файлды тауып, оны екі рет басу керек.

Мекен-жай программасы тек электрондық адрестердің тізімін құру ғана емес, сонымен қатар абонент туралы басқа мәліметтерді: оның үй және жұмыс телефонын, жұмыс орнын, қызметін, шендерін, почталық адресін, өзіңізге қажет комментарийлерді енгізуге болатындай етіп жасалған.

Егер сіз алдымен мекен-жай кітапшасын толтырған болсаңыз, хатты жазған кезде дайын адрестерді “Выбрать получателей” командасымен енгізе аламыз. Файл менюінен “Адресная книга” жолын таңдау немесе хат құру терезесіндегі осы аттас кнопканы басу қажет. Мекен-жай программасының терезесінде абоненттер туралы ең қажетті мағлұматтар орналасады. Егер жолға тышқан курсорын апарсақ, қалқымалы нұсқау сізге бұл адам немесе фирма туралы кітапта не жазылғанның барлығын көрсетеді.

Электрондық почтаның бір түрі телеконференция болып табылады. Телеконференция – бұл желіні қолданушылардың арасындағы ұйымдастырылған тақырыптық ақпараттың алмасуы. Телеконференция конференцияларға қатысушылардың тізімін көруге, жазылған жауапты көруге, жаңа мағлұмат жазуға мүмкіндік береді. Хабарландыру тақталарының әрқайсысының ‘қараушысы‘– модераторы (реттеуші) болады. Модератордың міндеттері: телеконференцияларды ұйымдастыру, ең жиі кездесетін сұрақтарға жауаптар (FAQ – frequency asked question, орысша частные вопросы) беру, конференциялардың тақырыптарына сай келмейтін мақалаларды жібермеу, жарнамашылардың жүйеге кіріп кетуінен сақтау және т.б.

Провайдердің news–серверінде орасан көп телеконференциялардың тізімі бар. Олардағы ақпараттарды провайдер өзінің клиенттеріне таратып жібереді. Әр клиент өзінің жазылған тақырыптары бойынша хабарлар алады. Жер шарында ондаған не жүздеген адамды қызықтыратын кез–келген тақырып пікірлесу обьектісі бола алады.

Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі. Мұнда мәліметтерді сақтау ұйымдастырылған. Телеконференцияларда әртүрлі орындардан алынған мақала түріндегі мәліметтер қарастырылады, олардың біразы электрондық почта арқылы жинастырылады. Сол себепті мұндағы хаттар, мәліметтер – мақалалар деп аталады.

Әрбір телеконференцияның өзіне сәйкес «Қоймалар» (Хранилище) бөлігінде жиналған мақалалар каталогы болады. Осындай каталогтың әрбір позициясы мынадай ақпаратты сақтай алады:

  1. мақаланың инвентарлық нөміріне сәйкес саны (аналогы);

  2. мақала авторы (тақырыптағы мәліметтен алынады);

  3. мақала көлемі (байт/килобайтпен өлшенеді);

  4. мақала тақырыбы (тақырып көшірмесіне сәйкес алынады).

Телеконференциялардың электрондық почта арқылы хат алуға қарағанда екі өзгешелігі бар, олар:

  1. белгілі бір мерзім (әр конференция үшін әртүрлі) ішінде қабылданған мақалалар жинақталып сақталып отырады да, өте ескіріп кетсе өшіріледі;

  2. кейбір телеконференциялар басқарылып отырылады, яғни мұндай конференцияға әрбір абонент тікелей мақаласын жібере алмайды. Ол мақаласын электрондық почтамен сол конференцияның жетекшісіне жөнелтіледі, ал жетекші мақаланы көріп шығып, оны жалпы көпшілік оқуы үшін тіркеуге алатынын немесе алмайтынын өзі шешеді.

Телеконференция жұмысы сервер деп аталатын арнайы программамен жүргізіледі. Сервер телеконференцияға қатысушы әрбір адамды оған керекті барлық мәліметтермен қамтамасыз етуге тырысады: оларды әртүрлі тақырыптағы конференцияларға міндетті түрде қатысатын етіп тіркейді (жазады), оларға анықтамалық ақпарат жібереді немесе талап етулері бойынша болып өткен телеконференция мәліметтерін электрондық почта арқылы жеткізіп береді. Cоңғы кездерде желі аралық статусы бар телеконференциялар өткізілетен болды, олар әртүрлі желілерге байланысқан жандарды түгел қатыстыра алады. Қазіргі кезде барлық салалар бойынша телеконференциялар өткізіледі.

107

Соседние файлы в папке 3.Информатика