Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать
    1. 1.2. Ақпарат қасиеттері

Ақпараттың негізгі қасиеттеріне тоқталайық.

Ақпарат толықтығы. Ақпараттың толықтығы - шешім қабылдауға қажетті ақпарат мөлшерін анықтайтын сипаттама. Ақпараттың толық болмауы көптеген қателіктерге жол береді, қосымша әдістерді қолдануды қажет етеді. Ақпарат көп мөлшерде берілсе, қосымша сұрыптау арқылы қажетті ақпаратты бөліп алу керек. Сондықтан, ақпараттың толық болмауы немесе шамадан тыс көп болуы ақпарат алуға кедергі келтіреді.

Ақпарат ақиқаттығы.Ақпараттың ақиқаттығы қабылданған ақпараттың нақты жағдайға сәйкестігін анықтайды. Тiркелген кез-келген сигналға әрқашан әртүрлі дәрежедегі бөтен сигналдар (ақпараттық шуыл) қосылып кетедi. Ақпараттық шуыл дәрежесi жоғарыласа, ақпараттың шындыққа сәйкестiгi төмендейдi. Мұндай жағдайда әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді мұқият оқу, күмәнді мәліметтерді тексеру және салыстыру қажет.

Ақпарат құндылығы.Ақпараттың құндылығы - оның адамның көздеген қызметінің алуан түрлі саласында пайдалануға жарамдылық қасиеті.

Ақпарат тұтастығы. Ақпарат тұтастығы - ЭЕМ құралдарының кездейсоқ немесе әдей бұзылуы кезінде ақпараттың өзгермеуін қамтамасыз ету қабілеті.

Ақпараттың адекваттығы.Ақпараттың адекваттығы дегеніміз ақпараттың негізінде құрылған бейненің нақты объектінің, құбылыстың объективтi қалып-күйiне сәйкестік дәрежесі. Адекватты емес ақпарат толық емес немесе шындыққа сәйкес емес деректердi немесе әдiстердi пайдалану негiзiнде пайда болады.

Ақпараттың өзектілігі.Ақпараттың өзектілігі оның уақыт ағымына сәйкестігін анықтайды. Шындыққа сәйкес, адекватты, бірақ ескірген және керексіз ақпарат өзекті (актуальды) емес ақпаратқа айналады. Мысалы, осы аптаға арналған телебағдарлама келесі аптада өзекті емес ақпарат.

Ақпараттың түсініктілігі.Ақпарат пайдаланушыға түсінікті тілде жазылуы керек. Мысалы, ағылшын тілінде сөйлейтін орта үшін қытай тіліндегі ақпаратты түсіну қиын.

    1. 1.3. Ақпараттың өлшем бірліктері

Ақпарат көлемi деп ақпараттың ұзындығын, яғни ақпаратта пайдаланылған символдар санын айтады. Қандай да бiр алфавиттi пайдаланып ақпараттарды жазуды кодтау деп атайды.

Ақпараттарды кодтау үшiн Морзе алфавитi немесе екiлiк алфавит қолданылады. Кодталатын символдар тобын кодтар кестесi деп атайды.

Әртүрлi типтерге жататын деректермен атқарылатын жұмыстарды автоматтандыру үшiн оларды кодтау арқылы, яғни бiр типтегi деректердi екiншi типтегi деректер арқылы өрнектеудiң көмегiмен бiр түрге келтiру (унификациялау) қажет. Мысалы, әлiппелер тiл компоненттерiн графикалық символдар арқылы кодтау жүйелерi болып табылады. Қазақ тiлiнде ақпаратты кодтау үшiн 42 әрiп, 10 цифр және бiрнеше басқа таңбалар қолданылады. Сол ақпаратты латын әлiппесiнде кодтау үшiн бұдан аздау әрiп (олар 26) қолданылады.

Информатикада ақпаратты кодтау үшiн бар болғаны екi символдан түратын әлiппе жеткiлiктi. Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың кез-келген түрі екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Мұндай жүйе екiлiк кодтау деп аталады. Ол деректердi бар болғаны екi символдан: 0 және 1-ден тұратын таңбалар тiзбегiмен өрнектеуге негiзделген. Бұл таңбалар екiлiк цифрлар немесе биттер деп аталады. Бит ағылшын тіліндегі “binary digit” (екілік таңба) сөзінен шыққан. Бiр бит екi түсiнiк береді: 0 немесе 1 (ақиқат немесе жалған).

Байт – 8 битке тең ақпарат мөлшерінің бірлігі. Әрбір байт мәліметтердің бір таңбасына (әріп, цифр, символ) сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, компьютердің ақпаратты сақтау құрылғысының сыйымдылығын сипаттайтын стандартты бірлік байт деп аталады.

Ақпараттың өлшем бірліктері:

1 Килобайт (Кбайт) =1024 байт =байт,

1 Мегобайт (Мбайт) =1024 Кбайт =байт,

1 Гигабайт (Гбайт) =1024 Мбайт =байт,

1 Терабайт (Тбайт) =1024 Гбайт =байт.

Соседние файлы в папке 3.Информатика