Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

13.2-Сурет. Құжат ашу терезесі

«Құжат ашу» терезесінің файлды іздеу, мәтіндік қүжатты ашу, файлды басқа орынға орналастыру, жарлықты дайындау, файлды қиып алу, файлдың көшірмесін алу, файлды жою, файл атын өзгерту, файл қасиеттерін қарап шығу, файлдағы мәліметті тек оқу үшін ашу, файлды қағазға басып шығару мүмкіндіктері бар. «Құжат ашу» сұқбаттасу терезесі кішігірім ақпараттық іздеу жүйесінің функциясын атқара алады.

Құжатты баспаға шығару үшін Файл – Баспаға шығару командалар тізбегі немесе Ctrl+P пернелер комбинациясы қолданылады. Стандартты аспаптар тақтасындағы батырмасы ағымдағы құжатты баспаға шығарады.

Құжатты баспаға шығарар алдында оны алдын-ала шығу пернесінің көмегімен қарап шығу керек. Мұнда бірнеше парақты бір мезгілде қарап шығуға, экрандағы парақ мөлшерін үлкейтуге немесе кішірейтуге болады.

13.3-Сурет. Құжатты баспаға шығару терезесі

«Құжатты баспаға шығару» сұқбаттасу терезесі принтерді таңдауға, құжаттың бірнеше көшірмесін алуға, қажетті парақтарды ғана баспаға шығаруға мүмкіндік береді.

Даярланып жатқан құжатты жиі-жиі сақтап отыру қажет. Мәтін теріліп жатқан кезде компьютердің жедел жадында болады да, компьютер өшіп қалған жағдайда, бірден жойылып кетеді. Сондықтан, бірнеше сағаттық жұмыс зая кетпес үшін оны сақтап отыру керек. Құжатты дискіге алғаш рет сақтау үшін оған белгілі бір атау беріп, қажетті дискінің қандай бумасына орналастыратынымызды көрсетеміз. Егер жұмыс нәтижесін бірнеше нұсқада сақтау керек болса, олардың әркайсысына бөлек-бөлек атау қойып сақтаймыз. Мысалы, атының соңына, нұсқа нөміріне сәйкес цифр немесе әріп қосып сақтауға болады (Ainur1, Ainur2, ...).

Құжатты сақтаудың үш түрлі жолы бар:

  1. Файл – Сақтау командалар тізбегін орындау;

  2. Shift+F12 пернелер комбинациясын басу;

  3. Стандартты аспаптар тақтасындағы батырмасын басу.

13.4-Сурет. Құжатты сақтау терезесі

Файл – Сақтау командасы құжаттың атын өзгертпей сақтайды. Егер құжат атауын өзгертіп сақтау қажет болса, онда Файл – ... деп сақтау командасы қолданылады. Ашылған сұқбаттасу терезесінде құжаттың жаңа атауын жазып, орналасатын орнын көрсетеміз.

Word құжаттарды белгілі бір уақыт өткен сайын автоматты түрде де дискіге жазып сақтай алады. Автоматты түрде сақтау кезінде құжат уақытша ТЕМР каталогында орналасқан басқа файлға жазылады. Егер компьютер кенеттен сөніп қалса, құжат мәтіні сол каталог арқылы өз орнына, өз атымен қайта қалпына келеді. Құжатты автоматты түрде сақтау оны жұмыс барысында немесе соңында дискіге жазып қоюды талап етеді, ол кенеттен болатын тосын жағдайларға байланысты терілген ақпаратты жоғалтпау мүмкіндігін береді.

Автоматты түрде сақтауды тағайындау үшін төмендегі әрекеттерді орындау керек:

  1. Сервис - Параметрлер немесе Файл - ...деп сақтау командасын таңдап, ашылған сұқбаттасу терезесінде параметрлер батырмасын басу;

  2. Параметрлер терезесінде Сақтау парағына өту;

  3. Сақтау парағында Әрбір ... минутта автоматты сақтау жалаушасын тағайындау және автоматты сақтау уақыт аралығын таңдау.

Соседние файлы в папке 3.Информатика