Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

13.4. Формуламен жұмыс

Microsoft Word программасына формулалар редакторы деп аталатын математикалық формулалар мен символдар енгізетін сервистік программа орнатылған. Формула редакторы көмегімен интегралдар, матрицалар, бөлшектер, тұбірлер, көпмүшелер және т.б. математикалық формулалар жазуға болады.

Мәтін арасына формула енгізу үшін Кірістіру-Объект-Microsoft Equation командасын орындау керек. Формулалар редакторы стандартты аспаптар тақтасындағы батырмасымен де жүктеледі.

13.10-Сурет. Формула редакторының аспаптар тақтасы

Формулалар редакторы жүктелгенде оның қолданбалы терезесі ашылады. Ол терезе құрылымы жағынан Word программасының терезесіне ұқсас. Формула редакторының аспаптар тақтасы математикалық символдар мен формулалар үлгілерінен тұрады. Жоғарғы қатарда орналасқан символдар: қатынас белгілері, бос орын мен көпнүкте, операторлар, бағыттауыштар, логикалық символдар, жиын теориясы символдары, грек әріптері. Төменгі қатарда жақшалар, бөлшектер, төменгі және жоғарғы индекс, қосындылар, көбейтінділер, интегралдар, матрицалар, жазулы бағыттауыштар үлгілері орналасқан.

Символды кірістіру үшін керекті символ тұрған өріс элементін тышқан меңзерімен белгілеп көрсетіп, өріске кіретін символдардың толық тізімін ашамыз. Тышқан меңзерімен тізімдегі қажетті символды таңдап алып, оны бір рет шертсек, символ формулалар жолына енгізіледі.

Мәтінге енгізілген формуланы ерекшелеп алып, жоюға немесе басқа жолға орын ауыстыруға болады. Формуланы үлкейту немесе кішірейту үшін формула редакторын тышқанды екі рет шерту арқылы шақырып, формуланы ерекшелеп, Мөлшер(Размер) – Басқа(Другой) командасымен қажетті қаріп мөлшерін енгіземіз. Формулалар редакторынан шығу үшін формуладан тысқары аумақта тышқанды шерту жеткілікті.

13.5. Word программасында сурет салу

Microsoft Word мәтіндік процессоры сурет салуға және басқа программалардан графиктерді кірістіруге мүмкіндік береді. Word прграммасы сырттан алынған графикті басқа шамадағы мәтіндік символ ретінде қарастырып, оны мәтін элементі ретінде орналастырады. График даярланған өлшемімен мәтінге кірістіріледі. Графикті ерекшелеу үшін оның кез-келген нүктесінде тышқанды шерту қажет. Құжатқа график немесе сурет орналастыру үшін Кірістіру(Вставка) – Сурет(Рисуок) командасын таңдап, сурет орналасқан файлдың атын кірістіру керек.

Сызық, қисық, дөңгелек, төртбұрыш, көпбұрыш және т.с.с. қарапайым графикалық элементтерді Word құрамындағы графикалық редактордың көмегімен даярлауға болады. Экранның төменгі жағында орналасқан сурет салуға арналған аспаптар тақтасы дайын фигура үлгілерін ұсынады.

Word графикалық редакторының ең қарапайым элементі – сызық. Сызық сызу үшін сурет салуға арналған аспаптар тақтасынан түзу сызық кескіні тұрған батырманы шертеміз де, тышқан меңзерін түзудің бастапқы нүктесіне орналастырамыз. Тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып, сызықтың соңғы нүктесіне дейін созамыз. Сызықтың түсін, стилін, қалыңдығын өзгертуге болады. Дөңгелектер мен эллипстерді де осы аспаптар тақтасының көмегімен даярлауға болады. Эллипс центрін бір нүктеге орнықтыру үшін Ctrl пернесін басулы күйде ұстап тұру қажет. Доға салу барысында Shift пернесін жібермей ұстап тұрсақ, 45° шеңбер секторы салынады.

Соседние файлы в папке 3.Информатика