Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

4.2. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

Дербес компьютердің қосымша құрылғыларына принтер, сканер, плоттер, модем, графикалық планшет және т.б. құрылғылар жатады.

Принтердегеніміз мәтіндік және графикалық ақпараттарды компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Принтердің түрлері: матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш, термографиктік, фотопринтер және т.б.

Матрицалық принтер дегеніміз барлық бейнелерді нүктелерден тұрғызатын шертпелі принтер.

Матрицалық (шертпелі) принтер бояғыш лента арқылы қағазды шерте отырып, символдарды немесе суреттерді басып шығарады. Инелер бір немесе екі қатарда орналасқан. Матрицалық принтерлер кез-келген символды матрица түрінде ұсынады.

Ең алғашқы матрицалық принтерлер қағазды біртіндеп салуды қажет етсе, кейінгі принтерлерде қағазды автоматты түрде алатын механизм орнатылған. Инелерінің саны көп принтердің жұмыс жасау жылдамдығы жоғары. Матрицалық принтерлер шуылды, баяу жұмыс жасайды. Олардың режимдері: NLQ(орташа сапалы), LQ(баспаханалық сапалы), SLQ(жоғары сапалы).

Сия бүріккіш принтер мәліметтерді қағазға басып шығару үшін тар түтікше арқылы сияны бүрку тетігін пайдаланады.

Сия бүріккіш принтерде бір немесе екі картридж қолданылады. Екінші картридж түрлі-түсті сияға арналған. Принтерлерде екі түрлі сия қолданылады: суда ерігіш және пигменттік. Сия бүріккіш принтерлер матрицалық принтерлермен салыстырғанда сапалы әрі шуылсыз.

Лазерлік принтер мәліметтерді қағазға басып шығаруды лазерлік сәуленің көмегімен жүзеге асырады. Лазерлік принтерлерде қолданылатын құрғақ ұнтақ тәрізді бояу тонер деп аталады.

Лазерлік принтерлер ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады. Бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі.

Лазерлік принтерлердің қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 1200 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар сапасы жоғары болады. Лазерлік принтерлер өте сапалы және жылдамдықтары да жоғары. Жылдамдығы орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5-15 секундта) басады.

Термографиктік принтерлер - жылу арқылы жұмыс істейтін бастиегі бар, арнайы жылу сезгіш қағазға мәліметтер шығаратын, температуралық әрекеттестік принципінде жұмыс жасайтын басу құрылғысы.

Графикалық принтер – принтер мен плоттердің біріктірілген түрі. Графикалық принтер механизмі горизонталь бағытта қозғалатын жазу элементінен және қағазды вертикаль бағытта жылжыту құрылғыларынан тұрады. Барлық жылжу амалдары компьютердің басқаруымен орындалады.

Принтерлерді Hewlett Packard, Epson, Canon, Lexmark, Citizen және т.б. фирмалар жасап шығарады.

Сканер - қағазға жазылған ақпараттың кез-келген түрін оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізетін құрылғы.

Сканер құжаттан шыққан сәулені қабылдап, олардан сандық сигналдар құрастырады және қабылданған бейнелерді компьютерлік өңдеуге жарамды графикалық пішімге түрлендіреді. Ол қағаз түріндегі ақпараттың оптикалық көшірмесін алады.

Сканердің түрлері: қолмен басқарылатын, парақтық, планшеттік. Қолмен басқарылатын сканерді ұстап, оны парақтың үстімен жүргізіп өтеді. Оның кемшілігі: сканерді парақтың үстімен біркелкі жүргізіп өту керек. Парақтық сканер тек бір ғана парақты сканерлеуге арналған. Кітапты парақтық сканермен сканерлеу үшін оның әрбір парағын жеке-жеке сөгіп алып, сканерлейді. Планшеттік сканердің қызметі ксерокстік аппараттардың қызметіне ұқсас. Парақты немесе кітапты шынының үстіне қойып, сканер қақпағын жауып, сканерлейді. Планшеттік сканерлер өте ыңғайлы. Сканерленген парақ мәтінін айырып тану үшін арнайы программалар Fine Reader немесе Cunei Form қолданылады.

П

Плоттердің түрлері: планшеттік және барабанды. Плоттерді векторлық және растрлік деп те жіктейді. Плоттер құрылғысы жобалау жұмыстарын автоматтандыру кезінде әртүрлі сызба (чертеж) түріндегі бейнелерді басып алу үшін кажет. Плоттерлер біртүсті және түрлі-түсті болып жіктеледі.

лоттер(графиксалғыш) – графиктерді, күрделі графикалық кескіндерді, сызбаларды, суреттерді, карталарды түрлендіріп, қағазға сызып беретін график салу құрылғысы. Ол мәліметтерді, негізінен графиктік ақпаратты қағазға шығарады.

Модем-телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасу құрылғысы.

Модем ұғымы модулятор-демодулятор сөздерінің бастапқы буындарынын құрастырылған. Ол компьютердің цифрлық сигналдарын телефон арналарына жіберілетін байланыс сигналдарына және кері түрлендіруге арналған құрылғы.

Соседние файлы в папке 3.Информатика