Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

4.6-Сурет. Ішкі және сыртқы модем

Модем арқылы ақпаратты жіберу жылдамдығының өлшем бірлігі – Бод(baud). Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 28000-29000 бод аралығында. Модем мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады. Мәліметтерді жіберу үш түрлі жүзеге асады:

  1. дуплексті – мәліметтерді бір уақытта қарама-қарсы бағытқа жеткізу;

  2. жартылай дуплексті – мәліметтерді екі бағытқа да жеткізуге болады, бірақ бір уақытта тек бір бағытта ғана жүзеге асады;

  3. симплексті – мәліметтерді тек бір бағытта ғана жеткізу.

4.7-Сурет. Модем құрылғысының жұмыс жасауы

Модемнің түрлері: ішкі модем және сыртқы модем. Ішкі модем аналық тақшада орналасады. Ішкі модемнің телефон желісімен қосатын сыртқы қосқыш тарақшасы болады. Сыртқы модем - компьютер қорабынан тысқары, бөлек блок түріндегі модем. Ол компьютердің тізбекті портына, телефон желісіне, телефонның өзіне және ток көзіне жалғануы тиіс.

Бұлардан басқа факс-модемдер бар, олар модем мен факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқарады. Факс-модемді пайдаланып, мәтіндік мәліметті тек өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жәй қарапайым факс аппаратына да жіберуге және қабылдауға болады. Факс-модемдер жәй модемдерден қымбат емес, бірақ атқаратын қызметі әлдеқайда мол. Дыбыстық модемдер – дыбыстық хабарламалар алмасуға арналған автожауапберуші.

Графикалық планшет(дигитайзер) - жиектік кескіндерді нүктелік енгізу құрылғысы. Ол сызуға арналған қаламмен жасақталып, компьютерге қосылған жазық тақта болып келеді. Дигитайзер – суреттерді, дыбысты, сызбаны немесе басқа бейнелерді цифрлық түрге айналдыратын құрылғы.

Қаламмен планшет бетіне жайылған қағазға кескін сызылады. Графикалық планшеттің қаламды басу арқылы іске қосылатын көптеген өте нәзік ауыстырғыштары бар, солардың көмегімен салынған сызықтар экранда бейнеленеді. Арнайы программалар әр нүктенің орнын цифрға айналдырып, компьютердің жадында сақтайды.

Стример- қатқыл дискідегі мәліметтерді резервте сақтап қоюға арналған көлемді мәліметтер жинақтайтын магниттік таспадағы компьютерлік магнитофон. Ол көлемі үлкен мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған. Стример ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Кемшілігі – мәліметтер жіберу жылдамдығының төмендігі. Көбінесе архивтелген файлдарды сақтау үшін қолданылады. Стримердің дискілерден айырмашылығы: оған мәліметтер тізбектей жазылады.

ТВ-тюнер(TV tuner) – әртүрлі форматта таратылатын телевизиялық сигналдарды қабылдап, оларды компьютерде немесе бөлек орналасқан мониторда көру үшін қолданылатын құрылғы.

ТВ-тюнерлердің аналық тақшаға орнатылып компьютермен бірге сатылатын түрлері және радиобайланыс пен аудиовидеобайланысты қамтамасыз ететін тетіктері бар бөлек құрылғы ретінде сатылатын түрлері де бар. Қазіргі ТВ-тюнерлердің барлығы дерлік радиостанцияларды қабылдай алады және видеоны қабылдау үшін де қолданылады.

Конструкторлық құрылымы бойынша ТВ-тюнерлердің сыртқы (компьютерге USB арқылы қосылады немесе компьютер мен дисплейді жалғайтын видеокабель арқылы қосылады) және ішкі (PCI немесе PCI-Express-ке орнатылады) түрлері болады.

Саундбластер –дыбыстық сигналды файлға жазуға, кейін оны қайта ойнатуға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы. Компьютерлерді локальды желіге біріктіру үшін желілік карта қажет.Экранда берілгендерді бейне, дыбыс, мәтін, музыка, анимация түрінде кескіндеу құрылғысы: мультимедиа.

Флэш-жады- BIOS-ты сақтауға арналған, тұрақты сақтауыш құрылғыны алмастыратын энергия көзінен тәуелсіз жады. Мәліметтерді жазу USB-кабельдердің көмегімен жүзеге асады.

Соседние файлы в папке 3.Информатика