- •Ақпарат және информатика ұғымдары
- •1.1. Ақпарат ұғымы
- •1.2. Ақпарат қасиеттері
- •1.3. Ақпараттың өлшем бірліктері
- •1.4. Ақпараттық процесстер
- •1.5. Информатика пәні
- •Санақ жүйесі
- •2.1. Санақ жүйесінің негізгі ұғымдары
- •2.2. Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері
- •2.1-Кесте. Натурал сандардың әртүрлі санақ жүйелерінде жазылуы
- •Компьютердің даму тарихы
- •3.1-Сурет. «Марк-1» автоматтандырылған есептегiш машинасы
- •3.2-Сурет. «Эниак» электронды есептеуіш машинасы
- •Компьютердің құрылғылары
- •4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •4.1-Сурет. Жүйелік блок
- •4.2-Сурет. Аналық тақша
- •4.3-Сурет. Порттар
- •4.4-Сурет. Мәліметтерді жинақтауыштар
- •Монитор
- •Пернетақта және тышқан
- •4.5-Сурет. Пернетақта
- •4.2. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •4.6-Сурет. Ішкі және сыртқы модем
- •4.7-Сурет. Модем құрылғысының жұмыс жасауы
- •4.8-Сурет. Флэш-жады түрлері
- •5. Файлдар, файлдық жүйелер мен менеджерлер
- •5.1. Файл ұғымы және файл түрлері
- •5.1-Сурет. Файлдардың орналасу құрылымы:
- •5.3. Файлдық менеджерлер
- •6. Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі
- •7 Иә . Алгоритм және программа ұғымдары
- •7.1-Кесте. Блок-схемалардың сипаттамасы
- •8. Операциялық жүйелер
- •9. Компьютерлік вирустар
- •9.1-Сурет. Kaspersky антивирустық программасының терезесі
- •9.2-Сурет. Doctor Web антивирустық программасының терезесі
- •9.3-Сурет. Eset nod32 антивирустық программасының терезесі
- •10. Архиваторлар
- •11. Windows операциялық жүйесі
- •11.1. Windows операциялық жүйесінің негізгі ұғымдары
- •11.1-Сурет. Windows xp экранының жалпы көрінісі
- •11.2. Іске қосу (Пуск) мәзірі
- •11.2-Сурет. Іске қосу мәзірі
- •11.3-Сурет. «Жұмысты аяқтау» терезесі
- •11.3. Windows xp операциялық жүйесін баптау
- •11.4. Windows операциялық жүйесін пернетақта көмегімен басқару
- •11.1-Кесте. Windows-ті басқаратын пернелер комбинациялары
- •11.5. Сілтеуіш программасы
- •11.4-Сурет. Сілтеуіш программасы терезесі
- •11.5-Сурет. Көшірмесін алу әрекеті
- •11.6. Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру
- •12. Стандартты программалар
- •12.1-Сурет. Стандартты программаларды жүктеу
- •12.1. Paint графикалық редакторы
- •12.2-Сурет. Paint редакторының экраны
- •12.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
- •12.3-Сурет. WordPad программасының терезесі
- •12.3. Калькулятор
- •12.4-Сурет. Стандартты және ғылыми калькулятор
- •13. Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •13.1-Сурет. Microsoft Word программасының терезесі
- •13.1. Құжаттарды дайындау, сақтау және баспаға шығару
- •13.2-Сурет. Құжат ашу терезесі
- •13.3-Сурет. Құжатты баспаға шығару терезесі
- •13.4-Сурет. Құжатты сақтау терезесі
- •13.2. Мәтінді пішімдеу
- •13.5-Сурет. «Қаріп» сұқбаттасу терезесі
- •13.6-Сурет. «Азат жол» сұқбаттасу терезесі
- •13.7-Сурет. «Тізім» сұқбаттасу терезесі
- •13.8-Сурет. «Шекара мен құйып бояу» терезесі
- •13.3. Кестелерді даярлау және түзету
- •13.9-Сурет. «Кестені кірістіру» терезесі
- •13.4. Формуламен жұмыс
- •13.10-Сурет. Формула редакторының аспаптар тақтасы
- •13.5. Word программасында сурет салу
- •13.11-Сурет. Сурет салу аспаптар тақтасы
- •14. Microsoft Excel электрондық кестесі
- •14.1. Ехсеl программасы туралы жалпы мағлұматтар
- •14.1-Сурет. Microsoft Excel программасының терезесі
- •14.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •14.2-Сурет. Ұяшықтар блогы
- •14.3-Сурет. Адрестеу түрлері
- •14.3. Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар
- •14.4. Excel функциялары
- •14.4-Сурет. Сандар пішімін таңдау терезесі
- •14.5. Диаграмма құру
- •14.5-Сурет. Диаграмма шебері терезесі
- •14.6-Сурет. Функциясының графигі
- •15. Microsoft Access
- •15.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •15.2. Өріс типтері және қасиеттері
- •15.3. Ms Access программасының негізгі объектілері
- •15.1-Сурет. Кесте режимінде кестені құру
- •15.2-Сурет. Конструктор режимінде кестені құру
- •15.3-Сурет. Кесте шебері режимінде кестені құру
- •15.4-Сурет. Сұраныс терезесі
- •15.5-Сурет. Конструктор көмегімен қалып құру
- •15.6-Сурет. Есеп беру терезесі
- •16. Компьютерлік желі
- •16.1. Компьютерлік желілердің түрлері
- •16.2. Желілік топологиялар
- •16.1-Сурет. Шиналық топология
- •16.2-Сурет. Жұлдыз тәрізді топология
- •16.3-Сурет. Сақиналық топология
- •16.3. Желілік техникалық құралдар
- •16.4. Желілік программалық кұралдар
- •16.5. Клиент-сервер технологиясы
- •16.6. Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •16.7. Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері
- •17. Электрондық почта
4.4-Сурет. Мәліметтерді жинақтауыштар
Мәліметтерді жинақтауыштар дегеніміз мәліметтерді жазып сақтауға арналған сыртқы жады. Мәліметтерді сақтау құрылғысына байланысты магниттік, лазерлік дискілер, магниттік таспадағы жинақтауыштар болып бөлінеді. Магниттік диск - жалпақ дөңгелек табақша немесе диск түрінде жасалған, беті магниттік қабықшамен қапталған металл немесе шыны пластина. Олардың иілгіш және қатқыл түрлері бар.
Қатқыл
магниттік диск (винчестер) –
қабаттасқан біртұтас бірнеше металл
немесе шыны дискілерден тұратын, жедел
жұмыс атқарып, көлемді ақпарат мөлшерін
сақтайтын мәлімет жинақтауыш. Қатқыл
магниттік дискінің негізгі сипаттамалары:
сыйымдылығы, бағасы және жұмыс жасау
жылдамдығы.
Қатқыл диск ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокқа орнатылады. Оның дискілері жылдам айналып, кез-келген мәліметтер көлемін сенімді түрде сақтайды. Қатқыл дискінің негізгі бөліктері: сырты магнитпен жалатылған қатқыл дискілер (пластиналар), позициялау құрылғысынан тұратын бастиектер блогы, шпиндель электрожетегі, электроника блогы және сырты мықты темірден жасалған корпус. Қатқыл дискінің жұмыс істеу принципі магнитофондарға ұқсайды.
Қатқыл дискіге «винчестер» деген атау әуелі қалжың ретінде берілген болатын, өйткені бұл құрылғының кейбір техникалық сипаттамалары шынында да осы бір американдықтардың танымал мылтығына ұқсас келетін. Кейін бұл атау үйреншікті болып кеткендіктен, винчестер деп тек қана мылтықты емес қатқыл дискіні де атайтын болды.
Қ
Иілгіш
магниттік диск (дискет) –
магниттік қабыршағы бар иілгіш диск
түрінде жасалған компьютердің
алмалы-салмалы сыртқы сақтауыш
құрылғысы. Иілгіш дискінің диаметрі
89 мм, яғни 3,5 дюйм болса, оны микродиск
деп атайды. Диаметрі
133 мм иілгіш магниттік диск: мини-диск.
Иілгіш магниттік дискінің көлемі 1,44 мегабайт. Дискеттер қатты пластмасса қорапта орналасады, сол себепті олар ұзақ әрі сенімді қызмет атқарады.
C
Оптикалық (лазерлік) диск–
лазерлік технология арқылы мәлімет
жазу мен оқуға арналған ақпарат
жинақтауыш. Оптикалық дискідегі
жинақтауыштардың ерекшелігі – жұмыс
жасау жылдамдығы жоғары және мәліметтер
сыйымдылығы үлкен.
Үлкен көлемде ақпарат тасымалдау үшін CD-ROM компакт-дискілерін қолданған тиімді. CD-ROM («Compact Disk Read Only Memory» - жады оқылатын компакт диск) ақпаратты сақтау үшін кең көлемде қолданылатын ақпарат тасымалдаушылардың бірі. Компакт дискінің ақпарат сыйымдылығы 650-700 МБайт шамасында.
Компакт-дискілерде барлық мәлімет иілгіш дискілердегідей магнитті емес, оптикалық принциппен сақталады. Дискідегі барлық мәлімет лазерлік сәуленің көмегімен оқылады.
Компакт-дискідегі мәліметтерді оқу үшін CD-ROM дискжетегі қолданылады. CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі – оқу жылдамдығы. Оқу жылдамдығының өлшем бірлігі ретінде 80-жылдары музыкалық компакт дискілердің (аудиодискілер) оқу жылдамдығы ретінде белгіленген өлшем бірліктер қолданылады. Қазіргі заманғы CD-ROM дискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х–52х. Компакт-дискілердің CD-R (Compact Disk Recordable) және CD-RW (Compact Disk ReWritable) деген түрлері болады. CD-R дискілерге ақпаратты бір рет, ал CD-RW дискілерге бірнеше рет жазуға болады.
DVD (ағылш. Digital Versatile Disc – көпмақсатты сандық диск немесе Digital Video Disk – сандық видеодиск) – сыртқы түрі компакт-дискіге ұқсағанымен, одан да көп мөлшерде мәліметті сақтауға мүмкіндік беретін ақпарат тасымалдаушы. DVD-дің қарапайым компакт-дискіден айырмашылығы ондағы мәліметті оқып-жазу үшін қысқа толқынды лазер қолданылады. Бірқабатты, біржақты DVD-дің ақпарат сыйымдылығы 4,7 ГБайт. DVD бір немесе екі жақтан, яғни екі жақ бетінде де орналасатын екі қабаттан тұруы мүмкін. Алғашқы осындай дискілер мен ойнатқыштар 1996 жылдың қараша айында Жапон елінде, 1997 жылдың наурыз айында АҚШ-та пайда болды.
DVD-дің оқу/жазу жылдамдығы - 1 385 000 байт/с шамасында. (1352 КБайт/с=1,32 МБайт/с)
Blu-ray Disc немесе қысқаша BD (ағылшынша blue ray – көгілдір сәуле және disc - диск) – сандық деректерді, соның қатарында жоғары сапалы видеоны сақтау үшін қолданылатын оптикалық дискілердің жаңа буыны.
Blue ray деген сөз тіркесі өз атауын DVD-мен салыстырғанда анағұрлым көп мәліметті оқып-жазуға мүмкіндік беретін қысқа толқынды 405 нм «көк» түсті (техникалық күлгін-көк) лазерге байланысты алған болатын. Бірқабатты Blu-ray (BD) дискіде 27 Гбайтқа дейін ақпарат сыйғызуға болады.
Бірнеше секторлардан тұратын файлдарды жазуға арналған магниттік дискідегі жады бірлігі кластер деп аталады. Ол операциялық жүйемен бөлінетін дискідегі жадының блогын құрайды. Бір кластерге жеке файл немесе оның бөлігі жазылуы мүмкін. Операциялық жүйеде әрбір кластерге ерекше нөмір беріледі. Сыйымдылығы 1,44 мегабайт дискеттерде әрбір кластер бір секторға тең. Қатқыл дискіде бір кластерде 1, 2, 4, 8 және одан да көп секторлар болуы мүмкін.
Контроллер – компьютердің жеке құрылғыларының жұмысын басқаратын электрондық схема. Контроллер құрылғы сигналдарын шинаның сигналдарымен сәйкестендіреді және орталық процессордан түскен командалар бойынша құрылғыларды басқарады. Индикатор құрылғының қалып–күйін, мәліметтердің өзгерісін немесе программаның орындалуын көрсетуге арналған.