Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

13.7-Сурет. «Тізім» сұқбаттасу терезесі

Стиль – үлгі ретінде сақталатын құжат мәтінін пішімдеу параметрлерінің атау берілген жинағы.

Пішімдеу мәзірінің жиі қолданылатын командаларының бірі – шекара мен құйып бояу (граница и заливка). Мәтінді немесе парақты жиектеу қажет болғанда қолданылады. Ол Пішімдеу(Формат) – Шекара мен құйып бояу (граница и заливка) командалар тізбегі арқылы іске қосылады. Жиектеу кезінде көптеген жиектеу нұсқалары (сызық түрі, ені, түсі) ұсынылады.

Мәтінді бірнеше бағандарға бөлуге болады. Пернетақтадан терілген мәтін сол беттегі бір бағаннан екіншісіне өтіп отырады. Мәтінді бағандарға бөліп орналастыру үшін Пішімдеу мәзіріндегі Бағандар командасын немесе терезенің жоғарғы жағындағы батырмасын таңдап, ашылған сұқбаттасу терезесінде бағандар санын, олардың ені мен арақашықтығын көрсетеміз.

Мәтінді жиектеу үшін алдымен мәтіннің қажетті бөлігін белгілеп аламыз. Пішімдеу мәзіріндегі Шекара мен құйып бояу батырмасын басамыз. Ашылған сұқбаттасу терезесінен қажетті параметрлерді таңдаймыз.

13.8-Сурет. «Шекара мен құйып бояу» терезесі

Microsoft Word мәтіндік процессоры құжаттағы емле ережесін тексеріп, қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қателерді тексеру Сервис мәзірінің Емле ережесі (Правописание) командасының немесе батырмасының көмегімен іске қосылады. Осы команданы F7 функциональдық пернесі де атқарады. Құжаттағы қызыл толқынды сызықпен сызылған сөздердің барлығы қате емес екенін ескеру қажет, себебі жүйе өзіне таныс емес сөздердің барлығының астын сызып отырады. Ол сөздерді сөздікке қосуға немесе оны өткізіп отыруға тапсырма беруге болады.

13.3. Кестелерді даярлау және түзету

Microsoft Word программасында кестелермен жұмыс жасауға болады. Кесте дегеніміз мәліметтерді жолдар мен бағаналар қиылысында орналастыру арқылы ұсыну тәсілі. Әдетте кестенің бірінші жолы бағаналардың тақырыбымен толықтырылады. Кесте құжаттың кез-келген жеріне қойылады. Кесте мөлшері парақ өлшемінен үлкен болуы мүмкін, осы жағдайда ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады және кесте тақырыбын әрбір беттің жоғарғы жағына автоматты түрде орналастыруға болады.

Кесте құру үшін Кесте(Таблица) мәзірінің Кестені кірістіру (Вставить таблицу) командасы немесе батырмасы пайдаланылады. Кестенің бағаналары мен жолдар саны көрсетілген соң, меңзер тұрған жерде кесте пайда болады. Кесте даярланған соң,Кесте – Кестені автопішімдеу командасы арқылы стандартты форматтардың ішінен қажетті форматты таңдап алуға болады.

13.9-Сурет. «Кестені кірістіру» терезесі

Кестені мәліметтермен толықтыру үшін меңзерді қажетті ұяшыққа қойып, мәліметті енгіземіз. Келесі ұяшыққа Tab пернесі немесе ↑, ↓, ←, → пернелері арқылы көшуге болады. Түзету командаларын орындау үшін ұяшықтарды, жолдарды немесе бағаналарды таңдап алу керек. Microsoft Word кестені, жолдар мен бағаналарды толығымен таңдап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін Кесте мәзіріндегі Кестені ерекшелеу, Жолды ерекшелеу, Бағананы ерекшелеу командалары пайдаланылады.

Кестені даярлап, оны мәліметтермен толықтырған соң, кестедегі мәліметтердің орнын ауыстыру қажет болып жатады. Word редакторы кесте ұяшығындағы мәліметтерді басқа ұяшыққа ауыстыруға көптеген мүмкіндіктер береді. Ол үшін орнын ауыстыратын ұяшықтарды белгілеп алып, меңзерді қажетті ұяшықтарға апарамыз, сонда ұяшықтардың мәліметтері алмасады.

Жаңадан даярланған кестеде барлық ұяшықтардың биіктігі бірдей болады. Мәтінді енгізу барысында ұяшық биіктігі енгізілген жолдар санына сәйкес өзгеріп отырады.

Кестеге жолдар немесе бағаналар кірістіру үшін Кесте(Таблица) мәзірінің Жолдарды кірістіру немесе Бағаналарды кірістіру командасы қолданылады. Бірнеше қатар орналасқан ұяшықтарды біріктіру үшін біріктірілетін ұяшықтарды белгілеп, Кесте – Ұяшықтарды біріктіру командасын орындаймыз. Ұяшықтарды бөлу үшін бөлінетін ұяшықты белгілеп алып, Кесте – Ұяшықтарды бөлу командасын орындаймыз. Экранда пайда болған «Ұяшықтарды бөлу» сұқбаттасу терезесінде бағаналар мен жолдар санын көрсетеміз.

Кестеде математикалық есептеулер жүргізуге болады. Ол үшін Кесте мәзірінің Формула командасы қолданылады. Ең жиі қолданылатын автоқосынды командасы терезенің жоғары жағында орналасқан. Кестедегі мәліметтердіөсуі немесекемуі бойынша сұрыптауға болады.

Кестелермен жұмыс істеу барысында мәтін немесе сурет қосу үшін кестені екі бөлікке бөлу қажет болуы мүмкін. Ол үшін меңзерді бөліну сызығынан кейінгі жолға орналастырып, Кесте - Кестені бөлу (Таблица-Разбить таблицу) командасын орындаймыз немесе Ctrl+Shift+Епter пернелер комбинациясын басамыз. Нәтижесінде кесте екі бөлікке бөлінеді, ал екі бөліктің арасына калыпты форматталған абзац маркері қойылады. Егeр бөлуді тоқтатқымыз келсе, яғни бұл әрекетті болдырмау үшін абзац маркерін алып тастау жеткілікті.

Соседние файлы в папке 3.Информатика