Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

9.1-Сурет. Kaspersky антивирустық программасының терезесі

Kaspersky антивирустық программасы бірнеше модульден тұрады: scanner – қатқыл дискіні тексеруге арналған; monitor – операциялық жүйені іске қосқанда автоматты түрде жүктеліп, барлық іске қосылған файлдар мен құжаттарды тексереді; инспектор – белгісіз емес вирустарды анықтауға арналған; mail Checker – электрондық почта құжаттарын тексеруге арналған; Script Checker – вирустық скриптерді табуға арналған; Office Guard – Microsoft Office құжаттарын тексеруге арналған; Басқару орталығы – Kaspersky кешенінің барлық программаларын басқаруға арналған.

9.2-Сурет. Doctor Web антивирустық программасының терезесі

Doctor Web антивирустық программасы Санкт-Петербургтегі Игорь Даниловтың лабораториясында жасалған. Аталған антивирустық программа сканер және монитор (Spider) түрінде ұйымдастырылған.

9.3-Сурет. Eset nod32 антивирустық программасының терезесі

Сканер эвристикалық талдауды қолданатындықтан, бұрын белгісіз вирустарды табу мүмкіндігін береді. Doctor Web антивирустық программасы, басқа программалармен салыстырғанда, жылдам және дұрыс жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта жиі қолданылатын антивирустық программаларға Eset NOD32 программасын жатқызуға болады.

Symantec Norton AntiVirus программасы әртүрлі вирустарды автоматты түрде жояды, қабылданған және жөнелтілетін ақпараттарды тексереді, вирустарды тауып, олардың компьютерге енуіне жол бермейді.

Вирустан сақтану шаралары:

  1. компьютердің қатқыл дискiн жиі тексеру;

  2. вирусқа қарсы базаны уақтылы жаңарту;

  3. құнды ақпараттарды дискіге сақтап отыру;

  4. компьютерді жүктеу барысында дискi құрылғысына иiлгiш дискіні қалдырмау;

  5. вирусқа қарсы күзетші программасын орнату;

  6. электрондық почтамен келген күмәнді ақпаратты ашпау;

  7. әрбір интернетпен жұмыс жасағаннан кейін компьютерді тексеру;

  8. компьютерге қосылған әрбір мәліметтер жинақтауыштарды (диск, флэш, дискета) мiндеттi түрде антивирустық программалар арқылы тексеру.

10. Архиваторлар

Біз кез-келген ақпараттың белгілі бір көлемі болатын білеміз. Егер файл жадтың көп көлемін алса және дискіге сыймайтын болса, онда ақпаратты құртпай, оны арнайы программалардың көмегімен архивтейді.

Архивтеудегеніміз дискіде файлдың алатын орнын азайту үшін ондағы мәліметтерді архивтеуші программалардың көмегімен сығу процесі. Мәліметтерді архивтеу үшін арнайы программалар қолданылады. Оларды архиваторлар деп атайды.Кең таралған архиваторлар: ARJ, RAR, ZIP, ACE, CAB. Архивтелген файлдарды бастапқы күйіне келтіру процесі архивтен алу деп аталады. Файлдарды ашқанда, олар архивтен алынып, дискіге немесе жедел жадқа орналастырылады.

Архив – программалар мен мәліметтердің ұзақ уақыт сақтауға арналған, тығыздалып сығылған көшірмелері; программалар мен мәліметтердің көлемін оларды қалпына келтіру мүмкіндігі бар белгілі тәсілдермен кішірейте отырып, олардың тығыздалған күйіндегі көшірмелерінің сақталған жиыны.

Архивтік файл – тығыздалған түрде біртұтас файлға орналастырылған бір немесе бірнеше файлдың архивтелген көшірмесі; алғашқы файлдарды тығыздап қысу нәтижесінде дайындалған файл. Оларды керек кезінде алғашқы түрде шығарып алуға болады.

Архиваторлар файл көлемін 10 пайыздан 70 пайызға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді. Егер мәтіндік реферат көлемі 1Мбайт болса, архивтеу нәтижесінде көлемі 100Кбайтқа дейін азаяды. Әуендік және суреттік файлдар әртүрлі деңгейде сығылады. Мысалы: wav, bmp, tiff форматты файлдар жақсы сығылса, mp3, gif және jpg форматты файлдарды мүлдем сығылмайды деуге болады.

Архиваторлардың негізгі қызметтері:

  1. жаңа архивтер құру;

  2. файлдарды архивтен шығару;

  3. архивке файлдарды қосу;

  4. өздігінен ашылатын архивтерді құру;

  5. архивті бүтіндікке тестілеу;

  6. бүлінген архивті қалпына келтіру;

  7. архивті қорғау.

WinZip программасы екі режимде жұмыс жасайды: классикалық және шебер режимінде. WinZip архиваторы антивирустық программаны қолдайды, архивтен өздігінен алынатын файлдарды құрады, архивті электрондық почта арқылы жіберуді қамтамасыз етеді. Архивті қорғау үшін оны құрған кезде пароль орнату жеткілікті. Көбінесе файлдарды сығу және ашу бір программамен жүргізіледі, бірақ кейбір жағдайларда оны бірнеше программамен жасауға болады. Мысалы, PKZip программасы файлдарды сығады, ал PKUnZip файлдарды ашу қызметін атқарады.

ARJ архиваторы үлкен жылдамдықпен жұмыс жасайды және ақпаратты өте жақсы тығыздап, сығады. RAR архиваторының ARJ-ге қарағанда қолайлы интерфейсі бар және ол Windows операциялық жүйесіне арналып жасалған. WinRAR программасы кеңінен қолданылатын және көптеген тілде нұсқалары бар архиватор. WinRAR программасы WinZip программасымен салыстырғанда, файлдарды жақсы архивтейді. Ол физикалық тұрғыдан зақымдалған файлдарды қалпына келтіре алады.

Соседние файлы в папке 3.Информатика