Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

14.3. Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар

Қиып алу, көшіру және кірістіру операциялары алмастыру буферінің көмегімен орындалады.

Мәліметтерді бір орыннан екінші орынға ауыстырғанда қайдан және қайда орналастыратынымызды айқындап көрсету қажет. Орын ауыстыруды орындау үшін ұяшықты немесе блокты (қайдан) ерекшелеп аламыз да, оған тышқан меңзерін алып барамыз, сол сәтте меңзер ақ бағыттауыш тілсызыққа айналады. Сонан соң ерекшеленген блокты не ұяшықты тышқанмен іліп алып, мәліметтерді қайда орналастыру керек болса, сол орынға алып барамыз.

Көшірме алу кезінде түпнұсқа мәлімет өз орнында калады, ал басқа орында оның көшірмесі пайда болады. Көшірме алу операциясы орын ауыстыру әрекеті тәрізді жүргізіледі, бірақ мұнда Сtrl пернесі басулы күйінде болуы тиіс.

Толтыру маркерін пайдалану арқылы көшірме алуға болады. Курсорды ұяшықтың оң жақ төменгі шетіне алып барсақ, ол "плюс" таңбасына айналады, оны толтыру маркері деп атайды. Толтыру әрекетін оңға қарай және төменгі бағытта жүргізеді. Толтыру орын ауыстыру сияқты орындалады, бірақ бұл сәтте меңзер ұяшықтың немесе блоктың оң жақ төменгі шетінде тұруы тиіс (қара плюс түрінде). Толтыру кезінде бастапқы ұяшықтағы немесе блоктағы мәлімет тышқанның батырмасын басып тұрып бірнеше рет қайталана алады. Ол әсіресе формулаларды көшіруге өте ыңғайлы.

Егер ұяшықтар мен блоктардағы мәліметтерді (сандар, мәтіндер және формулалар) жою керек болса, оларды ерекшелеп алып, Del пернесін басса болғаны. Бұрын енгізілген мәліметтерден блоктарды, ұяшықтарды тазалау үшін оларды ерекшелеп алып, Түзету(Правка) – Тазалау(Очистить) командасын орындау керек. Сол сәтте шығатын ішкі мәзірде нақты нені: мәліметтерді, безендіру элементін, ескертуді немесе бәрін бірдей тазалау керектігін көрсету керек.

Бірнеше ұяшықты біріктіру үшін біріктірілетін ұяшықтарды ерекшелеп алып, батырмасын басамыз.

Бағаналарды, жолдарды және блоктарды жою үшін, алдымен қажетті элементті ерекшелеп алып, содан кейін Түзету(Правка) – Жою(Удалить) командасын пайдалану керек. Жойылған объектілер орны бос калмай, төменгі жолдағы немесе оң жақтағы бағаналар мәліметтері жоғары не солға жылжып, сол орындарды толтырады.

14.4. Excel функциялары

Excel электрондық кестесінде ұяшықтағы сандарды әртүрлі пішімде бейнелеуге болады. Мысалы, 100 санының жазылуы: 100,00 теңге - ақша түрінде; 100% - пайыз түріне; 1,00Е+02 - ғылыми түрде.

Сандарды (немесе мәліметтерді) безендіріп жазу үшін пішімдеу тақтасының батырмаларын немесе Пішімдеу(Формат) - Ұяшық(Ячейки) командасын пайдалануға болады.

14.4-Сурет. Сандар пішімін таңдау терезесі

Ұяшықтағы сан пішімін (форматын) өзгерту кезінде ұяшықтағы мәліметтерді бейнелеу тәсілі өзгереді, ал санның мәні өзгермейді. Сандық пішімде нүктеден кейінгі ондық сандардың саны таңдалады. Ақшалық пішім санның соңына валюта белгісін қосып жазады. Санды ақшалық пішімде жазу үшін батырмасы пайдаланылады. Қаржылық пішімнің ақшалық пішімнен айырмашылығы: онда теріс санды да пайдалануға болады. Электрондық кестенің мерзім және уақыт пішімі уақытты ғана белгілеп қоймай, олармен арифметикалық амалдар жүргізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа пайыздық, бөлшектік, экспоненциалдық, мәтіндік және т.с.с сан пішімдері кеңінен қолданылады. Пайыздық пішімді пайдаланудың арнайыбатырмасы терезенің жоғары жағында орналасқан. Санның разрядын арттыружәне азайтубатырмалары да стандартты аспаптар тақтасында орналасқан.

Егер ұяшықтар #### символдары түрінде бейнеленсе, онда санның ені ұяшық енінен артық. Мұндайда ұяшықтың енін кеңейту керек.

Функциялар есептеулерді жеңілдетеді. Олар у=ƒ(х) түрінде жазылады, мұндағы у - есептелуге тиіс функция мәні, х - аргумент, ƒ - функция. Функция дегеніміз мәндері басқа шамалардың (аргументтің) мәндеріне тәуелді болатын шама.

Excel программасында 400-ден астам функциялар бар. Олар қаржылық, мерзім және уақыт, математикалық, статистикалық, мәтіндік, логикалық және т.с.с. 13 топқа біріктірілген.

Формулалар мен функциялармен жұмыс жасау ережелері:

  1. Формуланы есептеу нәтижесі белсенді ұяшыққа жазылады;

  2. Формулалар теңдік белгісінен басталып жазылады;

  3. Бір формулада бірнеше функцияны қолдануға болады;

  4. Функция атауынан соң аргументі жақшаға алынып жазылады;

  5. Аргумент ретінде ұяшық адресін пайдалануға болады;

  6. Формулаларда бос орын қалдыруға болмайды;

  7. Аргументтер нүктелі үтір арқылы ажыратылады және функцияның аргументтерінің саны 30-дан аспауы тиіс;

  8. Формула ұзындығы 1024 элементтен аспауы керек.

Ехсеl программасында жиі қолданылатын функциялар:

Қаржылық функциялар:

  1. АПЛ – берілген аралықтағы мүліктің тозуын есептеу;

  2. БС – банк салымының пайыздық мөлшері тұрақты болған кездегі салым өсімін анықтау;

  3. ДОХОД – бағалы қағаздан түскен түсімді анықтау;

  4. НАКОПДОХОД – бағалы қағазды жинақтау кезіндегі пайыздық түсімді анықтау;

  5. СКИДКА – бағалы қағазға арналған жеңілдік мөлшерін анықтау;

Мерзім және уақыт функциялары:

  1. ВРЕМЗНАЧ – мәтін түріндегі уақытты сандық түрге айналдыру;

  2. ВРЕМЯ – көрсетілген уақыт үшін сандық түрдегі мерзімді қайтару;

  3. ДНЕЙ360 – көрсетілген екі мерзім аралығындағы күн санын анықтау;

Математикалық функциялар:

  1. ГРАДУСЫ – радиан түріндегі берілген шаманы градусқа айналдыру;

  2. КОРЕНЬ – берілген санның квадрат түбірін табу;

  3. МОБР – кері матрицаны есептеу;

  4. МОПРЕД – матрицаның анықтауышын табу;

  5. МУМНОЖ – матрицаларды көбейту;

  6. SIN – радианмен берілген бұрыштың синусын анықтау;

  7. COS – радианмен берілген бұрыштың косинусын анықтау;

Статистикалық функциялар:

  1. МАКС – берілген тізім ішінен ең үлкен мәнді анықтау;

  2. МИН – берілген тізім ішінен ең кіші мәнді анықтау;

  3. СРЗНАЧ – берілген сандардың арифметикалық ортасын табу;

Мәтіндік функциялар:

  1. СЦЕПИТЬ – мәтіндерді бір–бірімен жалғастыру;

  2. ЛЕВСИМВ – мәтіннің сол жақтағы бірінші символын бөліп алу;

  3. ПРАВСИМВ – мәтіннің оң жақтағы ең шеткі символын анықтау.

Жиі пайдаланылатын автоқосынды функциясы аспаптар тақтасында арнайы батырма түрінде көрсетілген.

Соседние файлы в папке 3.Информатика