Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

15.5-Сурет. Конструктор көмегімен қалып құру

Егер терезеде кестенің бір жазуы ғана шықса, онда бұл режим: есеп беру (отчет). Ол мәліметтерді қағазға шығарады. Есеп берудегі парақ нөмірлерін көрсету үшін қолданылатын бөлім: есеп беру тақырыбы.

15.6-Сурет. Есеп беру терезесі

Белгілі бір оқиғаға жауап беру үшін, бірнеше әрекетті құрылымды көрсететін объект макрос деп аталады. Ол бір әрекетті құрылымды түрде сипаттайтын және бірнеше амалдарды бір процедураға біріктіретін команда. Макростың әрбір жұмысы макрокомандалармен жүзеге асады. Макростарды құру үшін керекті макрокомандаларды беру және параметрлерін енгізу қажет.

Модульдер – Visual Basic тілінде жазылған программалық процедуралар.

Белгілі бір шарт бойынша жазбаларды іріктеу тәсілі сүзгі (фильтр) деп аталады. Мәліметтерді сүзгіден өткізу міндеті: таңдаудың жалпы шарттарын қанағаттандыратын жазу топтарын табу. Мысалы: мәліметтер базасының «фамилия» өрісіндегі «к» әрпінен басталатын тұрғындардың фамилияларын іріктеп алу шарты - к*. Егер «жасы» өрісіндегі 100 жастан асатын тұрғындарды іріктеу қажет болса, онда 1?? шарты жазылады.

Тізімді қандай да бір сипаттамасы бойынша белгілі бір ретпен орналастыру операциясы сұрыптау деп аталады. Сұрыптау екі бағытта жүзеге асады: өсуі және кемуі бойынша. Мысалы, топ журналындағы студенттер фамилиялары өсу реті бойынша сұрыпталған.

16. Компьютерлік желі

Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда, компьютерлік желі деп байланыс арналарының көмегімен ақпараттарды үлестіріп өңдеу талаптарын қанағаттандыратын, бірыңғай жүйеге біріктірілген компьютерлер мен терминалдардың жиынтығын айтады.

Желілер құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер қорымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

16.1. Компьютерлік желілердің түрлері

Бір-бірінен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және мәліметтер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер жиынтығын жергілікті желі деп атайды. Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады.

Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Біррангілі желінің барлық тораптары тең құқықты, яғни ерекшеленген сервері жоқ. Мұнда әрбір жұмыс бекеті басқаларға өзінің ресурстарын ұсына отырып, әрі клиенттің, әрі сервердің ролін атқарады.

Бір желінің бірнеше сегменттерін біріктіруге арналған құралды хаб (шоғырлауыш) деп атайды. Хаб аралық жадта ақпарат жинайды, түзетеді және іріктейді, басқа арнаға тасымалдайды, жүйеде өңдеу үшін ақпарат дестелерін қарастырады. Ол жеткізу құрылғыларының қызметтік, сызба-құрылымдық және жылдамдық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Әрбір компьютер оған ұзындығы жүз метрден аспайтын сегмент арқылы қосылады. Олар 8, 12 жән 16 портты болады. Сондықтан оған соншама компьютерлер қосыла алады.

Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:

- құжаттарды ортақ пайдалану;

- мәліметтерді жеткізу жылдамдығы жоғары;

- құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

- компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

- сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;

- принтерлерді, СD-RОМ мәлімет жинақтауыштарын, қатқыл дискілерді және көлемді қолданбалы программаларды ортақ пайдалану және т.б.

Аймақтық желілер (WAN) – алдын-ала анықталған әкімшілік-экономикалық (географиялық) аудандағы абоненттерді немесе осы аудандағы белгілі бір санаттағы абоненттер ауқымын қамтитын есептеу желісі. Ол географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады. Егер желі тұтас қаланы немесе қала ішіндегі бірнеше ғимаратты қамтитын болса, онда кейде оны аймақтық есептеу желісі деп атайды.

Аймақтық желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте кашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе кешендік қызмет (ІSDN, Integrated Services Digital Network) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады.

Интернет дегеніміз - дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен байланыстыратын ең ауқымды желі. Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Қазіргі кезде интернет желісі компаниялар мен олардың тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқарып отыр. Мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары сияқты жұмыстар да осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.

Кез-келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

Желі топологиясы – желінің геометриялық нысаны немесе есептеу машиналарының бір-біріне қатысты орналасуы. Желінің сызба-құрылымы желілік жеткізу ортасының және қосылған құрылғылардың физикалық орналасуын сипаттайды.

Желілік техникалық құралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.

Интерфейстер - желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.

Протоколдар - желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер ролін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

Соседние файлы в папке 3.Информатика