Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

13.2. Мәтінді пішімдеу

Мәтінді пішімдеу – мәтіндік құжатты қағазға басып шығаруға дайын күйге келтіру, яғни, азат жолдарды пішімдеу, бас тақырыптарды ортаға жылжыту, шеткі өрістерді туралау, беттерге бөлу және т.б. Символдарды пішімдеуге қаріп параметрлерін, символдар арасындағы бос орындарды және негізгі жол сызығы бойынша жоғары немесе төмен деңгейге жылжыту мүмкіндіктерін тағайындау жатады. Мәтінді пішімдеу Word программасында Пішімдеу мәзірінің көмегімен жүзеге асады.

Қаріп (шрифт) дегеніміз символдарды көрнекі түрде бейнелеуге пайдаланылатын сызылымдар жиыны. Ол бір стильдегі, мөлшердегі және сызылымдағы емле белгілерін қамтитын символдар, яғни белгілер жиыны. Қаріп ұғымына қаріптің типі, мөлшері, сызылымы(начертание), түсі және арнайы эффектілері жатады.

Қаріптің негізгі параметрлерін Пішімдеу(Формат) - Қаріп(шрифт) командасы немесе Ctrl+D көмегімен тағайындауға болады.

Қаріппен жұмыс істеуге арналған аспаптардың толық жиынтығын «Қаріп» сұқбаттасу терезесі ұсынады. «Қаріп» сұқбаттасу терезесінде үш қосымша бар: қаріп, интервал және анимация. Қаріп – компьютерде орнатылған қаріптер тізімі. Қаріптердің сызылымы төрт түрлі: кәдімгі (обычный), қиғаш (курсив), жартылай қалыңдатылған (полужирный), жартылай қалыңдатылған қиғаш. Мөлшер (размер) – әріптердің мүмкіндік мөлшерлерінің тізімі. Мәтіннің түсін өзгертуге, астын сызуға және әртүрлі эффектілер қосуға болады.

13.5-Сурет. «Қаріп» сұқбаттасу терезесі

Интервал дегеніміз символдардың арақашықтығы. Сондықтан, кейбір әдебиеттерде интервалды таңба аралығы деп атайды. Интервал қосымшасында символдардың мөлшері мен арақашықтығы сипатталады. Масштабтау – берілген шамаларды және оларды түрлендіру нәтижелерін белгілі бір ауқымнан шығармай көрсету тәсілі. Егер масштабты үлкейтсе, онда символдар созылады. Масштабты кішірейтсе – символдар сығылады. Анимация қосымшасы әртүрлі анимациялық эффектілерді қолдануға мүмкіндік береді.

Пішімдеу мәзірінің Азат жол (Абзац) командасы жол аралығын, жаңа жолдың басын анықтайтын шегіністі, азат жол алдындағы және соңындағы аралықты өзгертуге арналған.

13.6-Сурет. «Азат жол» сұқбаттасу терезесі

Азат жолды терезенің жоғарғы жағындағы батырмалар көмегімен де өзгертуге болады. Мәтінді туралау тәсілдері: оң жағынан, сол жағынан, ортасынан және ені бойынша.

Жоларалық интервал – дисплей экранындағы немесе қағаз бетіндегі қатар орналасқан мәтіндік жолдардың арақашықтығы. Ол бір, бір жарым, екі, минимум, дәлме-дәл, көбейткіш мәндерін қабылдай алады. Жоларалық интервал мәтін теру алдында бекітіледі немесе терілген мәтінді белгілеп алып, олардығ аралық интервалын өзгертуге болады. Әдетте, жолдар арасындағы интервал қаріп биіктігінің 120%-не тең болып алынады, мысалы, қаріп мөлшері 10 пункт болса, интервал 12 пункт болуы тиіс. Бірақ, интервал кішірек болса, қағаз тиімді пайдаланылып, оған көбірек мәлімет сияды.

Азат жолдың парақта орналасуын сипаттау кезінде азат жолдың бір бөлігінің қалып қоюын болдырмауға, азат жолды бөлмеуге, оны келесі азат жолмен бір парақта орналастыруға, әрбір азат жолды жаңа парақтан бастауға, жолдарды нөмірлеуге және сөзді буындарға бөлуге тыйым салуға болады.

Азат жолдың алдындағы және соңындағы аралық орнына Еnter пернесін басып, бос жол қалдыруға болады, бірақ оның мөлшері қажетті шамадан артық болып кететіндіктен, әдейілеп интервал мәнін енгізеді. Ол үшін Пішімдеу(Формат) – Азат жол (Абзац) командасын таңдап, ашылған сұқбаттасу терезесінің Шегіністер мен интервалдар парағын ашамыз. Алдында (Перед) және Артында (После) деген өріс жолдарына керекті сандық мәндерді тағайындаймыз немесе оң жақ шеткі батырманы басып, шыққан сандар тізімінен керектісін таңдаймыз. Алдын-ала келісім бойынша аралықтар мәні пунктпен (пт) көрсетіледі, оң жақтағы батырманы бір рет басу оны 6 пунктке үлкейтеді. Егер интервал мәндерін баска өлшеу бірліктерімен бергіңіз келсе, керекті өріс жолына сол өлшеу бірлігінің қысқаша атын енгізу жеткілікті.

Азат жолдың шеттерін көлденең сызғыш көмегімен де тағайындауға болады және оның нәтижесі бірден көрініп тұрады. Сызғыш бойындағы маркерді керекті орынға жылжыту арқылы оның жаңа мәнін тағайындаймыз. Бұл тәсіл жеңіл әрі жылдам. Бір кемшілігі, маркер арқылы шегіністі өзгерту дәлдігі – 0,25 см, ал сұқбаттасу терезесі арқылы кез-келген мәнді беруге болады.

Microsoft Word программасында тізімнің көптеген түрін пайдалануға болады. Олар маркерленген, нөмірленген және көпдеңгейлі болып топтасқан. Көпдеңгейлі тізім - екі немесе одан да көп иерархия деңгейі бар бұтақ тәріздес құрылымды тізім. Тізімді қолдану үшін Пішімдеу(Формат) – Тізім (Список) командасы немесе ,батырмалары таңдалады.

Соседние файлы в папке 3.Информатика