Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать

14.1-Сурет. Microsoft Excel программасының терезесі

Тақырып жолына файл атауы жазылады. Екінші жолда Excel программасының мәзірі орналасқан. Келесі жолдар стандартты және пішімдеу аспаптар тақталарына арналған. Енгізу мен түзету немесе формулалар жолына ұяшыққа енгізілетін мәліметтер енгізіледі немесе түзетіледі. Формулалар жолының сол жағында мәлімет енгізілетін ағымдағы ұяшық адресі көрсетіледі.

Терезенің ең төменгі жолы — қалып-күй қатары. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы (көрсеткіші) орналасқан. Мысалы, Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы Дайын (Готово) деген сөзді көрсетеді.

14.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары

Енді электрондық кестенің негізгі үғымдарымен танысалық.

Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, ВЗ адресі В бағанасы мен 3-ші жолдың киылысындағы ұяшықты анықтайды.

Меңзер тұрған ұяшықты ағымдағы ұяшық деп атайды. Ұяшықтар блогы дегеніміз тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Ұяшықтар блогының адресі оның бірінші және соңғы ұяшықтарының адрестерін қос нүктемен ажырату арқылы жазылады. Мысалы: В2:С5 блогы — бұл В2-В5, С2-С5 торларымен шектелген ұяшықтар жиыны (14.2-сурет).

14.2-Сурет. Ұяшықтар блогы

MS Excel электрондық кестесінде құрылған файлды жұмыс кітабы деп атайды, кеңейтпесі .xls. Ол кітап секілді парақтардан тұрады. Парақтың төменгі жағында кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан меңзерімен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау аркылы кез-келген бетті ашып көруге болады.

Бағананы ерекшелеу үшін бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен бір рет шерту жеткілікті. Жолды ерекшелеу үшін жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп алып, бір рет шертеміз. Ұяшықтар блогын ерекшелеу үшін тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұяшығында басамыз да, оны сол басулы күйінде ұстап, меңзерді блоктың ең соңғы ұяшығына дейін созамыз. Пернелер көмегімен де ұяшықтар блогын ерекшелеуге болады. Ол үшін Shift пернесін басулы күйде ұстап тұрып, теңбілторды блоктың бір бұрышынан оған қарсы бұрышына бағыттауыштар арқылы жеткіземіз. Әр жерде орналасқан ұяшықтарды ерекшелеу үшін Ctrl пернесі қолданылады. Еsс пернесі ерекшелеуді тоқтату үшін пайдаланылады. Ерекшелеуді алып тастау үшін тышқан батырмасын жұмыс парағының ерекшеленбеген кез-келген бөлігінде шерту жeткілікті.

Excel электрондық кестесінде адрестеудің үш түрі бар: абсолюттік, салыстырмалы және аралас. Әрбір ұяшықтың өзгермейтін адресін абсолюттік адрес деп атайды. Абсолюттік адрестеуде $ символы қолданылады. Мысалы: $C$5 немесе $F$12. Салыстырмалы адрестеу кезінде формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде адрестер автоматты түрде өзгереді. Электрондық кестеде көбінесе аралас адрестеу қолданылады.

14.3-Сурет. Адрестеу түрлері

Электрондық кестеде ай аттары, апта күндері және сандарды автоматты түрде толтыруға болады. Ол үшін толтыру маркері қолданылады. Толтыру маркері дегеніміз автотолтыру кезінде ағымдағы ұяшық қоршауының төменгі бұрышында орналасқан кішкене қара түсті шаршы.

Соседние файлы в папке 3.Информатика