Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / информатикадан китап.doc
Скачиваний:
324
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
6.82 Mб
Скачать
    1. 1.4. Ақпараттық процесстер

Ақпаратты беру, сақтау және өңдеу процестері ақпараттық процесстер деп аталады.

Ақпараттық процесс негізінде ақпарат әртүрлi әдiстердiң көмегiмен бiр түрден екiншi түрге ауысады. Енді осыған кеңінен тоқталайық.

Ақпарат жинау - шешiм қабылдауға жеткiлiктi толық болуын қамтамасыз ету мақсатымен ақпараттарды жинақтау. Мысалы, тауардың құны, қасиеттері туралы ақпарат жинақтау нәтижесінде біз шешім қабылдаймыз.

Ақпаратты өңдеу – алдын-ала анықталған мақсатқа жету үшін берілген мәліметтерді түрлендіру әдісі. Оған мәліметтерді іздестіру, үйлестіру, сұрыптау, талдау және біріктіру жатады.

Ақпаратты үйлестiру - әртүрлi ақпарат көздерінен алынған деректердi бiр-бiрiмен салыстыруға болатындай етiп бiр түрге келтiру.

Ақпаратты сүзгiден өткізу (фильтрлеу) - “артық” деректердi алып тастау нәтижесiнде ақпараттың шындыққа сәйкестiгiн және адекваттығын арттыру.

Ақпаратты сұрыптау - ақпаратты берiлген қасиет бойынша реттеу, бұл ақпарат алуды жеңiлдетедi. Сұрыптау көбінесе екі бағытта: өсуі және кемуі бойынша жүзеге асады.

Ақпаратты архивтеу - ақпаратты қолайлы және алуға жеңiл түрде сақтау. Ол ақпаратты сақтауға жұмсалатын экономикалық шығындарды азайтады.

Ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа шығуын, оның ұрлануын, жоғалуын, рұқсатсыз жойылуын, өзгертілуін, рұқсатсыз көшірмесі алынуын болдырмауға бағытталған шаралар кешенi. Құрылғылардың электрмен қоректенуі кенет үзілген жағдайда да ақпараттың дискіге жазылып, тұтас сақталуын қамтамасыз ету.

Ақпаратты тасымалдау - ақпараттық процесстiң алшақ орналасқан учаскелерi аралығында ақпаратты қабылдау және беру.

Ақпаратты түрлендiру - деректердi бiр түрден екiншi түрге немесе бiр құрылымнан екiншiсiне өткiзу. Ақпаратты түрлендiру көп жағдайларда тасымалдаушының типi өзгеруiне байланысты болады. Мысалы, цифрлi ақпараттар ағынын телефон желiсiнiң каналдары арқылы тасымалдау үшiн цифрлi ақпаратты дыбыс сигналдарына ұқсас түрге келтiру қажет, бұл қызметтi телефон модемдерi деп аталатын құрылғылар орындайды.

Ақпаратты сақтау – келешекте пайдалану үшін ақпаратты магниттік таспаға, магниттік дискіге және т.б. сақтауыш құрылғыға жазып алу. Ақпаратты сақтау біршама уақыт аралығы өткеннен кейін ақпаратты қайтадан пайдалануды қамтамасыз етеді.

1.5. Информатика пәні

Информатика - ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатика ұғымы француздың “informatique” (ақпарат) және “automatique” (автоматика) сөздерінен шыққан, аудармасы ақпараттық автоматика деген ұғымды білдіреді. Информатиканың негізгі объектісі, оның шикізаты мен өнімі – ақпарат.

Информатика - бұл есептеуiш техника құралдарын пайдаланып ақпаратты алу, сақтау, түрлендіру, өңдеу және тасымалдау әдiстерiн, сонымен қатар, электронды есептеу машиналарының жұмыс істеу принциптері мен оларды басқару әдiстерiн зерттейтін техникалық жас әрі жылдам дамып келе жатқан ғылым саласы.

Информатиканың негiзгi мақсаты: ЭЕМ-нің аппараттық және программалық құралдармен жұмыс iстеу әдiстерiн жүйелендiру, ең тиiмдi технологияларды ерекшелеп, оларды қолдану және дамыту, деректермен жұмыс iстеудi автоматтандыру, жаңа технологиялық зерттеулердi әдiстемелiк тұрғыдан қамтамасыз ету.

Информатика қарастыратын негізгі ұғымдар: ақпараттық процесстер, аппараттық қамтамасыз ету, программалық қамтамасыз ету.

Интерфейс дегеніміз программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісім шарттары. Басқаша айтқанда, интерфейс – пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық–программалық құралдардың жиынтығы. Интерфейс түрлері:

  1. аппараттық интерфейс (есептеу техникасы құралдарының аппараттық қамтамасыз етiлуi)

  2. программалық интерфейс (есептеу техникасы құралдарының программалық қамтамасыз етiлуi)

  3. аппараттық программалық интерфейс (аппараттық және программалық құралдардың әрекеттестiгі)

  4. пайдаланушы интерфейсi (пайдаланушы мен жүйе арасындағы байланыс құралы).

Соседние файлы в папке 3.Информатика