
- •Ақпарат және информатика ұғымдары
- •1.1. Ақпарат ұғымы
- •1.2. Ақпарат қасиеттері
- •1.3. Ақпараттың өлшем бірліктері
- •1.4. Ақпараттық процесстер
- •1.5. Информатика пәні
- •Санақ жүйесі
- •2.1. Санақ жүйесінің негізгі ұғымдары
- •2.2. Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері
- •2.1-Кесте. Натурал сандардың әртүрлі санақ жүйелерінде жазылуы
- •Компьютердің даму тарихы
- •3.1-Сурет. «Марк-1» автоматтандырылған есептегiш машинасы
- •3.2-Сурет. «Эниак» электронды есептеуіш машинасы
- •Компьютердің құрылғылары
- •4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •4.1-Сурет. Жүйелік блок
- •4.2-Сурет. Аналық тақша
- •4.3-Сурет. Порттар
- •4.4-Сурет. Мәліметтерді жинақтауыштар
- •Монитор
- •Пернетақта және тышқан
- •4.5-Сурет. Пернетақта
- •4.2. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •4.6-Сурет. Ішкі және сыртқы модем
- •4.7-Сурет. Модем құрылғысының жұмыс жасауы
- •4.8-Сурет. Флэш-жады түрлері
- •5. Файлдар, файлдық жүйелер мен менеджерлер
- •5.1. Файл ұғымы және файл түрлері
- •5.1-Сурет. Файлдардың орналасу құрылымы:
- •5.3. Файлдық менеджерлер
- •6. Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі
- •7 Иә . Алгоритм және программа ұғымдары
- •7.1-Кесте. Блок-схемалардың сипаттамасы
- •8. Операциялық жүйелер
- •9. Компьютерлік вирустар
- •9.1-Сурет. Kaspersky антивирустық программасының терезесі
- •9.2-Сурет. Doctor Web антивирустық программасының терезесі
- •9.3-Сурет. Eset nod32 антивирустық программасының терезесі
- •10. Архиваторлар
- •11. Windows операциялық жүйесі
- •11.1. Windows операциялық жүйесінің негізгі ұғымдары
- •11.1-Сурет. Windows xp экранының жалпы көрінісі
- •11.2. Іске қосу (Пуск) мәзірі
- •11.2-Сурет. Іске қосу мәзірі
- •11.3-Сурет. «Жұмысты аяқтау» терезесі
- •11.3. Windows xp операциялық жүйесін баптау
- •11.4. Windows операциялық жүйесін пернетақта көмегімен басқару
- •11.1-Кесте. Windows-ті басқаратын пернелер комбинациялары
- •11.5. Сілтеуіш программасы
- •11.4-Сурет. Сілтеуіш программасы терезесі
- •11.5-Сурет. Көшірмесін алу әрекеті
- •11.6. Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру
- •12. Стандартты программалар
- •12.1-Сурет. Стандартты программаларды жүктеу
- •12.1. Paint графикалық редакторы
- •12.2-Сурет. Paint редакторының экраны
- •12.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
- •12.3-Сурет. WordPad программасының терезесі
- •12.3. Калькулятор
- •12.4-Сурет. Стандартты және ғылыми калькулятор
- •13. Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •13.1-Сурет. Microsoft Word программасының терезесі
- •13.1. Құжаттарды дайындау, сақтау және баспаға шығару
- •13.2-Сурет. Құжат ашу терезесі
- •13.3-Сурет. Құжатты баспаға шығару терезесі
- •13.4-Сурет. Құжатты сақтау терезесі
- •13.2. Мәтінді пішімдеу
- •13.5-Сурет. «Қаріп» сұқбаттасу терезесі
- •13.6-Сурет. «Азат жол» сұқбаттасу терезесі
- •13.7-Сурет. «Тізім» сұқбаттасу терезесі
- •13.8-Сурет. «Шекара мен құйып бояу» терезесі
- •13.3. Кестелерді даярлау және түзету
- •13.9-Сурет. «Кестені кірістіру» терезесі
- •13.4. Формуламен жұмыс
- •13.10-Сурет. Формула редакторының аспаптар тақтасы
- •13.5. Word программасында сурет салу
- •13.11-Сурет. Сурет салу аспаптар тақтасы
- •14. Microsoft Excel электрондық кестесі
- •14.1. Ехсеl программасы туралы жалпы мағлұматтар
- •14.1-Сурет. Microsoft Excel программасының терезесі
- •14.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •14.2-Сурет. Ұяшықтар блогы
- •14.3-Сурет. Адрестеу түрлері
- •14.3. Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар
- •14.4. Excel функциялары
- •14.4-Сурет. Сандар пішімін таңдау терезесі
- •14.5. Диаграмма құру
- •14.5-Сурет. Диаграмма шебері терезесі
- •14.6-Сурет. Функциясының графигі
- •15. Microsoft Access
- •15.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •15.2. Өріс типтері және қасиеттері
- •15.3. Ms Access программасының негізгі объектілері
- •15.1-Сурет. Кесте режимінде кестені құру
- •15.2-Сурет. Конструктор режимінде кестені құру
- •15.3-Сурет. Кесте шебері режимінде кестені құру
- •15.4-Сурет. Сұраныс терезесі
- •15.5-Сурет. Конструктор көмегімен қалып құру
- •15.6-Сурет. Есеп беру терезесі
- •16. Компьютерлік желі
- •16.1. Компьютерлік желілердің түрлері
- •16.2. Желілік топологиялар
- •16.1-Сурет. Шиналық топология
- •16.2-Сурет. Жұлдыз тәрізді топология
- •16.3-Сурет. Сақиналық топология
- •16.3. Желілік техникалық құралдар
- •16.4. Желілік программалық кұралдар
- •16.5. Клиент-сервер технологиясы
- •16.6. Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •16.7. Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері
- •17. Электрондық почта
8. Операциялық жүйелер
Операциялық жүйе дегеніміз компьютердің барлық әрекеттерін басқаратын машиналық кодта жазылған программа. Операциялық жүйе міндетті үш бөліктен тұрады: ядро, драйвер және интерфейс.
Ядро (командалық интерпретатор) – үнемі жедел жадыда орналасатын операциялық жүйенің бөлігі. Ол программалық тілден машиналық кодтар тіліне аудару қызметін атқарады. Драйвер – жеке сыртқы құрылымды басқаратын операциялық жүйенің программасы. Ол компьютер мен құрылғының әрекеттестігін басқарады. Пайдаланушы мен компьютердің арасындағы байланысты интерфейс қамтамасыз етеді. Интерфейс – программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісім шарттары.
Операциялық жүйелер: МS DOS, Windows, Unix, Linux, OS/2 және т.б. Операциялық жүйелер бірміндетті және көпміндетті болып бөлінеді. Бірміндетті операциялық жүйе - бір уақытта тек бір ғана тапсырманы орындай алатын операциялық жүйе. Оған МS DOS операциялық жүйесін мысалға келтіруге болады. Көпміндетті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше тапсырманы орындауға мүмкіндік береді. Мысалы: Windows операциялық жүйесінде компьютерде мәтін тере отырып, әуен тыңдауға және дәл осы сәтте басқа құжатты баспаға жіберуге болады.
Операциялық жүйені, пайдаланушылардың санына байланысты, жалғызпайдаланушылық және көппайдаланушылық деп бөлуге болады.
Операциялық жүйелерді үлкен екі топқа бөледі:
Microsoft фирмасының Windows операциялық жүйелері
Linux жүйесінде құрылған операциялық жүйелер.
Ең алғашқы 86-DOS деп аталатын операциялық жүйені 1980 жылы Seattle Computer Products фирмасы шығарды. 1981 жылы Microsoft корпорациясы Seattle Computer Products фирмасының 86-DOS операциялық жүйесін пайдалану құқығына ие болып, оны IBM компьютерлері үшін MS DOS операциялық жүйесіне түрлендірді.
MS DOS(MicroSoftDiskOperatingSystem) операциялық жүйесі 1981 жылдан бастап Intel процессорларымен жасақталған барлық дербес компьютерлерге арналған стандартты операциялық жүйе ретінде қолданылды. ОлUnix, Windows операциялық жүйелерінің негізі. MS DOS операциялық жүйесі командалық жол негізінде жұмыс жасады. Компьютерді іске қосқанда экранда > белгісі пайда болады. > белгісінің жанына әртүрлі командаларды жазып, орындау үшін Enter пернесін басады. Командалық жол арқылы адам мен MS DOS операциялық жүйесі арасынды сұқбат жүргізу өте қолайсыз болды. Бір команданы орындау үшін бірнеше символды теруге тура келді. MS DOS операциялық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдету үшін Norton Commander программалық қабықшасын қолданады.
MS DOS-та құрылған көптеген программалар мәтіндік режимде жұмыс жасады. Мұнда экранды көлденең бағытта 80 символ, тік бағытта 25 символ қабылдайтын матрица түрінде қарастырады. MS DOS экраны 16 түсті пайдаланады.
МS DOS операциялық жүйесі – бірміндетті, 16-разрядты операциялық жүйе. МS DOS операциялық жүйесі 640 Килобайт жедел жадыны пайдаланды. Сол заманда Билл Гейтс былай деген еді: «Кез-келген компьютер үшін 640 Килобайт жады көлемі жеткілікті». Бірақ, сол уақыттың өзінде Билл Гейтстің қателескені түсінікті еді.
1985 жылы Microsoft фирмасы Windows 1.01 программалық қабықшасын жасады. Ол DOS мүмкіндіктерін арттыратын графикалық қабықша қызметін атқарды. Нәтижесінде, көпміндеттілік (салыстырмалы түрде) пайда болды және жадыға қойылған 640 Килобайттық шектеу жойылды. Windows 1.01, Windows 2.0 нұсқалары өте баяу жұмыс жасайтын.
1986 жылы Microsoft және IBM фирмалары бірігіп, OS/2 операциялық жүйесін жасап шығарды. Екінші операциялық жүйе болғандықтан /2 кодын пайдаланған, бірақ көбінесе программистер оны «жартылай операциялық жүйе» деп қалжыңдайтын. Аталған екі фирманың бірігуімен OS/2 операциялық жүйесінің бірнеше нұсқасы жарыққа шықты. 1991 жылы Microsoft фирмасы IBM фирмасынан бөлініп шығып, Windows операциялық жүйесін жетілдіруге кірісті. Информатикада бұл кезеңді «Ажырасу және өз тегін қайтадан алу» («Развод и девичья фамилия») деп атады.
IBM фирмасы OS/2 операциялық жүйемен жұмысын жетілдіріп, 1994 жылы OS/2 Warp Version 3 нұсқасын шығарды. Ал, Microsoft фирмасы 1993 жылы Windows NT операциялық жүйесін шығарғандығын жариялады. Бұл операциялық жүйе программалық қабықша емес, сапалы әрі көпміндетті, желімен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін, сенімді операциялық жүйе болатын. Windows NT операциялық жүйесінің кемшіліктері: орнату және баптау күрделі; ойын программалары жүктелмейді; кейбір қолданбалы программалармен жұмыс жасау мүмкін емес; үлкен ресурстарды талап етеді және т.б.
1995 жылы көптен күткен Windows 95 операциялық жүйесі шықты. Windows 95 операциялық жүйесінде DirectX программалық-драйверлік кешені қолданылды, ойын программалары орнатылды. Ол ресурстарды ортақ пайдалану мүмкіндігін берді. Егер программаны орындау кезінде жүйе «тұрып» қалса, онда компьютерді қайтадан жүктеу қажет. Windows 95 операциялық жүйесінің ядросы қайтадан өңдеуді қажет ететін. Мұнда FAT16 файлдық жүйесі FAT32 файлдық жүйесіне ауыстырылған.
1998 жылы Windows 98 операциялық жүйесі жасалды. Оның ерекшеліктері: интернетпен жұмыс жасау; USB сияқты жаңа порттардың пайда болуы; жұмыс үстелінің түрі өзгеріп, онда бумалар, жарлықтар және басқа элементтер орналасты; бірнеше басқару стилі бар; Windows 98 операциялық жүйесін орнату біршама жеңіл.
Windows 2000 операциялық жүйесінің серверлік және жұмыс станцияларына арналған нұсқалары бар. Ол толықтай 32-разрядты, көпміндетті, жады мүмкіндіктері жақсартылған, сенімді операциялық жүйе. Windows операциялық жүйесінің жетілдірілген Windows XP, Windows 2003 Server және т.б. нұсқалары бар. Windows XP операциялық жүйесіне келесі тарауларда кеңінен тоқталамыз.
Unix операциялық жүйесін 60-шы жылдары Кен Томпсон ассемблер тілінде жазып, кейіннен оны әріптесі Ритчимен бірге С тіліне аударған. Томсон мен Ритчиге Unix операциялық жүйесін құрғаны үшін Тьюринг премиясы берілді. Unix операциялық жүйесі – компьютер желілерінде кеңінен қолданылатын қуатты әрі көпміндетті операциялық жүйе. Оның жұмыс істеуге ыңғайлы графикалық интерфейсі бар. Unix операциялық жүйесінің негізі мақсаты: серверді басқару. Аталған операциялық жүйені орнату үшін процессор мүмкіндігі 300 МГц жоғары, жедел жады 128 Мбайт жоғары болуы қажет. Unix операциялық жүйесі тәжірибелі программистерге арналған қуатты және бейімделгіш жүйе.
Linux операциялық жүйесін 1991 жылы Фин студенті Линус Торвальдс дипломдық жұмысы нәтижесінде, Unix операциялық жүйесі негізінде құрды. «Linux» сөзінің мағынасы «ядро» деген сөзді білдіреді. Оның ерекшеліктері: тегін таратылады және ашық код (OpenSource) принципімен жұмыс жасайды. Linux операциялық жүйесінің дамуына бірқатар тәуелсіз програмистер өз үлестерін қосқан. Сондықтан, бүгінгі Linux – ең жаңа, орнықты және тез дамушы операциялық жүйе.
Linux әртүрлі ажыратылған терминалдар хостымен жұмыс жасайтын қолданушыларға барлық жүйелік ресурстарды бере алады. Linux-ты кез-келген жергілікті торапта интегралдауға болады. Linux операциялық жүйесінің жүйелік жадысы 4Кбайт көлемді бет түрінде ұйымдастырылған. Егер операциялық жүйе толығымен толса, онда ол көптен бері қолданбаған жады беттерін іздейді. Егер бұл беттердің қайсыбіреуі керек болса, Linux дисктен оларды қайтадан қалпына келтіреді. Алғашында Linux Intel 386/486 негізіндегі дербес компьютерге арналған, қазір Pentium негізіндегі микропроцессорлармен жұмыс істеуге болады.