
- •Ақпарат және информатика ұғымдары
- •1.1. Ақпарат ұғымы
- •1.2. Ақпарат қасиеттері
- •1.3. Ақпараттың өлшем бірліктері
- •1.4. Ақпараттық процесстер
- •1.5. Информатика пәні
- •Санақ жүйесі
- •2.1. Санақ жүйесінің негізгі ұғымдары
- •2.2. Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері
- •2.1-Кесте. Натурал сандардың әртүрлі санақ жүйелерінде жазылуы
- •Компьютердің даму тарихы
- •3.1-Сурет. «Марк-1» автоматтандырылған есептегiш машинасы
- •3.2-Сурет. «Эниак» электронды есептеуіш машинасы
- •Компьютердің құрылғылары
- •4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •4.1-Сурет. Жүйелік блок
- •4.2-Сурет. Аналық тақша
- •4.3-Сурет. Порттар
- •4.4-Сурет. Мәліметтерді жинақтауыштар
- •Монитор
- •Пернетақта және тышқан
- •4.5-Сурет. Пернетақта
- •4.2. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •4.6-Сурет. Ішкі және сыртқы модем
- •4.7-Сурет. Модем құрылғысының жұмыс жасауы
- •4.8-Сурет. Флэш-жады түрлері
- •5. Файлдар, файлдық жүйелер мен менеджерлер
- •5.1. Файл ұғымы және файл түрлері
- •5.1-Сурет. Файлдардың орналасу құрылымы:
- •5.3. Файлдық менеджерлер
- •6. Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі
- •7 Иә . Алгоритм және программа ұғымдары
- •7.1-Кесте. Блок-схемалардың сипаттамасы
- •8. Операциялық жүйелер
- •9. Компьютерлік вирустар
- •9.1-Сурет. Kaspersky антивирустық программасының терезесі
- •9.2-Сурет. Doctor Web антивирустық программасының терезесі
- •9.3-Сурет. Eset nod32 антивирустық программасының терезесі
- •10. Архиваторлар
- •11. Windows операциялық жүйесі
- •11.1. Windows операциялық жүйесінің негізгі ұғымдары
- •11.1-Сурет. Windows xp экранының жалпы көрінісі
- •11.2. Іске қосу (Пуск) мәзірі
- •11.2-Сурет. Іске қосу мәзірі
- •11.3-Сурет. «Жұмысты аяқтау» терезесі
- •11.3. Windows xp операциялық жүйесін баптау
- •11.4. Windows операциялық жүйесін пернетақта көмегімен басқару
- •11.1-Кесте. Windows-ті басқаратын пернелер комбинациялары
- •11.5. Сілтеуіш программасы
- •11.4-Сурет. Сілтеуіш программасы терезесі
- •11.5-Сурет. Көшірмесін алу әрекеті
- •11.6. Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру
- •12. Стандартты программалар
- •12.1-Сурет. Стандартты программаларды жүктеу
- •12.1. Paint графикалық редакторы
- •12.2-Сурет. Paint редакторының экраны
- •12.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
- •12.3-Сурет. WordPad программасының терезесі
- •12.3. Калькулятор
- •12.4-Сурет. Стандартты және ғылыми калькулятор
- •13. Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •13.1-Сурет. Microsoft Word программасының терезесі
- •13.1. Құжаттарды дайындау, сақтау және баспаға шығару
- •13.2-Сурет. Құжат ашу терезесі
- •13.3-Сурет. Құжатты баспаға шығару терезесі
- •13.4-Сурет. Құжатты сақтау терезесі
- •13.2. Мәтінді пішімдеу
- •13.5-Сурет. «Қаріп» сұқбаттасу терезесі
- •13.6-Сурет. «Азат жол» сұқбаттасу терезесі
- •13.7-Сурет. «Тізім» сұқбаттасу терезесі
- •13.8-Сурет. «Шекара мен құйып бояу» терезесі
- •13.3. Кестелерді даярлау және түзету
- •13.9-Сурет. «Кестені кірістіру» терезесі
- •13.4. Формуламен жұмыс
- •13.10-Сурет. Формула редакторының аспаптар тақтасы
- •13.5. Word программасында сурет салу
- •13.11-Сурет. Сурет салу аспаптар тақтасы
- •14. Microsoft Excel электрондық кестесі
- •14.1. Ехсеl программасы туралы жалпы мағлұматтар
- •14.1-Сурет. Microsoft Excel программасының терезесі
- •14.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •14.2-Сурет. Ұяшықтар блогы
- •14.3-Сурет. Адрестеу түрлері
- •14.3. Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар
- •14.4. Excel функциялары
- •14.4-Сурет. Сандар пішімін таңдау терезесі
- •14.5. Диаграмма құру
- •14.5-Сурет. Диаграмма шебері терезесі
- •14.6-Сурет. Функциясының графигі
- •15. Microsoft Access
- •15.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •15.2. Өріс типтері және қасиеттері
- •15.3. Ms Access программасының негізгі объектілері
- •15.1-Сурет. Кесте режимінде кестені құру
- •15.2-Сурет. Конструктор режимінде кестені құру
- •15.3-Сурет. Кесте шебері режимінде кестені құру
- •15.4-Сурет. Сұраныс терезесі
- •15.5-Сурет. Конструктор көмегімен қалып құру
- •15.6-Сурет. Есеп беру терезесі
- •16. Компьютерлік желі
- •16.1. Компьютерлік желілердің түрлері
- •16.2. Желілік топологиялар
- •16.1-Сурет. Шиналық топология
- •16.2-Сурет. Жұлдыз тәрізді топология
- •16.3-Сурет. Сақиналық топология
- •16.3. Желілік техникалық құралдар
- •16.4. Желілік программалық кұралдар
- •16.5. Клиент-сервер технологиясы
- •16.6. Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •16.7. Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері
- •17. Электрондық почта
Монитор
Монитор - компьютердің жедел жадында өңделетін ақпаратты экранда көруге арналған құрылғы. Мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеуге арналған құрылғы дисплей деп аталады. Дисплей компьютердің жұмысын басқаратын болғандықтан, көбінесе оны монитор деп атайды.
Дисплейдің түрлері: сұйықкристалды(ЖК),
плазмалық, электрондық-сәулелі
түтікшелі (ЭЛТ), өздігінен сәуле
шығарғыш, электро-люминесценттік.
Экранда көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық
бірлікпиксель деп аталады.
Дисплей экранының мүмкіндігі тік және
көлденең бағытта орналасқан пиксельдер
санымен анықталады.
Монитор экранының өлшем бірлігі: дюйм(1дюйм=2,54см.). Дербес компьютерлердің мониторларының өлшемі 15 немесе 17 дюйм болады.
Мониторды
процессормен байланыстыратын қосқышы
бар арнайы тақша бейнекарта
немесе графикалық адаптер деп аталады.
Бейнекарта – әртүрлі бейнемәліметтерді
дисплей экранына
шығаруға
мүмкіндік беретін, компьютерлік
графикамен және бейнемәліметтермен
жұмыс жасауға арналған құрылғы.
Экрандағы кескін көрінісінің сапасы бейнекартаға байланысты. Ол монитордың графикалық және түрлі-түстілік мүмкіндіктерін анықтайтын VGA немесе EGA бейнестандарттарының біріне жатады.
Дисплей контроллері мәліметтерді экранға шығаруды басқарады. Дисплей экранына шығарылатын ақпарат дисплей контроллерінің жадысы – бейнежадыда сақталады.
Пернетақта және тышқан
Пернетақта дегеніміз компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Стандартты пернетақтада 101 немесе 102 перне бар. Пернетақта пернелерін бірнеше топқа жіктеуге болады: әріптік-сандық, сандық, функционалдық(қызметтік), меңзермен басқару пернелері, қосымша пернелер.
4.5-Сурет. Пернетақта
Әріптік-сандық пернелер тобы мәліметтерді енгізуге арналған. Пернетақтаның жоғарғы жағында орналасқан F1-F12 пернелер тобы функционалдық пернелер деп аталады. Олар есептеу жүйесінің түрлі міндеттерін атқарады немесе жеке программаларды басқарады. Сандық пернелер тобы стандартты пернетақтаның оң жақ бөлігінде орналасқан және Num Lock пернесі арқылы қосылады. Меңзермен басқару пернелеріне Home, End, Page Up, Page Dn, ↑, ↓, ←, → пернелері жатады.
Жиі қолданылатын және атқаратын міндеті тұрақты пернелер:
F1- көмекші немесе анықтаманы іске қосу;
Esc – команданың орындалуын болдырмау;
Caps Lock – бас әріпті тұрақты теру режимін іске қосу;
Shift - әріппен қатар басылып, экранға үлкен әріпті шығарады;
Ctrl – басқа пернелермен бірігіп, әртүрлі командалар орындайды;
Page Up – меңзерді бір бет жоғары жылжыту;
Page Dn – меңзерді бір бет төмен жылжыту;
Backspace – меңзердің сол жағында тұрған символды өшіру;
Del – меңзердің оң жағында тұрған символды өшіру;
Insert – Del пернесіне кері команда, орналастыру және құру командасы;
Home – меңзерді жолдың басына апару;
End – меңзерді жолдың соңына апару;
Tab – табуляция;
Print Screen – алмастыру буферіне экран көшірмесін алу.
Мәтіндік редакторда Enter пернесін басқаннан кейін жаңа жол басталады, ал іздеу жүйесінде мәліметтерді іздеуді бастайды
Графикалық
меңзермен басқарылатын енгізу құрылғысы
тышқан
деп аталады. Тышқанды үстел бетімен
жылжытқанда экрандағы меңзер қолмен
басқарылып, қозғалады.
Тышқан компьютерге қосылса және тышқан драйвері жүктелсе, онда тышқан нұсқағышы әрқашан экранда тұрады. Мәтіндік редакторда тышқан нұсқағышы тіктөртбұрыш пішінді, графикалық редакторда бағыттауыш пішінді болады. Уақыт көп жұмсалатын операцияларда тышқан нұсқағышы құмсағатқа айналады.
Тышқан екі немесе үш батырмалы болады. Тышқанның сол жақ батырмасын екі рет басқанда көрсетілген файл немесе бума ашылады. Тышқанның оң жақ батырмасы жанама мәзірді іске қосады. Кейінгі кездерде үш батырмалы тышқандар жиі қолданылады. Үшінші батырма мәтіндік редакторларда терезені жоғары немесе төмен жылжытуға арналған.
Тышқанның түрлері: оптикалық, оптико-механикалық, шарикті, сымсыз, инфрақызыл, glidepoint(байланыс тақтасы), трекбол, PS/2 және т.б.