
- •Ақпарат және информатика ұғымдары
- •1.1. Ақпарат ұғымы
- •1.2. Ақпарат қасиеттері
- •1.3. Ақпараттың өлшем бірліктері
- •1.4. Ақпараттық процесстер
- •1.5. Информатика пәні
- •Санақ жүйесі
- •2.1. Санақ жүйесінің негізгі ұғымдары
- •2.2. Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері
- •2.1-Кесте. Натурал сандардың әртүрлі санақ жүйелерінде жазылуы
- •Компьютердің даму тарихы
- •3.1-Сурет. «Марк-1» автоматтандырылған есептегiш машинасы
- •3.2-Сурет. «Эниак» электронды есептеуіш машинасы
- •Компьютердің құрылғылары
- •4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •4.1-Сурет. Жүйелік блок
- •4.2-Сурет. Аналық тақша
- •4.3-Сурет. Порттар
- •4.4-Сурет. Мәліметтерді жинақтауыштар
- •Монитор
- •Пернетақта және тышқан
- •4.5-Сурет. Пернетақта
- •4.2. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •4.6-Сурет. Ішкі және сыртқы модем
- •4.7-Сурет. Модем құрылғысының жұмыс жасауы
- •4.8-Сурет. Флэш-жады түрлері
- •5. Файлдар, файлдық жүйелер мен менеджерлер
- •5.1. Файл ұғымы және файл түрлері
- •5.1-Сурет. Файлдардың орналасу құрылымы:
- •5.3. Файлдық менеджерлер
- •6. Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі
- •7 Иә . Алгоритм және программа ұғымдары
- •7.1-Кесте. Блок-схемалардың сипаттамасы
- •8. Операциялық жүйелер
- •9. Компьютерлік вирустар
- •9.1-Сурет. Kaspersky антивирустық программасының терезесі
- •9.2-Сурет. Doctor Web антивирустық программасының терезесі
- •9.3-Сурет. Eset nod32 антивирустық программасының терезесі
- •10. Архиваторлар
- •11. Windows операциялық жүйесі
- •11.1. Windows операциялық жүйесінің негізгі ұғымдары
- •11.1-Сурет. Windows xp экранының жалпы көрінісі
- •11.2. Іске қосу (Пуск) мәзірі
- •11.2-Сурет. Іске қосу мәзірі
- •11.3-Сурет. «Жұмысты аяқтау» терезесі
- •11.3. Windows xp операциялық жүйесін баптау
- •11.4. Windows операциялық жүйесін пернетақта көмегімен басқару
- •11.1-Кесте. Windows-ті басқаратын пернелер комбинациялары
- •11.5. Сілтеуіш программасы
- •11.4-Сурет. Сілтеуіш программасы терезесі
- •11.5-Сурет. Көшірмесін алу әрекеті
- •11.6. Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру
- •12. Стандартты программалар
- •12.1-Сурет. Стандартты программаларды жүктеу
- •12.1. Paint графикалық редакторы
- •12.2-Сурет. Paint редакторының экраны
- •12.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
- •12.3-Сурет. WordPad программасының терезесі
- •12.3. Калькулятор
- •12.4-Сурет. Стандартты және ғылыми калькулятор
- •13. Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •13.1-Сурет. Microsoft Word программасының терезесі
- •13.1. Құжаттарды дайындау, сақтау және баспаға шығару
- •13.2-Сурет. Құжат ашу терезесі
- •13.3-Сурет. Құжатты баспаға шығару терезесі
- •13.4-Сурет. Құжатты сақтау терезесі
- •13.2. Мәтінді пішімдеу
- •13.5-Сурет. «Қаріп» сұқбаттасу терезесі
- •13.6-Сурет. «Азат жол» сұқбаттасу терезесі
- •13.7-Сурет. «Тізім» сұқбаттасу терезесі
- •13.8-Сурет. «Шекара мен құйып бояу» терезесі
- •13.3. Кестелерді даярлау және түзету
- •13.9-Сурет. «Кестені кірістіру» терезесі
- •13.4. Формуламен жұмыс
- •13.10-Сурет. Формула редакторының аспаптар тақтасы
- •13.5. Word программасында сурет салу
- •13.11-Сурет. Сурет салу аспаптар тақтасы
- •14. Microsoft Excel электрондық кестесі
- •14.1. Ехсеl программасы туралы жалпы мағлұматтар
- •14.1-Сурет. Microsoft Excel программасының терезесі
- •14.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •14.2-Сурет. Ұяшықтар блогы
- •14.3-Сурет. Адрестеу түрлері
- •14.3. Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар
- •14.4. Excel функциялары
- •14.4-Сурет. Сандар пішімін таңдау терезесі
- •14.5. Диаграмма құру
- •14.5-Сурет. Диаграмма шебері терезесі
- •14.6-Сурет. Функциясының графигі
- •15. Microsoft Access
- •15.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •15.2. Өріс типтері және қасиеттері
- •15.3. Ms Access программасының негізгі объектілері
- •15.1-Сурет. Кесте режимінде кестені құру
- •15.2-Сурет. Конструктор режимінде кестені құру
- •15.3-Сурет. Кесте шебері режимінде кестені құру
- •15.4-Сурет. Сұраныс терезесі
- •15.5-Сурет. Конструктор көмегімен қалып құру
- •15.6-Сурет. Есеп беру терезесі
- •16. Компьютерлік желі
- •16.1. Компьютерлік желілердің түрлері
- •16.2. Желілік топологиялар
- •16.1-Сурет. Шиналық топология
- •16.2-Сурет. Жұлдыз тәрізді топология
- •16.3-Сурет. Сақиналық топология
- •16.3. Желілік техникалық құралдар
- •16.4. Желілік программалық кұралдар
- •16.5. Клиент-сервер технологиясы
- •16.6. Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •16.7. Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері
- •17. Электрондық почта
Ақпарат және информатика ұғымдары
1.1. Ақпарат ұғымы
Ақпарат ұғымы адамзат өмірі мен әртүрлі ғылым саласында жиі қолданылады. Ол латынның түсіндіру, баяндау деген ұғымды білдіретін “informatio” сөзінен шыққан.
Ақпарат дегеніміз белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Жалпы айтқанда, ақпарат – қоршаған ортадан қабылданатын, қоршаған ортаға берілетін, сақталатын мәліметтер жиыны. Ақпарат объектілердің, процесстердің және құбылыстардың қасиеттері мен қатынастарын бейнелейді.
Ақпарат ұғымының әртүрлі ғалымдар берген анықтамаларын қарастырайық. Америка ғалымы Клод Шеннон ақпаратты белгілі бір нәрсе туралы біздің біліміміздің айқындылығын арттыру деп түсіндіреді. Норберт Бинер «ақпарат дегеніміз сыртқы ортадан сезімдеріміз бен оған бейімделуіміз арқасында алынған түсініктерді белгілеу» деген анықтама береді. Информатика тұрғысынан алғанда, ақпарат дегеніміз компьютерге енгізілетін, оның жадында сақталатын, қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.
Табиғаттағы процесстердiң барлығы сигнал берумен қатар жүредi. Кез-келген ақпаратты алмасу процесiнде оның көзi (ақпаратты беруші) және қабылдаушы ерекше орын алады. Ақпарат оның көзiнен қабылдаушысына шартты сигнал түрінде берiледi. Физикалық объектілер өзара әрекеттесіп, әртүрлі сигнал тудырады. Аталған сигналдар өзгеруi мүмкiн. Сигналдар өзгерiсi ақпаратты алуға мүмкiндiк бередi. Тiркеуге алынған сигналдарды деректер деп атайды. Деректер әртүрлі деңгейде қабылданатын мәлiметтер бередi, бiрақ оларды ақпарат деп қарастыруға болмайды. Мысалы, шет тiлiнде берiлген мәтінді сол тілді жақсы меңгерген адам мен тілді білмейтін адамның қабылдауы.
Ақпарат алу үшін деректердi түсінікті түрге түрлендiретiн әдiстерді қолдану қажет. Ақпаратты түрлендіру әдістері әртүрлі. Жоғарыда айтылғандардан, ақпарат дегеніміз деректер мен оларға қолданылған әдістердің өзара әрекеттестігінің нәтижесі деген анықтама беруге болады.
Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыруға ерекше мән берілуде. Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз адамдардың, мемлекеттік басқару мекемелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ақпараттық ресурстарды пайдалануға негізделген әлеументтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.
Қоршаған ортадағы ақпаратты алуда адам сезім мүшелерін қолданады. Олар: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу. Адам көзбен көру ақпаратын алады. Мысалы, теледидар көру, тақтадағы жазулар, көшеде жүру белгілері және т.б.
Адам құлағымен есту ақпараттарын қабылдайды. Мысалы, мұғалімнің сабақты түсіндіруі, біреудің әңгімесі, музыка дыбысы және т.б. Адам мұрны арқылы қоршаған ортадан иіс сезу ақпаратын алады. Мысалы, гүлдің иісі.
Адам тілдің көмегімен заттың ащылығын, қышқылдығын, тәттілігін, тұздылығын анықтайды. Мысалы, қышқыл лимон, тәтті конфет, тұзды қияр және т.б.
Саусақ ұшы және тері арқылы заттың температурасы жайлы ақпарат аламыз. Басқаша айтқанда, кез-келген заттың ыстық немесе суықтығын, құрғақ немесе ылғалдылығын, тегіс немесе кедір-бұдыр екендігін денеміздің терісі арқылы анықтаймыз.
Ақпараттың түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, магниттік жазба және т.б.