Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалык араб тілі.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Жаңа сөздер

Арабша

Аудармасы

Арабша

Аудармасы

هَذَا

бұл

كُرَّاسَةٌ

дәптер

مَدرَسَةٌ

мектеп

مَسْجِدٌ

мешіт

تِلْكَ

анау(ә.т)

ذَلِكَ

анау (е.т)

أُمٌّ

ана

هَدَفٌ

мақсат

حَالٌ

хал

دِينٌ

дін

مُمْتِعَةٌ

қызықты

قِصَّةٌ

әңгіме

كِتابٌ

кітап

هَذِهِ

бұл

قِطَّةٌ

мысық

سَيَّارَةٌ

автокөлік

عَلَيْهِمْ

оларға

صِحَّةٌ

денсаулық

Тапсырмалар:

1-жаттығу. Тәуелді жалғауының жасалу жолына мән беру және كُرَّاسَةٌ - مَسْجِدٌ – حالٌ - сөздерін тәуелді жалғауының барлық формасына жазып салу.

2- жаттығу. Мысалдарды мәнерлеп оқу және әр сөзді ауызша тәуелді жалғауының формасын салу, жаңа сөздерді жаттау.

3-жаттығы. Төмендегі аяттарды Құраннан тауып, ішінде тәуелді жалғауын тап1.

  1. الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُم نِعْمَتِي

  2. رَبَّنَا لَا تُزِغْ قُلُوبَنَا بَعْدَ إِذْ هَدَيْتَنَا وَهَبْ لَنَا مِنْ لَدُنْكَ رَحْمَةً 

  3. اللَّهُ رَبُّنَا وَرَبُّكُمْ لَنَا أَعْمَالُنَا وَلَكُمْ أَعْمَالُكُمْ

Ескерту: Қосымша мәліметті аудио дисктегі 8-сабақтан ала аласыз.

Тоғызынші сабақ Қосымшалар

حَرْفُ جَرٍ

Жеке тұрғанда мағынасы жоқ, түбір сөзге жалғанып, сөздің лексикалық мағынасын өзгертетін, сөздің грамматикалық мағынасын түрлендіретін сөз бөлшегі қосымша деп аталады. Мысалы: дар, дер, мен, бен, ға, ге, қа, ке, да, де, дан, ден, тан, тен, т.б. Араб тіліндегі қосымшаларға келетін болсақ, олар тіркесетін сөзінен бөлек немесе бірге жазылуы мүмін және өзінен кейін келген сөзді мәджрур немесе джәр халінде қылады.1

عِنْدَ – қосымшасының тәуелдік жалғаумен жасалу үлгісі:

Аудармасы

Жалғану үлгісі

№

Менде

عِنْدَ + ي = عِنْدِي2

1

Сенде (е/т)

عِنْدَ + كَ = عِنْدَكَ

2

Сенде (ә/т)

عِنْدَ + كِ = عِنْدَكِ

3

Онда (е/т)

عِنْدَ + هُ = عِنْدَهُ

4

Онда (ә/т)

عِنْدَ + هَا = عِنْدَهَا

5

Біз екеумізде

عِنْدَ + نَا = عِنْدَنَا

6

Сен екеуіңде

عِنْدَ + كُما = عِنْدَكُما

7

Ол екеуінде

عِنْدَ + هُمَا = عِنْدَهُما

8

Бізде

عِنْدَ + نَا = عِنْدَنَا

9

Сендерде (е/т)

عِنْدَ + كُمْ = عِنْدَكُمْ

10

Сендерде (ә/т)

عِنْدَ + كُنَّ = عِنْدَكُنَّ

11

Оларда (е/т)

عِنْدَ + هُمْ = عِنْدَهُمْ

12

Оларда (ә/т)

عِنْدَ + هُنَّ= عِنْدَهُنَّ

13

№

حَرْفُ جَرٍ

Мағыналары

1

مِنْ

Бір заттың басталуын білдіреді. Қазақ тілінде шығыс септігіне сәйкес. Мысалы: مِنْ الْمَسْجِدِ - мешіттен.

2

إِلى

Бір заттың екінші бір затқа бағытталғанын білдіреді. Қазақ тілінде барыс септігіне сәйкес. Мысалы: إِلى المَدْرَسَةِ - мектепке.

3

عَنْ

Бір затты баяндауға жәрдемдесетін қосымша. Қазақ тілінде туралы, жайлы деген сөздермен мағыналас. Мысалы:

عَنْ الْإِسْلامِ – ислам жайлы.

4

عَلَى

Бір заттың үстінде екенін білдіреді. Қазақ тілінде жатыс септігіне сәйкес. Мысалы: عَلى الْمَكْتَبِ -үстелде (үстелдің үстінде).

5

في

Бір заттың ішінде екенін білдіреді. Қазақ тілінде бұл да жатыс септігіне сәйкес. Мысалы: في المَدِينَة - қалада (қаланың ішінде)

6

بِ

Бір заттың қатысуымен болады. Қазақ тілінде көмектес септігіне сәйкес. Мысалы: بِالْقَلَمِ - қаламмен.

7

لِ

Бір заттың біреуге қатысты, меншікті екенін білдіреді. Мысалы: لِمُحَمَّدٍ – Мұхаммедтікі, Мұхаммед үшін.

8

كَ

Бір затты екінші бір затқа ұқсату. Мысалы: كَالْماءِ - су секілді.

Жоғарыдағы қосымшалар тәуелдік жалғауына да жалғанады. Мысалы: إلَيْكَ 1– саған, مِنْكَ - сенен.

Сөйлемдер:

هَذِهِ مَدْرَسَتِي، مَدْرَسَتِي كَبِيرَةٌ، هَذَا كِتابُكَ، كِتابُكَ مُمْتِعٌ، ذَلِكَ قَلَمُكَ، قَلَمُكَ عَلَى الْمَكْتَبِ، تِلْكَ كُرَّاسَتُهُ، كُرَّاسَتُهُ فِي الْحَقِيبَةِ، هَذِهِ الهَدِيةُ لَكَ، كَتَبْتُ بِالْقَلَمِ، قَلَمِي وَ كِتابُكَ على المَكْتَبِ، البَغْلُ كالْحِمارِ، فَاطِمَةُ كَأُخْتِها زَيْنَبٌ، سَمِعْتُ عَنْ كَازاخْستان. عِنْدِي مِفْتاحُكَ، عِنْدَهُ قَلَمُكَ، عِنْدَنا كِتَابُكُمْ، صَدِيقُهُمْ فِي بَيْتِنا. هَذا مُسافِرٌ مِنْ روسيا، كَتَبْتُ الرِّسالَةَ إلى أُسْرَتِي.

Аудармасы:

Бұл менің мектебім, менің мектебім үлкен, бұл сенің кітабың, сенің кітабың қызықты, анау сенің қаламың, сенің қаламың үстелдің үстінде, анау оның дәптері, оның дәптері портфельдің ішінде, бұл сыйлық саған, қаламмен, менің қаламым және сенің кітабың үстелдің үстінде, қашыр есек секілді, Фатима әпкесі Зейнеп секілді, Қазақстан жайлы естідім, онда сенің қаламың, бізде сендердің кітаптарың, олардың достары біздің үйде.Бұл Ресейден келген жолаушы. Жанұяма хат жаздым1.

Тапсырмалар:

1-жаттығу. Қосымшалардың құрылымына мән беру, мысалға келтірілген сөйлемдерді жаттау.

2- жаттығу. عِنْدَ қосымшасы мен мен тәуелді жалғауын қосып, сөйлем құрау. Мысалы: عِنْدِي كِتابُهُ т.б.

Ескерту: Қосымша мәліметті аудио дисктегі 9-сабақтан ала аласыз.