Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалык араб тілі.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Аудармасы

Бағбан және түлкі

Хикаяда келгендей бір бағбанның бақшасы бар екен. Ол оның ағаштарын күтіп, суарып, айналасындағы топырақтарын аударып бұтақтарын қысқартып, айналасындағы зиянды шөптерді жұлады екен. Бақшаның ағаштары өсіп, жеміс береді. Бір күні бақшаның қасынан аш түлкі өтіп бара жатады.Піскен жемістерін көріп, сілекейі ағып, жемісінен жегісі келеді. Бірақ қалайша бақшаға кірмек? Бұл биік дуалды қалайша өрмелеп өтпекші? Түлкі дуалды айналып, астыңғы жағынан бір тесікті табады. Одан әзер деп өтіп, жемістерден жей бастайды. Қарны қампиып, шығайын десе шамасы келмейді. Өзінің ішінен: «Созылып, өлген секілді жатсам бағбан мені көріп сыртқа лақтырып тастар сөйтіп қашып құтылармын» деді. Бағбан әдеттегідей жұмысына келіп қараса , сынылған бұтақтарды көреді, біреудің бақшаға секіріп түскенін біледі. Іздей бастаған кезде жерде созылып жатқан, іші ісіп кеткен аузы ашық, көзі жабық түлкіні көреді. Сол кезде бағбан: «Жазаңды тарттың ба айлакер, қазір кетпен әкеліп сасық исің тарап кетпес үшін көміп тастаймын» деді. Түлкі қорыққанынан атып тұрып қашып бір жерге барып тығылады. Таң атқанша сол жерде болып, кірген жерінен қайта шығып бақшаға қарап айтады: «Жемістерің тәтті, сусының шәрбәт бірақ сенен еш пайда көрмедім, саған аш болып кірдім, аш болып шықтым тіпті жазым болып, тірідей көміле жаздадым» дейді.

Жаңа сөздер

Аудармасы

Арабша

Аудармасы

Арабша

Түлкі

الثَّعْلَبُ

бағбан

البُسْتَانِيُّ

көңіл бөлді

يَعْتَنِي

әңгіме қылынды

حُكِيَ

артығын кесіп тастау

يُقَلِّمُ

айналасын

حَوْلَهَا

арам шөп

الْأَعْشَابُ الضَّارَّةُ

жұлу

يَقْلَعُ

өсті

نَمَتْ

айналасындағы

الْمُحِيطَةُ

піскен

النَّاضِجَةُ

аш

جَائِعٌ

қатты қалау

اِشْتَهَى

сілекейі ақты

سَالَ لُعَابُهُ

тесік

فَتْحَةٌ

өрмелеу

يَتَسَلَّقُ

үрленіп кету

اِنْتَفَخَ

өтті

فَنَفَذَ

созыламын

أَتَمَدَّدُ

оның іші

بَطْنُهُ

лақтырады мені

يَرْمِينِي

өлік секілді

كَالْمَيِّتِ

құтыламын

أَنْجُو

сосын қашамын

فأَهْرُبُ

бұтақтар

الْأَغْصَانُ

әдеттегіндей

كَعَادَتِهِ

асып кету

تَسَلَّلَ

сынылған

مُكَسَّرَةٌ

аузы

فَمُهُ

үрленген

مَنْفُوخٌ

жабық

مُغْمَضَتَانِ

екі көзі

عَيْنَاهُ

сенің жазаң

جَزاءُكَ

қолың жетті

نِلْتَ

әкелемін

سَأَحْضُرُ

айлакер

الْمَاكِرُ

қазамын

أَحْفُرُ

күрек

فَأْساً

тарамас үшін

كَيْ لَا تَنْتَشِرَ

қабірді

قَبْرَاً

борсу

النّتْنَةُ

сенің исің

رَائِحَتُكَ

бет бұрды

اِلْتَفَتَ

жасырынды

اخْتَبَأَ

сенің суың

مِيَاهُكَ

тәтті

لَذِيذَةٌ

пайда таппадым

لَمْ أَسْتَفِدْ

дәмді, тұзшы

عَذْبَةٌ

жерлену

أُدْفِنَ

жақын қалдым

وَكِدْتُ

тірідей

حَيّاً

Тапсырмалар:

1-жаттығу: Атыфтарды жаттау және қолданып сөйлем құрау

2-жаттығу: 8-бап етістігіне мән беру және етістіктерін жаттау.

3-жаттығу: Төмендегі құран аяттарынан жиырма тоғызыншы сабақтағы атыфтарды табу.1

1- فَلَوْلَا أُلْقِيَ عَلَيْهِ أَسْوِرَةٌ مِّن ذَهَبٍ أَوْ جَاءَ مَعَهُ الْمَلَائِكَةُ مُقْتَرِنِينَ 

  1. أَطَّلَعَ الْغَيْبَ أَمِ اتَّخَذَ عِندَ الرَّحْمَٰنِ عَهْدًا

  2. يَا بَنِي آدَمَ إِمَّا يَأْتِيَنَّكُمْ رُسُلٌ مِّنكُمْ يَقُصُّونَ عَلَيْكُمْ آيَاتِي فَمَنِ اتَّقَىٰ وَأَصْلَحَ فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ

  3. قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ أَتَاكُمْ عَذَابُهُ بَيَاتًا أَوْ نَهَارًا مَّاذَا يَسْتَعْجِلُ مِنْهُ الْمُجْرِمُونَ    

Ескерту: Қосымша мәліметті аудио дисктегі 29-сабақтан ала аласыз.