- •Тіл ашар Практикалық араб тілі
- •Хамзат қажымұратұлы
- •Бірінші сабақ Араб алфавиті
- •Екінші сабақ Әріптердің сөздің басында, ортасында, аяғында жазылуы
- •Харекет
- •Үшінші сабақ Әріптердің сөздің басында, ортасында, аяғында жазылуы
- •Төртінші сабақ
- •Бесінші сабақ
- •Тә мәрбута
- •Алтыншы сабақ
- •Жіктеу есімдігі
- •Жекеше түрі
- •Жетінші сабақ
- •Сілтеу есімдігі
- •Сегізінші сабақ
- •Есімдіктер (Тәуелді жалғауы)
- •Жаңа сөздер
- •Тоғызынші сабақ Қосымшалар
- •Оныншы сабақ Өткен шақ
- •Етістіктер
- •Мысалдар
- •Жаңа сөздер
- •Он бірінші сабақ
- •Етістіктер
- •Жаңа сөздер
- •Он екінші сабақ Қосымшалар
- •Туыстық қатынаста болу – міндет
- •Он үшінші сабақ
- •Аудармасы
- •Жаңа сөздер
- •Он төртінші сабақ Қосымшалар
- •Жекеше түр
- •Жекеше түр
- •Міндет амалдар
- •Жаңа сөздер
- •Он бесінші сабақ Болымсыз етістік
- •Сөйлемдер
- •Жаңа сөздер
- •Он алтыншы сабақ
- •Жаңа сөздер
- •Аудармасы
- •Жаңа сөздер
- •Реттік сан есім
- •Жаңа сөздер
- •Он тоғызыншы сабақ Күрделі сан есім
- •Жиырмасыншы сабақ Туынды үш түбірлі етістіктің өткен шақ, осы шақ түрінде қолданылуы
- •Жаңа сөздер
- •Жиырма бірінші сабақ
- •Жаңа сөздер
- •Ай аттары
- •Жаңа сөздер
- •Жиырма екінші сабақ
- •Сөйлемдер
- •Жиырма үшінші сабақ Сұраулық шылаулар
- •Жаңа сөздер
- •Жиырма төртінші сабақ
- •Сөйлемдер
- •Жаңа сөздер
- •Антонимдер
- •Аудармасы
- •Жиырма бесінші сабақ Сұраулық шылаулар
- •Мысалдар
- •Аудармасы
- •Жаңа сөздер
- •Жиырма алтыншы сабақ Сұраулық шылаулар
- •Жиырма жетінші сабақ
- •Мысалдар
- •Жаңа сөздер
- •Жаңа сөздер
- •Жиырма сегізінші сабақ Атыфтар (жалғамалы қосымшала)
- •Жаңа сөздер
- •Жиырма тоғызыншы сабақ Жалғамалы қосымшалар
- •Аудармасы
- •Жаңа сөздер
- •Аудармасы
- •Жаңа сөздер
- •Отызыншы сабақ Жалғамалы қосымшалар
- •Аудармасы
- •Жаңа сөздер
- •Отыз бірінші сабақ
- •Жаңа сөздер
- •Жаңа сөздер
- •Отыз екінші сабақ
- •Жаңа сөздер
- •Отыз үшінші сабақ
- •Алтыншы бап
- •Оныншы бап
- •Отыз төртінші сабақ Дамирлардың (есімдіктер) түрлері
- •Жаңа сөздер
- •Жаңа сөздер
- •Мазмұны
Төртінші сабақ
Мәд әріптері1
Мәд – созу деген мағынаны білдіреді. Мәд әріптері үшеу:ي – و – ا . Бұл әріптер мәд болу үшін оның алдындағы әріптің харекеті соған сәйкес болу керек.
Мәдтің жасалу жолы:
Әлифтің (ا) алдындағы әріп фатхалы болады. Мысалы: قَالَ - қаала, екі «а» немесе كَانَ кәәнә, екі «ә» .
Уаудың ( و) алдындағы әріп даммалы болады. Мысалы: قُولَ - қуула, екі «у».
Я ның (ي) алдындағы әріп кәсралы болады. Мысалы: قِيلَ - қиила, екі «и».
###1. Ескерту: Егер «ләмнан» "ل" кейін, «әлиф» "ا" келетін болса, لـا емес لا болып жазылады.2 Мысалы: كَلامٌ- кәләәмун.
###2. Ескерту: Мәд әріпінің үстінде харекет жазылмайды.
###3. Ескерту: Араб тілінде кейбір жағдайда «я» (ي) әріпі «әлиф» болып оқылады. Бұндай әлифті әлиф мақсура (қысқа әлиф) деп атайды, ол әріпті (ي) әріпінен айыру жолы –әлиф мақсура нүктесіз, харекетсіз және оның алдындағы әріп фатхалы болып келеді. Мысалы: سَجَى -сәджәә.
Мысалдар:
يَدُورُ |
دَارَ |
يُجِير |
جَارَ |
وَكِيلَ |
مِفْتَاحْ |
كَاتِبُ |
مَاذاَ |
تُرَاثُ |
نَقُولُ |
كَريمْ |
جُنَاحٌ |
مَشْغُولُ |
حَلَالُ |
دُلَّابُ |
هَامَا |
تَرَدَّى |
يَغْشَى |
تَخَلَّى |
سَجَى |
شِغَارُ |
صَابُورُ |
مَفْعُولُ |
ثَارَ |
صُفُوفُ |
رَسُولُ |
يُثِيرُ |
عَلَى |
شَكُورٌ |
يُقالُ |
طَوَى |
مَدَارِسُ |
Оқылуы:
-
иәдууру
дәәра
юджииру
джәәра
уәкиилә
мифтәәх
кәәтибу
мәәзәә
тураасу
нәқуулу
кәриим
джунәәхун
мәшғуулу
хәләәлу
дулләәбу
һәәмәә
тәраддәә
иәғшәә
тәхалләә
сәджәә
шиғаару
саабууру
мәфъуулу
сәәра
суфууфу
расуулу
иусииру
ъәләә
шәкуурун
юқаалу
тауәә
мәдәәрису
Әл артиклі (الْـ )
Әл артиклі (الـْ ) араб тілінде есімдіктердің басында келетін әлиф (ا) және ләм (لـْ ) әріптері. Оқылуы әл (الـْ ) әлиф фатхалы ләм сукунды. Әл артикліндегі (لـْ) ның айтылып айтылмауына қарай, араб алфавитіндегі әріптер қамария (ай), шамсия (күн) болып екіге бөлінеді.
Егер (الـْ ) ден кейін қамария әріптерінің біреуі келсе, онда әл артикліндегі (الـْ) ләм сукунды болып оқылады. Қамария әріптері:
ا - ب – ج – ح – خ – ع – غ – ف – ق – ك – م – ه – و – ي
Жасалу
жолы:
әлқамәру
|
الْقَمَرُ
|
= |
ـقَمَرُ |
+ |
الْـ |
уәл1 қамәр |
وَ الْقَمَرُ |
= |
الْقَمَرُ
|
+
|
وَ
|
Егер (الــْ ) ден кейін шамсия әріптерінің біреуі келсе, онда әл артикліндегі (الْـ ) ләм оқылмайды, одан кейінгі шамсия әріпі шаддалы болып оқылады. Шамсия әріптері:
ت - ث - د - ذ - ر - ز - س - ش - ص -ض -ط - ظ - ل - ن
Жасалу жолы:
әшшамсу |
الشَّمْسُ |
= |
ـشَّمْسُ |
+ |
الـ |
||
|
|
|
|
|
|
||
уәшшамсу |
وَ الشَّمْسُ |
= |
الشَّمْسُ |
+ |
وَ |
||
Мысалдар:
الْبَيْتُ |
الْكَلَامُ |
الْمَسْجِدُ |
الْقَلَمُ |
الصَّوْمُ |
السُّمْنُ |
النَّاسُ |
التَّرْسُ |
الْفَقِيرُ |
الصَّغِيرُ |
الْكَبِيرُ |
الْمَلَكُ |
اللِّباسُ |
الْيَوْمُ |
النُّورُ |
الْكَرِيمُ |
الزَّرْعُ |
الْوَرَقُ |
الْجَرَّادُ |
التَّمْسُ |
الْجَنُوبُ |
الشِّمَالُ |
السَّمَكُ |
المَوْزُ |
الظُّلْمُ |
النَّصِيرُ |
الضَّرُّ |
الْجَرَسُ |
Оқылуы:
әлбәйту |
әлкәләәму |
әлмәсджиду |
әлқаләму |
ассауму |
әссумну |
әннәәсу |
әттәрсу |
әлфәқииру |
ассағииру |
әлкәбииру |
әлмәләку |
әллибәәсу |
әлиауму |
аннууру |
әлкәрииму |
әззәръу |
әлуәрақу |
әлджәррааду |
әттәмсу |
әлджәнуубу |
әшшимәәлу |
әссәмәку |
әлмәузу |
аззулму |
аннәсииру |
аддарру |
әлджәрасу |
Тапсырмалар:
1-жаттығу. Мәд әріптерінің мысалдарын дәптерге жазып оқу және созылуына мән беру.
2-жаттығу. Қамари, шамси әріптерінің айырмашылығына олардың оқылуымен, жазылу тәсіліне мән беру. Мысалдардағы шамси, қамари әріптерін бөліп жазу.
Ескерту: Қосымша мәліметті аудио дисктегі 4-сабақтан ала аласыз.
