Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалык араб тілі.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Он бірінші сабақ

Осы шақ

Қазақ тілінде осы шақ нақты айтылып жатқан уақытта істелетін немесе әдетте істелетін әрекетті білдіреді. Мысалы: Марат жұма күні мешітке жұма намазына барады, Фатима қазір кітап оқып отыр. Араб тілінде өткен шақта етістіктің соңына есімдік жалғанса, осы шақта басы да өзінен кейін де өзгеріске ұшырайды. Өткен шақ етістігіндеفَعَلَ формасымен жасағанымыздай (فَعَلَ – فَعَلْتُ) осы шақта да сол форманы қолданамыз: فَعَلَ – يَفْعَلُ қызылмен белгіленген ортаңғы ع әріпінің харекеті етістікке байланысты өзгеріп тұрады. Егер сөздікте етістіктің алдында (и) тұрса ортаңғы әріпі кәсра болады мысалы: جَلَسَ- يَجْلِسُ .

Егер (у) тұрса, дамма болады мысалы: كَتَبَ- يَكْتُبُ Ор Ортаңғы әріпі, (а) болса фатха, мысалы: فَتَحَ- يَفْتَحُ . Осы шақтың жасалу жолы төмендегі схемаға сәйкес қызылмен белгіленген әріптің харекетінің өзгеріске ұшырайтын тұсы.

Аудармасы

Мысалы

Схемасы

Есімдік

№

Мен істеймін

أنا أَفْـعَـلُ

أَ+ْ + +ُ

أنا

1

Сен істейсің (е.т)

أنْتَ تَـفْـعَـلُ

تَـ+ْ + +ُ

أنْتَ

2

Сен істейсін (ә.т)

أنْتَ تَـفْـعَـلِينَ

تَـ+ْ + +ِـينَ

أنْتِ

3

Ол істейді (е.т)

هُوَ يَـفْـعَـلُ

يَـ+ْ + +ُ

هُوَ

4

Ол істейді (ә.т)

هِي تَـفْـعَـلُ

تَـ+ْ + +ُ

هِي

5

Біз екеуміз істейміз

نَحْنُ نَـفْـعَـل

نَـ+ْ + +ُ

نَحْنُ

6

Сен екеуің істейсіңдер

أنْتُما تَـفْـعَـلَانِ

تَـ+ْ + +َانِ

أنْتُما

7

Ол екеуі істейді (е.т)

هُمَا يَـفْـعَـلاَنِ

يَـ +ْ + +َانِ

هُمَا

8

Ол екеуі істейді (ә.т)

هُمَا تَـفْـعَـلَانِ

تَـ+ْ + +َانِ

هُمَا

9

Біз істейміз

نَحْنُ نَـفْـعَـل

نَـ+ْ + +ُ

نَحْنُ

10

Сендер істейсіңдер (е.т)

أَنْتُمْ تَـفْـعَـلُونَ

تَـ+ْ + +ُ ونَ

أَنْتُمْ

11

Сендер істейсіңдер (ә.т)

أَنْتُنَّ تَـفْـعَـلْنَ

تَـ+ْ + +ْ ـنَ

أَنْتُنَّ

12

Олар істейді (е.т)

هُمْ يَـفْـعَـلُونَ

يَـ +ْ + +ُ ونَ

هُمْ

13

Олар істейді (е.т)

هُنَّ يَـفْـعَـلْنَ

يَـ +ْ + +ْ ـنَ

هُنَّ

14

Етістіктер

жуу (и)

غَسَلَ

оқу (а)

قَرَأَ

істеу (а)

فَعَلَ

қашу (у)

هَرَبَ

сабақ оқу (у)

دَرَسَ

жазу (у)

كَتَبَ

ойнау (а)

لَعِبَ

күлу (а)

ضَحِكَ

бару (а)

ذَهَبَ

жинау (а)

جَمَعَ

есту (а)

سَمِعَ

есептеу (и)

حَسِبَ

сабыр ету (и)

صَبَرَ

қарау (у)

نَظَرَ

отыру (и)

جَلَسَ

ұру (у)

ضَرَبَ

сурет салу (у)

رَسَمَ

шығу (у)

خَرَجَ

алу (у)

أَخَذَ

әмір ету (у)

أَمَرَ

кіру (у)

دَخَلَ

кию (а)

لَبِسَ

жұмыс істеу (а)

عَمِلَ

ашу (а)

فَتَحَ

шешу (а)

خَلَعَ

ішу (а)

شَرِبَ

жабу (и)

غَلَقَ

талап ету (у)

طَلَبَ

жеу (у)

أَكَلَ

білу (а)

عَلِمَ

الْمُفْرَدَاتُ

(Қысқаша сөйлемдер)

تَفْعَلُ فاطِمَة هَذَا فِي كُلِّ صَباحٍ. يَكْتُبُ أَسْقارْ الرِّسالةَ إلى أُمِّهِ. الْمُسْلِمُونَ يَذْهَبُونَ إلى صَلاةِ الْجُمْعَةِ. هَلْ تَحْسِبُ أَنَّ حَسَنَ ظالِمٌ. عادةً نَجْلِسُ فِي الْحَدِيقَةِ . الطَّالِباتُ يَخْرُجْنَ مِنْ دُرُوسِهِنَّ فِي السَّاعَةِ الثَّالِثَةِ. فِي النَّهارِ يَدْخُلُ الْذِّئْبُ إِلى الْغَابةِ. تَفْتَحُ بابَ الدُّكّانِ فِي السَّاعَةِ السَّابِعَةِ وَ تَغْلِقُهُ فِي السَّاعَةِ الْخامِسَةِ مَسَاءً. هَلْ تَعْلَمُ أَنَّ الله يسْمَعُ الدُّعاءَ. يَقْرَأُ مُحَمَّدُ الْقُرْآنَ فِي كُلِّ يَوْمٍ. يَضْحَكُ الطِّفْلُ بِدُونِ سَبَبٍ. يَسْمَعُ حَسَنٌ صَوْتَ الطُّيورِ. الطُّلابُ يَنْظُرُونَ إِلَى أُسْتَاذِهِمْ. أَرْسُمُ مَنْظَرَ الْقَرِيَةِ فِي كُلِّ سَنَةٍ. الْمُسْلِمُونَ يَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَ لَا يَعْمَلُونَ السُّوءَ. تَشْرَبُ قَمَرُ اللَّبَنَ وَ تَأْكُلُ التَّمْرَ. يَغْسِلُ الطِّفْلُ وَجْهَهُ. يَهْرُبُ الثَّعْلَبُ مِنْ الكَلْبِ. نَلْعَبُ كُرَّةَ الْقَدَمِ مَعَ الْأَصْدِقاءِ فِي يَوْمِ الثُّلاثاءِ. هَلْ يَجُوزُ أَنْ يَجْمَعَ بَيْنَ صَلاتَيْنِ؟ عَلَى الْمُسْلِمِ أَنْ يَصْبِرَ علَى مُصِيبَةِ. تَضْرِبُ وَلَدَكَ بَعْدَ العَشَرَةِ لِتَرْكِ الصَّلاةِ. ألْمازْ يَأْخُذُ الدَّيْنَ مِنْ أَخِيهِ. هِيَ تَلْبِسُ لِباسَ التَّقْوَي. هُو يَخْلَعُ الْمِعْطافَ. يَطْلُبُ نورلان الزِّواجَ.

Аудамасы

Фатима мұны әр таң атқан сайын істейді. Асқар анасына хат жазады. Мұсылмандар жұма намазына барады. Хасанды залым деп ойлайсың ба? Әдетте саябақта отырамыз. Студент қыздар сабақтарынан сағат үште шығады. Күндіз қасқыр орманға кіреді. Дүкенді сағат жетіде ашасың және кешке бесте жабасың. Алланың дұғаны еститінін білесің бе? Мұхаммед Құранды әр күні оқиды. Бала себепсіз күледі. Хасан құстардың даусын естиді. Олар ұстаздарына қарап тұр. Әр жылы ауылдың көрінісін саламын. Мұсылмандар жақсылыққа әмір етеді және жамандықты істемейді. Қамар сүт ішеді және құрма жейді. Бала бетін жуады. Түлкі иттен қашады. Сейсенбі күні достармен футбол ойнаймыз. Екі намазды жинауға бола ма? Мұсылман үшін қиыншылыққа шыдау міндет. Балаңды оннан кейін намаз тастағаны үшін ұрасың. Алмаз ағасынан қарыз алады. Ол тақуалық киімін киеді. Ол пальтоны шешеді. Нұрлан үйленуді талап қылды.