Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалык араб тілі.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Он алтыншы сабақ

Ер тегі және әйел тегі

Араб тілінде тек екіге бөлінеді: әйел тегі және ер тегі. Бұлардың ішінде хақиқи (тура) (ер, тегі немесе әйел тегі), мәджази (тура емес), лафзи (айтылу тұрғысында), мағнауи (мағына жағынан) болып бөлінеді.

Тура ер тегі адамдардың немесе хайуанның еркегіне қатысты айтылады. Мысалы: غُلامٌ –ер бала, ثُعْلُبانٌ- түлкінің еркегі.

Тура әйел тегі адамдардың немесе хайуандардың ұрғашысына айтылады. Мысалы: بِنْتٌ – қыз бала, أَتانٌ – есектің ұрғашысы. Бұл ер тегінің өзіне қатысты жіктік есімдігі, сілтеу есімдігі, қатыстық есімдіктері1 (қазақ тіліндегі есімше, көсемше жұрнағы) болады. Мысалы: هذا الغلام هو الذي اصطاد ثُعْلُباناً- Бұл бала түлкіні ауламақ болған бала. هَذِهِ الْبِنْتُ هِيَ الَّتي خافَتْ مِنْ الْأَتانِ- Бұл қыз есектен (ұрғашысы) қорыққан қыз.

Тура емес әйел тегіне немесе ер тегіне келер болсақ,сыртқы формасы белгілі бір текті мақсат етпеген сөздер2, мысалы: بَيْتٌ (үй), كِتَابٌ (кітап),عُشْبٌ (шөп) فَهْمٌ (түсінік) және әйел тегінде қолданылады мысалы: سَيَّارَةٌ (автокөлік) صَحِيفَةٌ(парақ), وَرْدَةٌ (раушан),نَباهَةٌ (атақ). Аталған сөздер тікелей ер, әйел тегін білдірмегендіктен тура емес әйел тегі, ер тегі деп бөлінеді.

Лафзи (айтылу тұрғысында), мағнауи әйел тегі:

Лафзи әйел тегінің ер тегіден айыратын белгілері бар олар сөздің соңғы әріпі тә марбутамен - طَلْحَةٌ, қысқа әлифпен- بُشْرَى , ұзын әлифпен - زَكَرِيَاء аяқталуы. Жалпы кез келген есім сөз егер оның әйел тегінде екенін дәлелдейтін себеп болмаса ер тегі болып саналады. Сөздің қай текте екенін араб тілі сөздіктеріне қайту арқылы білеміз.

Мағнауи әйел тегі жоғарыдағы белгілер жоқ ер тегі формасындағы, әйел тегінде келген есімдіктің түрі. Мысалы: هِنْدٌ- қыздың есімі, شَمْسٌ- күн, سُعادُ – әйел адамның есімі.

Кейбір сөздер араб тілінде әйел тегінде де, ер тегінде де қолданыла береді. Мысалы: طَريقٌ (жол), سُوقٌ (базар), خَمْرٌ (арақ). Сөйлем құраған кезде هذا الطَّريقُ واسِعٌ – Бұл жол кең, ер тегінде, هَذِهِ الطَّرِيقُ وَاسِعَةٌ – Бұл жол кең, әйел тегінде қолдануға болады. Сол секілді сыртқы көрінісі әйел тегінде тұрып, екі текте де қолданылатын есімдіктер кездеседі. Мысалы:حَيَّةٌ (жылан) شَاةٌ (қой) سَخْلَةٌ (қозы). Бұндай есімдіктер аз болғанымен қолданыста кездеседі.

Әйел тегінің үш белгісі:

Бірінші белгісі: «тә мәрмута» (ة ـــة، ) алты жағдайда қолданылады.

- «тә мәрбута» ер тегіден айыру үшін жалғанады. Мысалы: مُدَرِّسٌ (мұғалім ер адам) «тә мәрбута» жалғанғаннан кейін مُدَرِّسَةٌ (мұғлім апай) әйел тегіне айналады, сол секілді مُحامِيةٌ (қоғаушы әйел) بائِعَةٌ (сатушы әйел) т.б.

«Тә мәрбута» жалғанбайтын ер, әйел тегінде қолданылатын бес сипат бар, олардың формалары мынандай: فَعُولٌ , فَعِيلٌ, مِفْعالٌ, مِفْعِيلٌ, مِفْعَلٌ. Мысалы: عَجُوزٌ(кәрі), جَرِيحٌ (жаралы), مِعْطارٌ (көп әтір жағатын), مِسْكِيرٌ (қатты мас), مِغْشَمٌ (тайсалмайтын). Сөйлемде қолданылуы: رَجُلٌ عَجوزٌ - кәрі ер адам, عَجوزٌ اِمْرَأَةٌ –кәрі әйел адам.

- өсімдіктіктерге қатысты. Жалпы есімдіктердің санының біреу екенін білдіру мақсатында. Мысалы: شَجَرٌ – деп айтылса жалпы ағашты білдіреді егер شَجَرَةٌ деп «тә мәрмута» жалғанса, ағаштың санының біреу екенін білдіреді.

- мағынаны күшейту мақсатында қолдану. Мысалы: عَلَّامٌ – білімді, عَلَّامَةٌ - терең білімді.

Екінші белгісі: «қысқа әлиф» жалғанады. Негізгі формалары: فُعَلَى, فُعْلى, فَعَلَى. Мысалы: شُعَبى (жердің аты), بُهْمى (өсімдіктің аты), بَشَكَى (түйенің жүйрігі) т.б формаларда келуі мүмкін.

Үшінші белгісі:

Әйел тегінің бұл түрі адамның сипаттарына, түр түске соның ішінде кемшілік тұстарына көркемдігіне қатысты қолданылады. Мысалы: أَصْفَرُ – сары (ер тегі), صَفْرَاءٌ- сары (әйел тегі). Бұл әйел тегінің формалары өте көп соның ішінде жиі қолданылатыны: فَعْلاءٌ, أَفْعِلاءٌ, فِعْلِياءٌ. Мысалы: صَحْرَاءٌ (шөл), أَرْبِعاءٌ (сәрсенбі), كِبْرِياءٌ (тәкәппарлық) .

Бұл белгілер орын алмаған жағдайда ережеден тыс есімдіктерден басқа есімдік ер тегінде болады.

Әйел тегі есімдіктеріне мысалдар:

  1. خَوْلَةُ بنتُ الأَزْوَرِ مَثَلٌ في الشُّجَاعَةِ

  2. تشْتَري سَلْمَى فَاكِهَةً

  3. مَكَّةُ مَهْوَى قُلُوبِ الْمُسْلِمِينَ

  4. زَرْقَاءُ الْيَمَامَةِ أَعْجُوبَةُ مَدِينَتِنا

  5. عِلياءُ فَتَاةٌ دَافِئَةٌ اللِّسَانِ

  6. لُبْنَى تُوَقِّرُ الْكِبَارَ

  7. سُعْدَى تَرْحَمُ الصِّغَارَ

  8. نَجَحَتْ المُجْتَهِدَةُ 

Аудармасы

  1. Әзуардың қызы Хаула өжеттіліктің үлгісі.

  2. Сәлмә жеміс-жидек сатып алады.

  3. Мекке мұсылмандардың жүрегінен орын алды.

  4. Зәрқа Ямама қаламыздың кереметі.

  5. Ғилия тілі жұмсақ қыз.

  6. Лубна үлкендерді құрметтейді.

  7. Суғда кішілерге мейірімді.

  8. Талапты (әйел адам) жетістікке жетті.

الْقِصَّةُ عَنْ الْأُمِّ

طَلَبَ مُوسَى عَلْيْهِ السَّلَامُ يَوْمًا مِنْ اللهِ أنْ يُرِيَهُ جَلِيسَهُ بِالْجَنّةِ فِي هَذِهِ الدُّنيا. فَأَتاهُ جِبْرَائِيلُ عَلَى الْحَالِ وَ قَالَ: يَا مُوسَى جَلِيسُكَ هُوَ الْقَصَّابُ الْفُلَانِي. السَّاكِنُ فِي مَحَلَّةِ الْفُلَانِ  ذَهَبَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ إِلَى دُكَّانِ الْقَصَّابِ فَرَآهُ شَابَّا وَ هُوَ مَشْغُولٌ بِبَيْعِ اللَّحْمِ. بَقِىَ مُوسَى عَلْيْهِ السَّلَامُ مُرَاقِبًا لِأَعْمَالِهِ مِنْ قَرْيبٍ لِيَرَى عَمَلَهُ لَكِنَّهُ لَمْ يُشَاهِدْ أَمْرًا غَريباً. لَمَّا جَنَّ الَّليْلُ أَخَذَ الْقَصّابُ مِقْدَارَ مِنْ اللَّحْمِ وَ ذَهَبَ إِلَى مَنْزِلِهِ . ذَهَبَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ خَلْفَهُ وَطَلَبَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ ضِيَافَتَهُ اللَّيْلَةَ بِدُونِ أَنْ يُعَرّفَ بِنَفْسِهِ .. فَاسْتَقْبَلَهُ بِصَدْرٍ رَحْبٍ وَأَدْخَلَهُ الْبَيْتَ بِأَدَبٍ كَامِلٍ وَبَقِىَ مُوسَى يُراقِبُهُ فَرَأَى عَلَيْهِ السَّلَامُ أَنَّ هَذَا الشَّابُّ قامَ بِتَهِيَئةِ الطَّعَامِ وَأَنْزَلَ زِنْبِيلًا كَانَ مُعَلَّقًا فِي السَّقْفِ وَأَخْرَجَ مْنْهُ عَجوزَ كَهْلَةَ غَسَلَها وَأَبْدَلَ مَلَابِسَهَا وَأَطْعَمَهَا بِيَدِيهِ وَبَعْدَ أَنْ أَكْمَلَ إِطْعَامَهَا أَعَادَهَا إِلَى مَكانِها الْأَوَّلِ . فَشَاهَدَ مُوسَى أَنْ الْأُمَّ تَلْفَظُ كَلِمَاتٍ غَيْرَ مَفْهُوَمَةٍ  ثُمَّ أَدَّى الشَّابُ أُصُولِ الضَّيَافَةِ وَحَضَرَ الطَّعَامُ وَبَدَأُوا بِتَنَاوِلِ الطَّعَامِ. سأَلَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامَ عَنْ هَذِهِ الْعَجُوزَ ؟ أَجَابَ : هِي أُمِّي .. أَنَا أَقُومُ بِخِدْمَتِهَا سَألَ عَلَيْهِ السَّلَامُ : وَمَاذَا قَالَتْ أُمُّكَ بِلُغَتِهَا ؟؟ أَجَابَ : كُلَّ وَقْتٍ أَخْدِمُها تَقُولُ :غَفَرَ اللهُ لَكَ وَجَعَلَكَ جَلِيسَ مُوسَى يَوْمَ الْقِيامَةِ .فَقَالَ عَلَيْهِ السَّلَامُ : يَا شَابٌّ أُبَشَّرُكَ أَنْ اللهَ تَعَالَى قَدْ اِسْتَجَابَ دَعْوَةَ أُمِّكَ. راقَبْتُ أَعْمَالَكَ وَلَمْ أَرَى مِنْكَ سِوَى تَجْلِيلِكَ لِأُمِّكَ وَاِحْتِرَامَكَ وَإِحْسَانَكَ إِلَيْها  وَهَذا جَزَاءٌ الِإحْسَانِ وَاِحْتِرَامُ الْوَالِدَيْنِ.

Аудармасы

Ана туралы әңгіме

Бір күні Муса пайғамбар (Алланың оған сәлемі болсын) Алладан бұл дүниедегі жәннаттағы серігін көрсетуін сұрады. Сол кезде Жебрейіл келіп: «Сенің жәннатағы серігің пәленше жерде тұратын пәленше деген қасапшы» деп жауап берді. Муса (Алланың оған сәлемі болсын) қасапшының дүкеніне баған кезде ет сатумен айналысып жатқан жас жігіт екенін көрді. Муса (Алланың оған сәлемі болсын) жігіттің істерін жақыннан бақылап көрді бірақ ешбір ерекшелікті байқамады. Түн болған кезде қасапшы аздап ет алып үйіне қайтты. Муса пайғамбар (Алланың оған сәлемі болсын) да оған ілесіп барып, қонақ қылуын талап етті бірақ өзін таныстырмады... Кең пейілмен қарсы алып, үйіне кіргізіп қонақ қылды. Муса (Алланың оған сәлемі болсын) бақылауын жалғастырды. Әлгі жігіт тамақ дайындап, ілулі тұрған кәрзеңкені түсіріп, бір қарт әжені алып шықты. Жуындырып, киімін ауыстырып қолымен тамақ беріп болғаннан кейін бұрынғы жайына жайғастырды. Муса (Алланың оған сәлемі болсын) әлгі қарияның түсініксіз тілде бір нәрсе айтқанын естіді. Анасын тамақтандырғаннан кейін қонағын күтіп, тағам әкеліп бірге тамақ іше бастады. Муса (Алланың оған сәлемі болсын) бұл қария әже жайында сұрады. Жігіт: «Бұл менің анам мен оның қызметіндемін» деп жауап берді. Содан кейін Муса (Алланың оған сәлемі болсын): «Анаң өз тілінде не деп айтты» деді. Ол: «Әр кез мен оған қызмет жасаған кезімде ол: « Алла сені кешірсін және сені қиямет күні Мусаның серігі етсін», деді. Сол кезде Муса (Алланың оған сәлемі болсын) : «Ей жігіт мен сені сүйіншілеймін Алла сенің анаңның дұғасын қабыл етті. Сені байқап едім анаңды ұлықтап, құрмет жасап, жақсылық істегеніңнен басқа амал көрмедім, сенің бұл деңгейің ата-анаңа деген құрметің және жақсылығың» деді.