Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалык араб тілі.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Жиырмасыншы сабақ Туынды үш түбірлі етістіктің өткен шақ, осы шақ түрінде қолданылуы

Араб тілінде етістіктер негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі етістіктерді араб тілі сөздігінен сол қалпында табуға болады. Мысалы: كَتَبَ етістігін ك, ت, ب, әріптері арқылы іздейміз. Туынды етістікке келер болсақ оларға «әлиф» әріпі қосылуы мүмкін мысалы: كاتَبَ , أَسْلَمَ, «тә» әріпі қосылуы мүмкін мысалы: افْتَعَلَ , «син» әріпі қосылуы мүмкін мысалы: اِسْتَخْرَجَ , сол секілді т.б әріптер қосылуы мүмкін. Осы орайда етістіктердің ара жігін оның мағынасын, түбірін ажырату үшін тіл ғалымдары баптарды ойлап шығарған. Бұл кітапта араб тіліндегі ең көп қолданылатын он бапты өтеміз.

1-бап

1-бап етістігі негізгі қалып болғандықтан оны сол күйде сөздікте кездестіреміз. Мысалы: فَعَلَ етістігі فَ عَ لَ

«фәә», «ъайн», «ләм» әріптерінен іздеп табамыз. 1-бап етістігінің түрлері және мысалдары:

Қалып

Мысалдар

Осы шақ

Өткен шақ

Осы шақ

Өткен шақ

1

يَفْعَلُ

يَفْعِلُ يَفْعُلُ

فَعَلَ

ذَهَبَ – يَذْهَبُ

جَلَسَ – يَجْلِسُ

كَتَبَ – يَكْتُبُ

2

يَفْعَلُ

يَفْعِلُ

فَعِلَ

لَبِسَ – يَلْبَسُ

حَسِبَ - يَحْسِبُ

3

يَفْعُلُ

فَعُلَ

حَمُرَ - يَحْمُرُ

2-бап

2-бап етістігі негізгі қалыптағы فَعَلَ етістігінің ортаңғы ع әріпі қосарланып оқылып, فَعَّلَ етістігіне айналады. 2-бап етістігі көп жағдайда екі мағынада қолданылады:1) Көбейту немесе асыра істеу, мысалы: كَسَرَ - сындыру, كَسَّرَ - көп сындыру. 2) біреуге белгілі бір істің жасалуына себепкер болу, мысалы: عَلِمَ – білу, عَلَّمَ - білдіру, үйрету. رَكِبَ - міну, رَكَّبَ - мінгізу.

Мысал/ осы шақ аудармасы

Мысал/ өткен шақ аудармасы

Осы шақ қалпы

Өткен шақ қалпы

Жіктік есімдігі

№

Жекеше түр

1

أُقَدِّمُ

قَدَّمْتُ

أُفَعِّلُ

فَعَّلْتُ

أَنا

ұсынамын

ұсындым

تُقَدِّمُ

قَدَّمْتَ

تُفَعِّلُ

فَعَّلْتَ

أَنْتَ

2

ұсынасың

ұсындың

تُقَدِّمِينَ

قَدَّمْتِ

تُفَعِّلِينَ

فَعَّلْتِ

أَنْتِ

3

ұсынасың

ұсындың

يُقَدِّمُ

قَدَّمَ

يُفَعِّلُ

فَعَّلَ

هُوَ

4

ұсынады

ұсынды

تُقَدِّمُ

قَدَّمَتْ

تُفَعِّلُ

فَعَّلَتْ

هِيَ

5

ұсынады

ұсынды

Екілік түр

نُقَدِّمُ

قَدَّمْنا

نُفَعِّلُ

فَعَّلْنا

نَحْنُ

6

ұсынамыз

ұсындық

تُقَدِّمانِ

قَدّمْتُما

تُفَعِّلانِ

فَعَّلْتُما

أَنْتُما

7

ұсынасыңдар

ұсындыңдар

يُقَدِّمانِ

قَدّمَا

يُفَعِّلانِ

فَعَّلا

هُما

8

ұсынады

ұсынды

تُقَدِّمانِ

قَدَّمَتا

تُفَعِّلانِ

فَعَّلَتا

هُما

9

ұсынады

ұсынды

Көпше түр

نُقَدِّمُ

قَدَّمْنا

نُفَعِّلُ

فَعَّلْنا

نَحْنُ

10

ұсынамыз

ұсындық

تُقَدِّمونَ

قَدّمْتُمْ

تُفَعِّلُونَ

فَعَّلْتُمْ

أَنْتُمْ

11

ұсынасыңдар

ұсындыңдар

تُقَدِّمْنَ

قَدّمْتُنَّ

تُفَعِّلْنَ

فَعَّلْتُنَّ

أَنْتُنَّ

12

ұсынасыңдар

ұсындыңдар

يُقَدِّمُونَ

قَدَّمُوا

يُفَعِّلُونَ

فَعَّلُوا

هُمْ

13

ұсынады

ұсынды

يُقَدِّمْنَ

قَدَّمْنَ

يُفَعِّلْنَ

فَعَّلْنَ

هُنَّ

14

ұсынады

ұсынды

2-бап етістіктеріне мысал:

Арабша

Аудармасы

Арабша

Аудармасы

أَلَّفَ

татуластыру, кітап жазу

أَمَّنَ

әмин сөзін айту

بَرَّدَ

суыту

جَدَّدَ

жаңарту

جَرَّحَ

жаралау

جَمَّعَ

жинау

حَكَّم

үкім ету

حَلَّقَ

қалықтау

حَمَّدَ

көп мадақ айту

حَمَّرَ

қызылға бояу

خَبَّرَ

хабарлау

دَبَّرَ

ойластыру (жүйелі)

دَرَّسَ

Сабақ беру

دَوَّرَ

айналдыру

ذَبَّحَ

жаппай бауыздау

رَحَّبَ

қошеметтеу

رَدَّدَ

қайталау

رَكَّبَ

мінгізу

سَخَّنَ

ысыту

سَمَّعَ

естірту

شَدَّدَ

күшейту

صَدَّقَ

сендіру

صَرَّخَ

қатты айқайлау

عَدَّلَ

жөндеу

قَبَّلَ

сүю

قَوَّمَ

түзеу

قَصَّرَ

қысқарту, кем қылу

كَبَّرَ

тәкбір айту

نَبَّهَ

ескерту

يَسَّرَ

жеңіл қылу

Сөйлемдер

أَلَّفَ مُحَمَّدٌ كِتابَهُ فِي سَنَتَيْنِ، أَمَّنَتْ الْبِنْتُ بَعْدَ دُعاءِ أَبِيها، تُبَرِّدُ الْماءَ قَبْلَ شُرْبِهِ، يُجَدِّدُ الْمُسْلِمُ إِيمانَهُ بَعْدَ قِرَاءَةِ الْقُرْانِ، لاَ تُجَرِّحْ عَواطِفَ أُمِّكَ، جَمَّعْتُ أَقْرِبائي فِي يَوْمِ الْجُمْعَةِ، حَكَّمَ الْقاضِي بَيْنَ رَجُلَيْنِ، حَلَّقَ الصَّقْرُ فَوْقَ الْجِبالِ، تُحَمِّدُ لَهُ مَنْ في السَّماوات وَ الْأَرْضِ، حَمَّرْتُمْ الْبِساطَ، خَبَّرَ أَهْلُ الْقُرَى عَنْ اللّصِ، دَبَّرَ الْقَائِدُ خُطَّةً عَسْكَرِيَّةً، أُدَرِّسُ فِي الْمَدْرَسَةِ عَشَرُ سَنَواتٍ، دَوَّرَ حَسَنٌ مُحَمَّداً في الْمَدينَةِ، ذَبَّحَ مُوسى جَميعَ أَغنامِهِ لِأَجْلِ الْفُقَراءِ، يُرَحِّبُ مَحمودُ ضَيْفَهُ حَسَنَ، الطِّفْلُ يُرَدِّدُ كَلامَ أَبِيهِ، رَكَّبَ الْمَتاعَ عَلى ظَهْرِ السَّيَّارَةِ، سَخَّنَتْ أُمِّي الطَّعامَ، أُسَمِّعُ الْقُرْانَ لِأُسْتاذي، شَدَّدَ الْأُسْتاذُ فِي الإختِبارِ، صَدَّقَ التَّلاميذُ مَقُولَةَ حَسَنِ، صَرَّخَ الْوَلَدُ مِنْ شِدَّةِ الْأَلَمِ، هُمْ يُعَدِّلُونَ الْقَانُونَ مَرَّةً فِي كُلِّ سَنَةٍ ، قَبَّلَ أَسْخاتْ يَدَ أُسْتاذِهِ اِحْتِراماً لَهُ، قَوَّمَتْ الْمَرْأَةُ أَخْلاقَ اِبْنَتِها، قَصَّرَ الْمُسافِرُ صَلاتَهُ، كَبَّرَ الْمُسْلِمُونَ يَوْمَ الْفَتْحِ، نَبَّهَتْنِي أُمِّي مِنْ النَّوْمِ، الْعَصَا يَسَّرَ المَشِيَ.

Аудармасы

Мұхаммед кітабын екі жылда жазып бітірді. Қыз әкесінің дұғасынан кейін әмин деді. Суды ішпей тұрып суытасың. Мұсылман құран оқығаннан кейін иманнын жаңартады. Анаңның сезімдерін жаралама. Жұма күні туыстарымды жинадым. Қазы екі адамға үкім берді. Сұңқар таудың үстінде қалықтады. Оған (Аллаға) аспандағылар мен жердегілер мадақ айтады. Төсенішті қызылға боядыңдар. Ауыл тұрғындары ұры жайында хабарлады. Әскер басшы әскери жоспарды ойластырды. Мектепте он жыл сабақ беремін. Хасан Мұхаммедті қаланың ішінде қыдыртты. Мұса кедейлерге барлық қойларын сойды. Махмуд қонағы Хасанды қошеметтеді. Бала әкесінің сөзін қайталайды. Заттарды автокөліктің үстіне мінгізді. Анам тамақты қыздырды. Құранды ұстазыма естіртемін. Емтиханда ұстаз қаттылық танытты. Оқушылар Хасанның сөзіне сенді. Бала қатты ауру батқандықтан айқайлап жіберді. Олар заңды жылына бір рет өзгертеді. Асхат құрмет ретінде ұстазының қолын сүйді. Әйел өзінің қызының мінезін жөндеді. Жолаушы намазын қысқартты. Жеңіс күні мұсылмандар тәкпір айтты. Анам ұйқыдан оятты. Таяқ жүруді жеңілдетті.