Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалык араб тілі.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

Аудармасы

Сынып ішінде

Мұғалім: Әй, Әли терезені аш.

Әли: Ол ашылмайды ысырмасы майысып қалған.

Мұғалім: Қисығын түзеуге болмай ма?

Әли: Тырыстық бірақ түзеуге шамамыз келмеді.

Мұғалім: Бетің қызарып кетіпті Ахмет сен ашулы сияқтысың.

Ахмет: Ия, Жағфардың мазақ қылғанынан ашуланып тұрмын.

Мұғалім: Тұр Жағфар дәрет ал. Алла тағаланың Хужурат сүресіндегі сөзін естіген жоқсың ба: (Әй мүміндер! Бір ел, бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер, әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар.)

Жағфар: Әлбетте естідім Алладан кешірім сұраймын және тәуба қыламын.

Мұғалім: Дәптеріңді ал Аюб (дәптерін оған береді) нахудан (араб тілі грамматикасы) әлсіз екенсің саған біраз күш жұмсау қажет.

Аюб: Алла жазса.

Мұғалім: Хамид аятты оқы.

Хамид: (Истиғазадан кейін) 1: Қиямет күні кей беттер ағарып, кей беттер қараяды. Сонда қара беттерге: «Иман келтіргеннен кейін қарсы келдіңдер ме? Ендеше, қарсы келулерің себепті азапты татыңдар!»,- (делінеді.)(107) Ал енді ақ жүзділер, Алланың рахметінде болады да, олар онда мәңгі қалады.

Мұғалім: Аюб хадис оқы.

Аюб: Анас ибн Мәликтен Алла одан разы болсын пайғамбарымыздан (с.а.у) келген хадисте: «Ол жемісті піскені байқалғанша сатуға тиым салған. Құрма заһу болғанға дейін. Заһу болу деген не деп сұралғанда: қызару, немесе сарғаю» деді.

Жаңа сөздер

Арабша

Аудармасы

Арабша

Аудармасы

مِزْلاجُها

ысырмасы

ألَا يُمْكِنُ

мүмкін емес пе?

تَقْوِيمٌ

дұрыстау

اِعْوِجاجُهُ

қисайғанын

وَلَمْ نَتَمَكَّنْ

шамамыз келмеді

مُحْمَرٌّ

қызарған

كأنَّكَ غَضْبانُ

ашулы секілдісің

أغْضَبَنِي

ашуландырды

بِسُخْرِيتِهِ منّي

мені келеке етті

قُمْ

тұр

وَتَوَضَّأْ

дәрет ал

بَلَى

әлбетте

وَأَتُوبُ إلَيْهِ

тәуба қыламын

يَجِبُ عَلَيْكَ

саған міндет

أَنَّه نَهَى

ол тыйым салды

الثَّمَرَةُ

жеміс

حَتَّى يَبْدُوَ صَلاحُها

піскенге дейін

النَّخْلُ

құрма

حَتَّى يَزْهُوَ

піскенге дейін (құрма)

Тапсырмалар:

1-жаттығу: Атыфтарды жаттау және қолданып сөйлем құрау

2-жаттығу: 9-бап етістігіне мән беру және етістіктерін жаттау.

3-жаттығу: Төмендегі құран аяттарынан отызыншы сабақтағы атыфтарды табу.2

  1. وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ اتَّبِعُوا مَا أَنزَلَ اللَّهُ قَالُوا بَلْ نَتَّبِعُ مَا أَلْفَيْنَا عَلَيْهِ آبَاءَنَا أَوَلَوْ كَانَ آبَاؤُهُمْ لَا يَعْقِلُونَ شَيْئًا وَلَا يَهْتَدُونَ 

  2. وَمَا ظَلَمْنَاهُمْ وَلَٰكِن ظَلَمُوا أَنفُسَهُمْ فَمَا أَغْنَتْ عَنْهُمْ آلِهَتُهُمُ الَّتِي يَدْعُونَ مِن دُونِ اللَّهِ مِن شَيْءٍ لَّمَّا جَاءَ أَمْرُ رَبِّكَ وَمَا زَادُوهُمْ غَيْرَ تَتْبِيبٍ 

  3. قَالَ بَل رَّبُّكُمْ رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ الَّذِي فَطَرَهُنَّ وَأَنَا عَلَىٰ ذَٰلِكُم مِّنَ الشَّاهِدِينَ

Ескерту: Қосымша мәліметті аудио дисктегі 30-сабақтан ала аласыз.