Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалык араб тілі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

Міндет амалдар

Көптеген мұсылмандар әрбір мұсылманға міндетті болған амалдарды біле бермейді ол келесі амалдар:

  • Ол үшін өзінің Раббысының алдындағы міндетін ұмытпауы тиіс. Ол намаз оқуға, зекет беруге, қажылық жасауға міндетті.

  • Ол үшін өзінің жанұясының алдындағы міндеттемелерін ұмытпауы тиіс, ол сондай-ақ балаларына ислами тәрбие беруге олардың қажеттіліктерін өтеуге міндетті.

  • Ол үшін өзінің отанының, қоғамының алдындағы міндеттерін ұмытпауы тиіс. Осы жолда ілімде, амалда күш салуы қажет.

Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің сөзінде бұл турасында былай деп бекіткен«Барлықтарың бақташысыңдар және әркім қарамағындағыға жауап береді. Имам (басшы) да бақташы. Ендеше ол да қарамағындағыларға жауапты. Ер кісі де отбасы мүшелерінің бақташысы. Олай болса, ол да қарамағындыларға жауапты. Әйел де күйеуінің үйіне бақташы. Ендеше ол да қарамағындағыға жауапты. Қызметші де қожайынының дүниесіне бақташы. Ендеше ол да қарамағындағыға жауапты»1.

Жаңа сөздер

Арабаша

Аудармасы

Арабаша

Аудармасы

الْوَاجِبَاتُ

міндеттемелер

لاَ يَعْلَمُ

білмейді

كَثِيرٌ

көп, көптеген

عَلَى كُلِّ

әрбір үшін

الَّتِي تَجِبُ

міндет болған

مُسْلِمٌ

мұсылман

أَنْ يَقُومَ بِها

жасайтын

الْآتِيَةُ

келесі

عَلَيْهِ

ол үшін міндет

أَنْ لاَ تَنْسَى

ұмытпау

أَمامَ رَبِّهِ

Раббысының алдында

مَسْؤولٌ عَنْ

жауапты

الصَّلاةُ

намаз

الزَّكاةُ

зекет

الْحَجُّ

қажылық

غَيْرِ ذَلِكَ

одан басқа

الْفَرائِضُ

парыздар

أمامَ الْأُسْرَةِ

жанұясының алдында

تَرْبِيَةُ الْأَوْلاَدِ

балалар тәрбиесі

تَرْبِيَةً إِسْلامِيَةً

ислами тәрбие

وَ أَيْضاً

тағы

أمامَ الْوَطَنِ

Отанының алдында

الْمُجْتَمَعُ

қоғам

نَفَقَةُ الْبَيْتِ

үйдің қажеттілігі

أَنْ يَجْتَهِدَ

күш жұмсау

وَ عَلَيْهِ

және оған міндет

فِي الْعِلْمِ

білімде

الْعَمَلُ

амал

قَدْ أَكَّدَ

бекітті

كُلُّكُمْ

сендерің әрбірің

رَاعٍ

бақташы

رَعِيَتُهِ

баққанына

الْإِمَامُ

имам (басшы)

الرَّجُلُ

ер адам

فِي أَهْلِهِ

отбасына

الْمَرْأَةُ

әйел адам

رَاعِيَةُ

баққанына

فِي بَيْتٍ

үйде

زَوْجُهَا

күйеуінің

الْخَادِمُ

қызметші

فِي مَالِ

мал мүлік

سَيِّدُهُ

қожайынының

Тапсырмалар:

1-жаттығу. Қосымшалардың қолдану тәсіліне мән беру, және төрт сөйлем құрау.

2- жаттығу. Қосымшалардың тәуелді есімдігімен байланысқан тұсына мән беру сөйлемдерден тауып айшықтау.

3-жаттығу. Төмендегі құран аяттарынан он төртінші сабақта өткен қосымшаларды тауып, Құранда жазылғандай мағынасын айту1:

  1. بَلْ نَتَّبِعُ مَا أَلْفَيْنَا عَلَيْهِ آبَاءَنَا

  2. إِنَّ الْبَقَرَ تَشَابَهَ عَلَيْنَا 

  3. لَا يُخَفَّفُ عَنْهُمُ الْعَذَابُ

  4. كَانُوا عَنْهَا مُعْرِضِينَ

  5. رَبَّنَا أَفْرِغْ عَلَيْنَا صَبْرًا

  6. ثُمَّ عَفَوْنَا عَنْكُمْ مِنْ بَعْدِ ذَلِكَ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ  

Ескерту: Қосымша мәліметті аудио дисктегі 14-сабақтан ала аласыз.